«Театрдың ғажайып әлемі»театр өнерінің республикалық фестиваль-байқауының облыстық өткізу
ЕРЕЖЕСІ
- Жалпы ережелер
- «Театрдың ғажайып әлемі» театр өнерінің республикалық фестиваль-байқауының облыстық кезенің (бұдан әрі – Фестиваль-байқау) өткізу қағидалары оның мақсатын, міндеттерін, оны ұйымдастыру, өткізу және қорытынды шығару форматы мен тәртібін айқындайды.
- Фестиваль-байқаудың мақсаты: өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбиелеудің, тұлғаның үйлесімді дамуының факторы ретінде балалар мен жастар театр шығармашылығын қолдау және дамыту, өзін-өзі көрсетуге, әлемді эстетикалық және бейнелі түсінуге бірегей қабілеттерді қалыптастыру және дамыту.
- Фестиваль-байқаудың міндеттері:
балалар шығармашылық бірлестіктерінде білім беру қызметінің сапасын арттыру;
өзін-өзі көрсетудің, әлемді эстетикалық және бейнелі түсінудің бірегей қабілеттерін қалыптастыру және дамыту;
сахна мәдениеті мен шеберлігінің жоғары деңгейіне жеткен балалар мен жастар театр ұжымдарын, дарынды орындаушылар мен кәсіби педагогтарды, балалар мен жастар театр ұжымдарын ұйымдастырушыларды анықтау;
балалар мен жастардың жаңа театр ұжымдарын құруды ынталандыру;
балалар мен жастардың бос уақытын сапалы ұйымдастыруға жәрдемдесу;
балалар мен жастар театр ұжымдары арасындағы шығармашылық қарым-қатынас, тәжірибе алмасу үшін жағдай жасау.
- Облыстық Фестиваль-байқауды өткізу уақыты мен орны
- Аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшыларының қолы қойылған байқауға қатысу туралы өтінім, kosymsha.bilim.bery@mail.ru электронды поштасына қабылданады.
- Байқауға қатысушылар
- Қатысушылардың жасы 11-17 жас аралығындағы білім алушылары қатысады.
- Фестиваль-байқауды өткізудің шарттары мен тәртібі
- Байқаудың іріктеу кезеңдері:
1) бірінші кезең – аудандық (қалалық), облыстық;
2) екінші кезең –Республикалық фестиваль-байқау.
- Карантин кезінде Фестиваль-Байқау санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын, дезинфекциялау, кварцтау, желдету режимін сақтай отырып, адамдардың жаппай жиналуына жол бермей немесе қашықтықтан жүргізіледі.
- Фестиваль-байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
1) «драмалық спектакль»;
2) «музыкалық спектакль» (опера, оперетта, мюзкл, балет, данс-спектакль және т. б.).
3) «әдеби-музыкалық композиция»;
4) «қуыршақ қойылымы».
Ұжым спектакльдің немесе әдеби шығарманы сахналаудың мағынасы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде аяқталған байқауға жұмыстарды ұсынады (ұзақтығы 15-20 минуттан аспайды). Фестиваль-байқауға театр ұжымы электрондық поштаға жібереді kosymsha.bilim.bery@mail.ru электронды поштасына жібереді. http://www.youtube.com. арнасында орналастырылған бейнематериалға сілтеме сапалы жұмысын бір роликпен жіберіледі. Әр түрлі қойылымдардың “кесінділері” қарастырылмайды. Спектакльді ұсыну кезінде кейіпкерлерді дыбыстау үшін мәтіннің бұрын жазылған, ескі фонограммаларын пайдалануға жол берілмейді.
- Фестиваль-байқауды кәсіби қазылар алқасы 10 балдық жүйе бойынша бағалайды. Қазылар алқасының шешімі хаттамамен рәсімделеді.
Театр қойылымдарын бағалау критерийлері:
- режиссерлік шешімнің бірегейлігі;
- қойылымның ұжымның жасына және шығармашылық мүмкіндіктеріне сәйкестігі;
- спектакльді, қойылымды көркем безендіру;
- спектакльдің, қойылымның музыкалық безендірілуі;
- орындаушылардың актерлік шеберлігі;
- орындаушылық шеберлік (дикция, интонациялау тазалығы, әртістік);
- құрылған сахналық бейненің сенімділігі.
- Қатысушыларды марапаттау
- Фестиваль-байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, сондай-ақ «Образды бейнелеудегі үздік актер», «Үздік әйел рөлі», «Үздік ер адам рөлі», «Екінші жоспардағы үздік рөлі”, «Көркем сөз», «Үздік орындаушылық шеберлік» номинациялары бойынша марапатталады.
Ережеге Қосымша
Республикалық театр өнерінің фестиваль-байқауына қатысуға өтінім
«Театрдың ғажайып әлемі»
1 |
Білім беру ұйымы |
|
2 |
Ұжым атауы |
|
3 |
Басшының аты-жөні |
|
4 |
Басшының байланыс телефоны |
|
5 |
Қатысушылар саны |
|
6 |
Спектакль атауы |
|
7 |
Жанр бағыты: драмалық, музыкалық, қуыршақ, балет, пантомима; көркем сөз (керегін сызу) |
|
8 |
Шығарма авторы |
|
9 |
Спектакльдің ұзақтығы |
|
Театр ұжымдарының тізімі
№ |
Қала, аудан |
Қатысушының Т.А. Ә. |
Туған күні, ацы, жылы |
Оқу орны, сыныбы |
Номинация атауы |
Байланыс телефондары
|
Жетекші аты-жөні |
|
|
|
|
|
|
|
|