Жалпы білім беру ұйымдарының 8-14 жас оқушылары арасында «Отбасым- алтын бесігім» тақырыбы бойынша «Отбасылық ас үй шеберлік сыныбы» тақырыбында қашықтан облыстық бейнеролик байқауы өтетіндігін хабарлаймыз!
Байқаудың талаптары
1. Қатысушы жеке өзі немесе ата-анасымен өзі дайындаған тағамның дайындалу барысын түсіндіре отырып 3-4 минуттан аспайтын бейнеролик ұсынуы қажет.
2. Байқауға 8-14 жас оқушылары және ата-аналар қатыса алады.
3. Бейнероликтерді а.ж. 17 маусымға дейін @syrdaryny және @onlain_vacation_qzo парақшаларына тіркеліп, өзіңіздің инстаграм парақшаңызда @syrdaryny парақшасын белгілеп, #отбасылықасүй, #елүмітімін хештегтерін жазу арқылы орналастыру керек.
4. Осы посттың астына 3 досын белгілеп,пікір қалдыру қажет.
5. Қатысушы парақшасы ашық болуы шарт.
6. Байқауға тек жеке парақшалар қатысады (интернет магазин, конкурс үшін ашылған аккаунттар, фейк парақшалар қатыса алмайды).
7. Жүктелген бейнеролик астына қатысушы өзі жайлы ақпарат жазуы шарт (ауданы/қаласы, мектебі, сыныбы, толық аты-жөні).
Жеңімпаз оқушылар «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен және Алғыс хаттарымен марапатталады.