Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері арасында «Ата Заңым-айбарым» атты қашықтан облыстық патриоттық әндер байқауының
ЕРЕЖЕСІ
Жалпы ережелер
- Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері арасында «Ата Заңым-айбарым» атты қашықтықтан облыстық патриоттық әндер байқауын (бұдан әрі – Байқау) өткізу.
- Байқауды ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.
Байқаудың мақсаты мен міндеттері
- Өнер туындылары арқылы қазақстандық патриотизм мен ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілікті қалыптастыру;
- Еңбекке, адал кәсіби табысқа, отанға қызмет етуге, жоғары патриоттық ниеттерге оң көзқарастар қалыптастыратын жас ұрпақты тәрбиелеуге ықпал жасау;
- Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және өзіндік жұмыс жасауға белсендіру, бос уақытын тиімді пайдалануға үйрету.
Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі
- Орындаушы сахнада арнайы дайындалған бір патриоттық әнді ұсына алады. Байқауға үздік деп танылған қатысушы туралы мәліметті және орындалатын әннің тақырыбын аудандық/қалалық білім бөлімдерінің ұсынысымен 2021 жылдың 19 тамызға дейін elumiti-orda@mail.ru электронды поштасына жолдану қажет. Кешіктірілген және осы ережеде көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін, ережеде көрсетілмеген орталықтың басқа пошталарына жіберілген және жеке пошталардан келген ұсыныстар конкурсқа жіберілмейді.
- Байқаудың облыстық кезеңі Zоом платформасында жеке, дуэт немесе трио түрінде онлайн орындау арқылы өткізіледі.
Байқаудың рәсімделу талаптары мен шарттары
- Байқау шартына сәйкес келетін әндер/өлеңдер ғана қабылданады.
- Байқауға қатысушыларға пікір жазылмайды және қайтарылмайды.
Қазылар алқасы және марапаттау
- Ең үздік қатысушыны іріктеу кезінде мыналар ескеріледі:
– Үміткердің орындаушылық шеберлігі;
– Орындалар әннің тақырыпқа сай болуы;
– Кәсіби сүйемелдеуге көңіл бөлу (аранжировка);
– Әнді жанды дауыспен орындау;
– Сахна мәдениеті мен киім үлгісі;
– Ән айту мәнері мен дауыс ырғағы;
– Киімдердің үйлесімділігі;
– Театрланған қойылымның әнге сәйкестігі.
Байқаудың жеңімпаздарын марапаттау
- Байқаудың жеңімпаздары облыстық білім басқармасы басшысының І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
- Байқау нәтижесі 2021 жылдың 20 тамызында syr-daryny.kz ресми сайтында және орталықтың әлеуметтік парақшаларында жарияланады.