«Күй тартыс» атты қашықтан облыстық байқаудың ШАРТТАРЫ

 

 Жалпы білім беру ұйымдарының 5-8 сынып оқушылары арасында
онлайн «Күй тартыс» атты  қашықтан облыстық байқаудың  

 ШАРТТАРЫ

 

Байқауды  ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.

 

Байқаудың мақсаты мен міндеттері

  • Музыкалық өнер саласында дарынды оқушыларды анықтау, музыкалық шеберлікті арттыру және жас музыканттардың шығармашылық әлеуетін дамыту;
  • Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және эстетикалық тәрбиелеу үшін жағдай жасау;
  • Белсенді жас домбырашылар арасында тәжірибе алмасу, іріктеу және анықтау;
  • Жас домбырашылардың кәсіби өсуі үшін жаңа білім алуға және музыка саласында өзін-өзі жетілдіруге қажетті жағдай жасау;

 

Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі

  1. Қатысушы өз еркіне қарай 1 күйді міндетті түрде орындау (домбырада күй тарту);
  2. Талапкер орындаған күйлерінің тарихын баяндау, немесе сол күйді бүгінгі таңға жеткізушілерді атап беру міндеттеледі.
  3. Орындаушы арнайы дайындалған (сахнада, табиғатта, арнаулы орындарда) байқау номинациясына сәйкес келетін бір туындыны ұсына алады. Күйді орындауын жетекші сапалы түрде видеоға түсіріп, дайындалған видеоны аудандық/қалалық білім бөлімдерінің ұсынысымен 2021 жылдың 29 шілдеге дейін syrdaryny@mail.ru электронды поштасына жолдау қажет.
  4. Кешіктірілген және осы ережеде көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін, ережеде көрсетілмеген орталықтың басқа пошталарына жіберілген және жеке пошталардан келген видеолар конкурсқа жіберілмейді.
  5. Жеке немесе топтық (елдегі эпидемиологиялық-карантиндік жағдайды ескере отырып, жиыны үш оқушыдан аспайтын) жұмыстар қарастырылады.

 

 

 

Байқаудың рәсімделу талаптары мен шарттары

  1. Жұмыстар қазақ тілінде орындалады.
  2. Байқау шартына сәйкес келетін күйлер ғана қабылданады.
  3. Байқауға қатысушыларға пікір жазылмайды және жұмыстар кері қайтарылмайды.

 

Қазылар алқасы және марапаттау

  1. Ең үздік қатысушыны іріктеу кезінде мыналар ескеріледі:

– Үміткердің орындаушылық шеберлігі;

– Орындалар күйдің тақырыпқа сай болуы;

– Сахна мәдениеті мен киім үлгісі;

–  Киімдердің үйлесімділігі;

– Онлайн түсірілім кәсіби деңгейде түсірілуі қажет

 

Байқаудың жеңімпаздарын марапаттау

  1. Байқаудың жеңімпаздары облыстық «Дарын»   қосымша білім беру орталығының  І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
  2. Байқау нәтижесі 2021 жылдың 2 тамызына дейін syr-daryny.kz ресми сайтында және орталықтың әлеуметтік парақшаларында жарияланады.