Сабақтың мақсаты: 1989 жылдың 28 ақпанында құрылған «Невада-Семей» қозғалысы өзінің басты мақсаты – Семей полигонын жабумен және ядролық қуатқа ие басқа елдерді де осынау үлгілі тәжірибеге талпындырғаны белгілі. 1991 жылы Семей полигонының жабылуы, 1992 жылы Америка Невададағы өз полигонында сынақтардың тоқтатылуы туралы,1991 жылдың 29 тамызында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Семей полигоны мәңгілікке жабылғандығы ал еліміз ядролық қарудан бас тартқан бірден-бір мемлекет ретінде әлемге танылғаны туралы мәліметтер беру.
Сабақты ұйымдастырушы: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.
Пән мүғалімі: Өтегенова Гүлназ №10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернатының география пәні мұғалімі
Ескертпе:
2021 жылдың 24-29 тамыз аралығында орталықтың ресми @syrdaryny инстаграм және фейсбук парақшаларында видео-сабақ орналастырылады.
Қатысушылар комментарий қалдыру арқылы тақырыпқа сәйкес сұрақтарға жетекші ұстазынан жауап алады.