Ауыл мектептерінің 1-9 сынып оқушылары арасында «Желбіре жеңіс жалауы» тақырыбындағы қашықтан облыстық бейнеролик конкурсының қорытынды ақпараты

2021 жылдың 30 сәуірі күні ауыл мектептерінің 1-9 сынып оқушылары арасында «Желбіре жеңіс жалауы» тақырыбындағы қашықтан облыстық бейнеролик конкурсы өткізілді.

Конкурстың мақсаты мен міндеттері: оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру және оқушыларды Ұлы отан соғысымен, Қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой өрісін дамыту. Сонымен қатар, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және өзіндік жұмыс жасауға белсендіру, жастарды медиашығармашылыққа еліктіру, бос уақытын тиімді пайдалануға үйрету.

Облыстық бейнеролик конкурсына 37 оқушы қатысып, 9 оқушы облыстық білім басқармасының І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарына ие болды.

І дәрежелі диплом иегерлері:

Алдажарова Айару- Қазалы ауданы, №17 мектебінің 3 сынып оқушысы;

Жақсылық Роза- Қазалы ауданы, №249 мектебінің 7 сынып оқушысы;

 

ІІ дәрежелі диплом иегерлері:

Әлібекұлы Дильмухаммед- Сырдария ауданы, №36 мектебінің 4 сынып оқушысы;

Қайратұлы Бақдәулет- Сырдария ауданы, №137 мектебінің 4 сынып оқушысы;

Қазиев Жандос- Қазалы ауданы, №146 мектебінің 8 сынып оқушысы.

 

ІІІ дәрежелі диплом иегерлері:

Әмір Айару- Қармақшы ауданы, №269 мектебінің 1 сынып оқушысы;

Науан Кәусар- Қазалы ауданы, №249 мектебінің 2 сынып оқушысы;

Шынтемір Айжан- Қазалы ауданы, №102 мектебінің 5 сынып оқушысы.

Дарушова Балауса- Шиелі ауданы, №41 мектебінің 8 сынып оқушысы.