Хамзин Елнұр Бақытбекұлын құттықтаймыз!

   №9дарынды балаларға арналған облыстық “Білім-инновация” лицей-интернатының 2020-2021 оқу жылы түлегі, Алтын белгі иегері Хамзин Елнұр Бақытбекұлының SAT(ЭсЭйТи-САТ) халықаралық стандартталған тест сертификаты Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №600 бұйрығы бойынша бекітілген шкала негізінде SAT балдарыҰБТ балдарына ауыстырылып, 140 балл иеленді.
Оқушымыздың максималды балл жинауын мақтанышпен жариялай отырып, ұстаздарына алғыс айтамыз! Хамзин Елнұрға үздік жоғары оқу орындарына білім алуына сәт сапар тілейміз!
Болашағың жарқын болсын, Елнұр!