«MADENIET ONLINE» айдарында өңірдің мәдениет және өнер, спорт қайраткерлерімен кездесу ЕРЕЖЕСІ

«MADENIET ONLINE» айдарында өңірдің мәдениет және өнер, спорт қайраткерлерімен кездесу
ЕРЕЖЕСІ

 

Лагерь тынығушылары арасында

 

Қызылорда облысының білім басқармасының 2021 жылдың
28 мамырдағы №115нқ/1 санды бұйрығына сәйкес демалыс кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру Тұжырымдамасы бекітілген. Тұжырымдама жоспарына сәйкес а.ж. 19-25 шілде аралығында өңірдің мәдениет және өнер, спорт қайраткерлерімен «MADENIET ONLINE» атты кездесу ұйымдастырып өткізу жоспарланған.

 

1.1. Осы ереже лагерь тынығушылары арасында «MADENIET ONLINE» атты кездесудің мақсаты мен міндеттерін, өткізу тәртібін айқындайды.

 

1.2 Кездесудің мақсаты мен міндеттері –Ұрпақтар сабақтастығын үзбей жалғастырып, өнер, спорт, мәдениет және өнер жолын үлгі ету. Өнердің шығармашылық жетістіктерін анықтау және талантты, өзіндік ерекшелігі бар шығармашылық ұжымдар мен орындаушыларды қолдау, барлық жас топтарындағы дарынды адамдардың кәсіби шеберлігін жетілдіру;

 

2.Қорытындылау

Әрбір лагерь тынығушылары арасында өткізілген кездесу туралы ақпаратты әлеуметтік желіде (Facebook) және (Instagram) #Сырдарыны хештегімен белгілеп кеңінен таратуы тиіс.