Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 20 мамырдағы №3-15-6/1895-И санды хатында көрсетілген, демалыс кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру Тұжырымдамасына сәйкес, жалпы білім беру ұйымдарының 5-7 сынып оқушылары арасында «Қайырымдылық жолымен» атты Жас ұландықтардың үлкендерге, табиғатқа қамқорлығы жөнінде шақыру тастау (челлендж) (бұдан әрі – Челлендж).
Челленджді ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.
Челлендждің мақсаты мен міндеттері:
- Білім алушылардың Сыйластық, құрмет, адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
- Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және өзіндік жұмыс жасауға белсендіру;
- Әрбір оқушының жеке қабілетін дамыту, өскелең ұрпақтың бойына бейбітшілік пен ынтымақтастықтың іргетасын қалау, үлкендерге сыйластық, құрмет көрсету үшін дұрыс әрекет жасауға тәрбиелеу.
Челленджді рәсімдеу талаптары мен шарттары:
- @syrdaryny инстаграм парақшасына тіркелуі қажет
- Өз парақшасына салынған видеоға @syrdaryny инстаграм парақшасын белгілеп, #жақсылықжасапжарысайық, #сырдарыны хештегтерін жазу
- Осы посттың астына 3 досын белгілеп эстафетаны жолдайды
- Қатысушылар челлендж арқылы өздері кімнен қабылдағанын айтып, басқа достарына эстафетаны жолдайды.
- Қатысушы парақшасы ашық болуы шарт
- Челленджге жалпы білім беру ұйымдарының 5-7 сынып оқушылары қатыса алады.
- Челлендж ұзақтығы 1-3 минут аралығы.
- Барлық қатысушыларға «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының «Алғыс хатымен» марапатталады.
Челленджді жолдау уақыты: а.ж. 7 шілде – 13 шілде аралығы