№2 облыстық дарынды балалалрға арналған мектеп-интернаты

Мекеме толық атауы: «Қызылорда облысының білім басқармасының «№2 облыстық дарынды балалалрға арналған мектеп-интернаты»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Мекен-жайы:  Арал қаласы, Бақтыбай батыр көшесі 127.
Ашылу тарихы: 1961 жылы №220 орта мектеп жанындағы мектеп-интернат болып ашылып, Арал ауданының балықшылар мен малшы отбасыларының балалары жатқызылған. Кейін дербес №2 мектеп-интернаты болып қайта ашылса,  2002 жылдан бастап №2 Облыстық арнаулы санаториялық мектеп-интернаты болып құрылып, облыстық бюджет есебіне берілді. 2014 жылы «№2 Облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді. 2019 жылдың 17 шілде күнгі Қызылорда облысының әкімінің №12 қаулысына сәйкес «Қызылорда облысының білім басқармасының «№2 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды.
Сыйымдылығы: 200 оқушы
Мектептің алып жатқан ауданы: 2918,5 м2

Жабдықталуы:
1-компьютер кабинеті, 1-физика кабинеті, 1-химия кабинеті, 1-робототехника кабинеті
53 компьютер, оның 25 – і интернетке қосылған.
Кітапхана. Аудан – 59,5м2, мектеп-интернат кітапханасының қоры -8100, оқулықтар саны – 4200. Оқырмандар саны – 230.
Оқушы саны2020-2021 оқу жылында 180 оқушы оқиды. Барлығы 10 сынып комплектісі.  5-сынып – 37 оқушы, 6-сынып – 48 оқушы, 7-сынып – 23 оқушы, 8-сынып – 32 оқушы, 9-сынып – 16 оқушы, 10-сынып – 9 оқушы, 11 – сынып – 15 оқушы
Бағыты: Жаратылыстану-математикалық

Мұғалімдер туралы мәлімет: мектеп-интернатта 32 мұғалім қызмет етеді.
Мұғалімдердің санаты:
Жоғары санатты – 2, І санатты – 6, ІІ санатты – 1, санат жоқ – 5, «педагог-зерттеуші» -2, «педагог-сарапшы» -8, «педагог-модератор» – 8 .
Еңбек өтілі:
3 жылға дейін – 4, 3-10 жыл – 11, 10-20 жыл – 8, 20 жоғары – 9.
Мұғалімдердің жас ерекшелігі:
30 жасқа дейін – 10, 31-40 жас – 11, 41-50 жас – 4, 50 ден жоғары – 7

 

ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ
«№2 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне  қабылдау 5 – сыныпта  
(ағымдағы жылы 4 сынып) жүзеге асырылады.
Құжаттарды онлайн – тіркеу және қабылдау 2021 жылғы 1 наурыз бен 25 сәуір аралығында  qabyldau.daryn.kz сайтында өтеді.
Сонымен бірге, баланың ата-анасы/заңды өкілі 2021 жылғы 1 наурыз бен 25 сәуір аралығында «№2 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  тіркеуден өте алады.

Тіркеу кезінде қажетті құжаттар:
1) баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш (үлгі бойынша);
2) ЖСН көрсетілген үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3) үміткердің оқу орнынан ұйымның мөрімен расталған фотосуреті бар анықтамасы;
4) үміткердің 3х4 көлеміндегі 2 дана фотосуреті (фотосуретке талаптар:).
* барлық құжаттар PDF немесе JPEG форматында қабылданады.

Конкурстық іріктеу 1-20 маусым аралығында өткізіледі.

Өткізу формасы: тестілеу (офф-лайн).
Конкурс «Дарын» орталығының алдын-ала анықтаған тірек мектептерінің базасында әр аймақта өтеді.

5-сыныпқа түсушілер үшін – келесі пәндер бойынша 40 сұрақ;
математика және логика – 30 сұрақ;
оқу сауаттылығы – 10 сұрақ;
5- сыныпқа тестілеуге бөлінген уақыт – 60 минут.