А.Фейзулдаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен облыстық пәндік олимпиадасы туралы

2018 жылғы 21 қараша күні Қызылорда облысының білім басқармасының “Дарын”облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №3 мектеп-интернат базасында 7-9 сынып оқушыларына арналған Сыр елінің біртуар азаматы, ұлағатты ұстаз, білікті басшы, Қазақстан Республикасының «Оқу үздігі» белгісінің иегері Фейзулдаев Арасат Фейзілдаұлы атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен облыстық олимпиада өтеді.

Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері
– Оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
– Дарынды оқушыларды қолдау үшін қажетті жағдай жасау, оқушылар арасында ғылым мен білімді кеңінен тарату.
– Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білімдерін жетілдіру мен тереңдету;
– Патриотизмді, азаматшылықты дамыту, ұлттық мәдениетке, дәстүрлерге деген қабілеттерін дамыту.

Олимпиадаға қазақ тілінде білім беретін мектептердің 7-9 сынып оқушылары ерікті түрде қатыса алады.
Олимпиада екі кезеңде өткізіледі:
І (іріктеу) кезеңі – а.ж. 24 қазанға дейін қалалық/аудандық жалпы білім беру ұйымдарының 7-9 сынып оқушылары арасында өткізіліп, ұсыныстар а.ж. 26 қазанға дейін syrdaryny@mail.ru электронды поштасына қабылданады.
ІІ (қорытынды облыстық) кезеңі – а.ж. 21 қараша күні Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №3 мектеп-интернат базасында өткізіледі.
Олимпиаданың қорытынды кезеңіне бірінші кезеңнің жеңімпаздары қатысады. Әр ауданнан (қаладан), облыстық мекемелерден 3 оқушы қатысады: 7 сынып – 1 оқушы, 8 сынып – 1 оқушы, 9 сынып – 1 оқушы.
Олимпиада екі айналымда өткізіледі:
1 айналым (жазбаша) – эссе;
2 айналым (тест) – қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша берілген тест сұрақтарына жауап жазады.

Басталу уақыты сағат – 10:00
Тіркеу уақыты сағат – 9.30

Облыстық білім басқармасы басшысының бұйрығымен олимпиаданы ұйымдастыру комиссиясы мен қазылар алқасының мүшелері бекітіледі. Олимпиаданың кезеңдеріне дайындық жұмыстары мен оларды өткізу «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы жүзеге асырады.
Олимпиада тапсырмалары «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының мөрі басылған дәптерлерде көк пастамен орындалады.

Қорытынды кезеңнің жеңімпаздары облыстық білім басқармасы басшысының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады
Жеңімпаздар мәліметі ұйымдастырушылардың жүргізіп отырған әлеуметтік желілердегі парақшаларында (vkontakte: Сыр Дарыны, instagram: syrdaryny, facebook: Сыр Дарыны) жарияланатын болады.