«MADENIET ONLINE»  атты мәдениет және өнер, спорт қайраткерлерімен  кездесу

 «Демалыс кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру» тұжырымдамасы бойынша «Онлайн каникул» жобасының іс-шаралар жоспарына сәйкес «MADENIET ONLINE»  атты мәдениет және өнер, спорт қайраткерлерімен  кездесу  жоспарланған.

Қызылорда облысы білім басқармасының” Облыстық қосымша білім беру және олимпиадалар орталығы” лагерь тынығушыларымен алғашқылардың бірі болып мәдениет және өнер қайраткерімен кездесу ұйымдастырды.

Лагерь тынығушыларымен кездесуге Жаңақорған ауданына  танымал тұлға, талантты өнерпаз, ұлағатты ұстаз, көптеген облыстық жазба ақындар мүшайрасының жүлдегері, «Шағала қыз», «Зұлматты жыл», «Бәден Айсыновқа арнау» т.б. өлеңдерінің авторы, ақын-Ерсұлтан Мұстафаев келді. Сұхбат кезінде ақын өмірбаяны, балалық шағы қалай өткендігі жайлы әңгіме өрбітті. Өнер иесі өзінің шығармашылық өмірге қалай келгендігін,  жазған еңбектері жайлы да сөз қозғады. Ақын жастардың бойында патриотизмнің қалыптасуы, азаматтық ұстаным, туған жерге деген сүйіспеншілік, ынтымақ пен бірлікті арттыру туралы келелі ой-толғамдарын ортаға салды.

Лагерь тынығушылары іс-шарада ақынның өлең шумақтарын жатқа айтып, ақынға көптеген сұрақтар қойды. Кездесу соңында ақын Ерсұлтан Мұстафаев лагерь тынығушыларымен естелік суреттерге түсті.