Сәтбаев атындағы химия пәнінен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы туралы ақпарат

2018 жылғы 10 қазан күні Қызылорда қаласындағы №278 орта мектеп базасында КСРО-ның Орта Азия мен Қазақстаннан шыққан тұңғыш академигі, Қазақстан ғылым Академиясының тұңғыш президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаев атындағы химия пәнінен республикалық олимпиадының облыстық кезеңі өтті.

Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері: тұлғаның өзін-өзі тануына жәрдемдесу, дарынды балаларды анықтауға жағдай жасау, жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын тереңдету.

Олимпиаданың облыстық кезеңі 2 турда өтті:
І тур – теориялық тур
ІІ тур – практикалық тур

Олимпиаданың облыстық кезеңіне 42 оқушы қатысып, 20 оқушы жүлделі орындарға ие болды.

ІІ дәрежелі диплом иегерлері:
– Мирамбек Ернар – №9 БИЛ

– Базарбекова Диана – қызылорда қаласы, №140 мектеп

ІІІ дәрежелі диплом иегерлері:
– Сайран Ақниет – Арал ауданы, № 14 мектеп
– Төлеуханова Диляра – Арал ауданы, №62 мектеп
– Сабырбаева Амина – Арал ауданы, №83 мектеп
– Дәкен Лаура – Қазалы ауданы, №249 мектеп
– Шаухатбеков Данияр – Қармақшы ауданы, №183 мектеп
– Шылмырзаева Аружан – Қармақшы ауданы, №277 мектеп
– Ережеп Ұлдана – Жалағаш ауданы, №201 мектеп
– Қуандық Жансая – Жалағаш ауданы, №123 мектеп
– Қайратқызы Гүлсән – Сырдария ауданы, №210 мектеп
– Есболат Мағжан – Шиелі ауданы, №127 мектеп
– Ерғали Биғали – Қызылорда қаласы, №218 мектеп
– Ғабдолқызы Аягөз – Қызылорда қаласы, №15 мектеп
– Құдайберген Ситора – Қызылорда қаласы, №136 мектеп
– Телеуова Мақпал – №4ОДМИ
– Назарбаева Зарина – №4ОДМИ
– Абдулхай Заманай – №4ОДМИ
– Талғат Қазбек – №9 БИЛ
– Серхожа Бибідана – №10 БИЛ