«1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына арналған «Бала тілі – бал» тақырыбында қашықтан  сырттай облыстық бейнеролик байқауының ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ережелер

 1.1 Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының 2020-2021 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес «1 маусым-Халықаралық балаларды қорға күніне орай, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің арасында «Бала тілі-бал» тақырыбындағы қашықтан сырттай облыстық бейнеролик байқауын (бұдан әрі-Байқау) өткізу.

 1.2 Байқауды ұйымдастырушылар:

Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы

 

  1. Байқаудың мақсаты: Балалардың шапшаң, тез ойлау қабілеттерін дамытумен қатар, еркін сөйлеуге дағдыландыру, тәрбиеленушілердің шығармашылық белсенділігін дамыту.

 

  1. Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі:

3.1 Байқаудың ІІ кезеңі а.ж 28 сәуір күні Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы базасында қашықтан сырттай өткізіледі.

3.2 І кезеңі бойынша қорытынды жұмыстарды (аудандық/қалалық) а.ж 26 сәуірге дейін жинақтап және байқауға қатысу өтінімі мен жұмыстарды kosymsha.bilim.bery@mail.ru электронды почтасына жіберу қажет.

3.3 Байқауға көрсетілген мерзімінен кейін келген бейнероликтер қабылданбайды, көрсетілген талаптарға сай емес бейнероликтер қатыстырылмайды.

  1. Байқаудың рәсімделу талаптары мен шарттары:

Әрбір баланың балалық шағының қызықты күндері мен тәтті қылықтарын, қызықты әңгімелерін, ұмытылмас сәттері жайлы, достары туралы бейнеролик жасап, таспалап электронды почтаға жолдау. Байқауға 1 қатысушы тек 1 ғана бейнеролик ұсына алады.

4.1 Байқауға қойылатын техникалық талаптар:

  • Бейнеролик MP4, M4V, MOV, MPG, MPEG форматында қабылданады.
  • Бейнероликтің сыйымдылығы – 1280х 720 пиксел.
  • Бейнероликтің ұзақтығы – 3 минуттан аспау қажет.
  • Бейнероликтің қазақ немесе орыс тілдерінде қабылданады.

 

  1. Бағалау критерийлері

-бейнероликтің мазмұны

-құрылымының сапалылығы

– ойдың ерекшелігі, креативтілігі

-бейнероликтің сапасы

-жұмыстың техникалық орындалуы

-бейнероликтің монтаждалуы

Жұмыстар 10 баллдық жүйемен бағаланады.

Марапаттау

Үздік деп танылған жұмыстардың авторлары облыстық білім басқармасының       І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталып, орталықтың әлеуметтік желілерінде жарияланатын болады.

Әзірленген бейнероликтерді kosymsha.bilim.bery@mail.ru электронды поштасына қалалық/аудандық білім бөлімдерінің ұсынысымен а.ж. 26 мамырына дейін жолдану қажет.