«Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік» тақырыбында қашықтан облыстық эссе байқауының қорытындысы

2021 жылдың 6 тамызы күні  Қызылорда облысының білім басқармасының «Демалыс кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру Тұжырымдамасы» жоспарына сәйкес жалпы білім беру ұйымдарының 11-15 жас оқушылары арасында «Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік» тақырыбында қашықтан облыстық эссе байқауы өткізілді.
 Оқушылар Ел Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай ел тарихындағы жетістіктерді өз ойымен жеткізе білген. Тәуелсіздік жолында еліміздің дамуы кезеңдерін өз туындылары арқылы баяндаған.
Әділ-қазылар алқасының құрамына облыстық тілдерді оқыту орталығының мамандары Б.Төребай, А.Орынбаева және Абай атындағы үш тілде оқытылатын мамандандырылған мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Р.Аймахан шақырылды. Эссенің мазмұнына, тақырыптың ашылуы, ойдың тереңдігіне және жазбаның сапасына қарай әділ бағаланды.
Облыстық эссе байқауына 27 оқушы қатысып, 11 оқушы «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

 

І дәрежелі диплом иегерлері:

  • Темірбай Бейбарыс-Арал ауданы, №2 ОДМИ-дің 6 сынып оқушысы
  • Алтынбай Айханым-Жалағаш ауданы, №201 мектептің 8 сынып оқушысы
  • Сыздық Жадыра-Шиелі ауданы, №47 мектептің 9 сынып оқушысы

ІІ дәрежелі диплом иегерлері:

  • Өміртаева Еңлік-Қызылорда қаласы, №12 ІТ мектептің 6 ынып оқушысы
  • Сұлтан Нұрайым-Қызылорда қаласы, №2 мектептің 8 сынып оқушысы
  • Әбдіжамитова Жұлдыз-Қызылорда қаласы, №10 БИЛ-дің 9 сынып оқушысы
  • Тамабай Айдана-Қызылорда қаласы, №10 БИЛ-дің 10 сынып оқушысы

ІІІ орын иегерлері:

  • Жақсылық Жанерке-Қармақшы ауданы, №80 мектептің 6 сынып оқушысы
  • Жалғас Ақжібек Ерболқызы-Қызылорда қаласы, №10 БИЛ-дің 8 сынып оқушысы
  • Рүстем Ермахан-Жалағаш ауданы, №123 мектептің 9 сынып оқушысы
  • Еркен Ақбота-Қызылорда қаласы, №235 мектептің 9 сынып оқушысы

Марапат иелерін жетістіктерімен құттықтаймыз!!!!!