«Жазғы саяхат» облыстық (әлемдік мұражайларға, туған өлкесінің мұражайларына) виртуалды саяхат атты бейнероликтер байқауының

ЕРЕЖЕСІ

 

1.Жалпы ережелер

 

        Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы  жазғы демалыс кезінде балалардың 7-13 маусым аралығында 5-8-сынып оқушылары арасында «Жазғы саяхат» тақырыбында (әлемдік мұражайларға, туған өлкесінің мұражайларына) виртуалды саяхат атты бейнероликтер байқауын (бұдан әрі байқау) өткізеді.

 

1.1. Осы ереже мектеп оқушылары арасында өтетін «Жазғы саяхат» байқауының мақсаты мен міндеттерін, өткізу тәртібін айқындайды.

1.2. Байқаудың мақсаты – мектеп оқушылары арасында әлемнің, туған жерінің мұражайларына виртуалды саяхат жасауды ұйымдастыру, оларды  насихаттау, талантты және дарынды оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық шеберлігін шыңдау.

1.3. Міндеттері:

  • Әлемнің және туған өлкесінің мұражайларымен танысуға мүмкіндік жасау, эстетикалық талғамын арттыру;
  • Мұражайларды танып-білу, насихаттау арқылы  рухани, материалдық құндылықтарды, қазақстандық патриотизмді дәріптеу.
  • Оқушылардың зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

 

  1. Байқау шарттары

            Байқау 2 бағыт бойынша өткізіледі.

  1. «Әлемдік мұражайларға саяхат» бағыты бойынша байқауға қатысушы әлемдегі үздік мұражайларға  виртуалды саяхат жасап, 5-7 минуттық бейнеролик түрінде ұсынады.
  2. «Туған жерімнің мұражайы» бағыты бойынша байқауға қатысушы туған жеріндегі мұражайға виртуалды саяхат жасап, 5-7 минуттық бейнеролик түрінде ұсынады.

Мұражайларға виртуалды саяхатты 2 қатысушы жасауға болады.

 

  1. Байқауды өткізу тәртібі

            Байқау екі кезеңде өткізіледі:

– аудандық  (қалалық) ү.ж. 9 маусымында өткізіліп, «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығына қалалық, аудандық білім бөлімі тарапынан хаттамаланып, жеңімпаздардың сұранысы кестеге сәйкес жолдану керек.

– облыстық кезең ү.ж. 11 маусымында  өткізіледі. Аудандық (калалық) кезеңнің женімпазы байқаудың облыстық кезеңіне қатыса алады. Байқауға қатысу сұранысы төмендегідей толтырылады:

 

Оқушының аты-жөні

Аудан, қала

Мектебі

Сыныбы

Қатысатын бағыты

Жетекшінің аты-жөні, байланыс телефоны

 

 

 

 

 

 

 

  1. Байқау жеңімпаздарын марапаттау

           Байқау жеңімпаздары «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.