Табиғатты аяла» (облыстық біздің ауылдың, ауданның, қаланың көшелері) онлайн презентациясының ЕРЕЖЕСІ

        Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы  жазғы демалыс кезінде балалардың 21-27 маусым аралығында 8-10 сынып оқушылары арасында «Табиғатты аяла» тақырыбында (облыстық біздің ауылдың, ауданның, қаланың көшелері) онлайн презентация байқауын (бұдан әрі байқау) өткізеді.

 

1.1. Осы ереже мектеп оқушылары арасында өтетін «Табиғатты аяла» байқауының мақсаты мен міндеттерін, өткізу тәртібін айқындайды.

1.2. Байқаудың мақсаты –балалардың, ауылымыздың тұрмысымен, алған білім әсерлері арқылы қиялдауға, табиғаттың сұлулығын сезіне білуге, шығармашылығын дамытып, туған ауылының қасиетін, қадірін біліп, құрметтеуге, сүюге тәрбиелеу. Отанға, туған ауылына деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық сезімге баулу.

 

  1. Байқау шарттары
    • Байқауға қатысу туралы сұранысты қалалық, аудандық білім бөлімі тарапынан хаттамаланып, жеңімпаздардың сұранысы төмендегі кестеге сәйкес 2021 жылдың 22 маусым күні сағат 18:00 ге дейін kosymsha.bilim.bery@mail.ru электронды поштасына жолдануы керек. Көрсетілген уақыттан кеш жіберілген жұмыстар қабылданбайды
    • Облыстық кезең ү.ж. 24 маусымында өткізіледі. Аудандық (калалық) кезеңнің женімпазы байқаудың облыстық кезеңіне қатыса алады.
    • Бейнеролик ұзақтығы 5-7 минуттан аспау қажет
    • Бейнероликтер қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.
    • Бейнероликке қатысушы өзі жайлы ақпарат жазуы шарт (аудан/қаласы, білім беру ұйымының толық атауы, сыныбы, жетекшісі) және 1 қатысушы тек 1 бейнеролик ұсына алады.
    • Жіберілген бейнероликтер бұрын соңды ешқандай конкурстарға қатыстырылмаған, марапатқа ие болмаған болуы қажет.

 

  1. Байқауды өткізу тәртібі

Оқушының аты-жөні

Аудан, қала

Мектебі

Сыныбы

Жетекшінің аты-жөні, байланыс телефоны

 

 

 

 

 

 

  1. Байқау жеңімпаздарын марапаттау

           Байқау жеңімпаздары «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.