«Әлем күнмен, ал адам біліммен жарық болады» тақырыбында мәнерлеп оқу челленджі

«Әлем күнмен, ал адам біліммен жарық болады» тақырыбында мәнерлеп оқу челленджінің
ЕРЕЖЕСІ

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 20 мамырдағы №3-15-6/1895-И санды хатында көрсетілген, демалыс кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру Тұжырымдамасына сәйкес, жалпы білім беру ұйымдарының 10-18 жас аралығында Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығы мерекесіне орай «Әлем күнмен, ал адам біліммен жарық болады» тақырыбында мәнерлеп оқу челлендж (бұдан әрі  – Челлендж).  

Челленджді ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.

Челлендждің мақсаты мен міндеттері:

– Ыбырай Алтынсарин әңгімелері арқылы балаларды имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
– Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу.
Жастардың бойындағы Қазақ еліне деген құрметін күшейту, патриоттық сезімді арттыру.

Челленджді  рәсімдеу талаптары мен шарттары:

  1. @syrdaryny инстаграм парақшасына тіркелуі қажет
  2. Челленджге 10-18 жас аралығындағы оқушылар қатыса алады.
  3. Қатысушылар челлендж арқылы өздері кімнен қабылдағанын айтып, басқа достарына эстафетаны жолдайды
  4. Қатысушы парақшасы ашық болуы шарт. Челленджге қатысушы Ы.Алтынсариннің 1 өлеңін толығымен мәнерлеп оқу және келесі оқушыға жолдау
  5. Өз парақшасына салынған видеоға @syrdaryny инстаграм парақшасын белгілеп, #мәнерлепоқу, #сырдарыны хештегтерін жазу
  6. Барлық қатысушылар «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының «Алғыс хатымен» марапатталады.

Челленджді жолдау уақыты: а.ж. 9 тамыз – 15 тамыз аралығы

 

Translate/Перевести/Аудару