“Дарын” қосымша білім беру орталығы 21 маусымда Қызылорда қаласы және облыстық бойынша білім басқармаларындағы жауапты мамандарға Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру ES.IAC.KZ порталы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
“Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру” қызметі бойынша Egov.kz электронды үкіметі арқылы Ата-ана және заңды өкілдері өтінішті жіберу бойынша және автоматтандырылған порталға кіру және жұмыс жасау жолдары таныстырылды.
Бейне жазба бойынша ссілтеме: https://youtu.be/aNpOULAVmcI
Ұйымдастырушы: Қызылорда облыстық білім басқармасына қарасты “Дарын” қосымша білім беру орталығының “Ақпараттық технологиялар және баспа қызметі” бойынша әдіскері Қонақбай Жәнбек.