«MADENIET ONLINE» ЛАГЕРЬ ДЕМАЛУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

   «Демалыс кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру» тұжырымдамасы бойынша «Онлайн каникул» жобасының іс-шаралар жоспарына сәйкес «MADENIET ONLINE» атты мәдениет және өнер, спорт қайраткерлерімен кездесу жоспарланған.
   Қызылорда облысы білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру” орталығы ұйымдастыруымен «Қамбаш» олимпиадалар және қосымша білім беру орталығының лагерь тынығушыларымен рухани поэзиялық кездесу өткізілді.
   Лагерь тынығушыларымен кездесуге Қызылорда облысының мақтанышына айналған талантты ақын, жазушы, журналист, «Жаныммен жалғыз кешкем мұң», «Жаңбырдағы сағыныш» жыр жинақтарының авторы, көптеген республикалық сыйлықтардың жүлдегері Толқын Қабылша Шахарбекқызы келді. Сұхбат кезінде ақын өмірбаяны, балалық шағы қалай өткендігі жайлы әңгіме өрбітті. Өнер иесі өзінің шығармашылық өмірге қалай келгендігін, жазған еңбектері жайлы да сөз қозғады. Сыр елінің ақыны Толқын Қабылша Шахарбекқызы журналистика қызметін қатар алып жүрген, аяулы жар, ардақты ана.
   Лагерь тынығушылары іс-шарада ақынның өлең шумақтарын жатқа айтып, ақынға көптеген сұрақтар қойды. Кездесу соңында ақын Толқын Қабылша Шахарбекқызы лагерь тынығушыларына жылы лебізін білдіріп, жастарға шын-жүректен алғысын білдірді.