Жалпы білім беру ұйымдарының 5-7 сынып оқушылары арасында тілдер мерекесі аясында ZOOM платформасында  «Шешеннің тілі-шебердің бізі» тақырыбындағы қашықтан облыстық полиглот байқауының ЕРЕЖЕСІ

Жалпы ережелер
Қызылорда облысының білім басқармасы «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен  жалпы білім беру ұйымдарының 5-7 сынып оқушылары арасында «Шешеннің тілі-шебердің бізі» тақырыбында  ZOOM платформасында қашықтан облыстық  полиглот байқауын (бұдан әрі-Байқау) өткізеді.

Байқауды ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы, Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының “Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы.

Мақсаты:  
1.Оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту.
2. Оқушылардың танымдық қабілетін, ой-өрісін дамыту, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту.
3. Оқушыларды ұлтаралық ынтымақтастыққа, өз елін және өз тілін қадірлеуге, өз отанын сүюге тәрбиелеу. Ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру.

Байланысы: қазақ тілімен, орыс тілімен, ағылшын тілімен, қоршаған ортамен, күнделікті өмірмен

Байқаудың талаптары

Байқау 5 кезеңнен тұрды:

1st round. Greeting (1-кезең. Танысу)
Оқушылар өздерін ағылшын тілінде таныстырып, сұрақтарға жауап береді.  Кері байланыс кезінде оқушылардың барлығы қамтылу үшін  Zoom платформасының чаты қолданылады. Мұғалімнің қоятын сұрақтар тізімі: [5points, 5ұпай]

2nd round.‘Baiga’ Hidden picture (2-кезең. Жасырынған суреттер)

Оқушыларға бірнеше суреттер жасырылады. Оқушылар жасырылған сурреттің не екенін табулары қажет. Оқушыларға көмек ретінде суреттердің белгілі бір бөліктері ғана көрсетіледі, ары қарай ол ойлана отырып, оның не екенін жылдам табуы қажет. [9points, 9ұпай]

3rd round. ‘Alaman’ Introducing people  (3-кезең. Тұлғалармен танысу)
Оқушыларға әр түрлі ұлттың танымал тұлғалары көрсетіледі. Олар суреттегі тұлғаның кім екенін тауып, 3 тілде (қазақ, орыс, ағылшын) сөйлемдер құрастырып, сол арқылы таныстырады. [5points, 5ұпай]

4th round.‘Jorga’ Intellectual questions (4кезең. Интеллектуалды сұрақтар)

Оқушылар кезек-кезек таңдаулары бойынша алдарындағы деңгейлеп ұпайға дайындалған ұяшықтағы сұрақтарға жауап береді. Қай ұпайдың ұяшық сұрағына жауап берсе, сонша ұпай беріледі. [20points, 20ұпай]

5th round. ‘Kokpar’ Proverbs  (5-кезең. Мақал-мәтелдер)
Оқушылар орыс тіліндегі мақал мәтелдердің ағылшын тіліндегі баламаларын табуы қажет. [4points, 4ұпай]

Байқауға 5-7 сынып оқушылары(үш тілді жақсы меңгерген) қатыса алады (әр сыныптан бір оқушы қатыса алады).
Байқау мерзімі: 3 қыркүйек күні «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы базасында  ZOOM платформасында, онлайн режимінде өтеді.

1.Қатысушының аты жөні
2. Мектебі, сыныбы
3.Байланыс телефоны
Байқауға қатысу ұсыныстарын а.ж. 2 қыркүйек күні kosymsha.bilim.bery@mail.ru эл.почтасына жіберу тиіс!
Жеңімпаз оқушылар облыстық  білім басқармасының  I,II,III дәрежелі дипломдары және «Алғыс» хаттарымен марапатталады .
Жеңімпаздар мәліметі орталықтың ресми сайтымен syr-daryny.kz  әлеуметтік желілерінде (инстаграмм: фейсбук: «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы) жарияланатын болады.

 

Оценочный лист конкурса «Полиглот»

 

               конкурсы

 

Ф.И уч-ся

1-игра «О себе»

2-игра

«Байга»

3-игра

«Аламан»

4-игра

«Жорға»

5-игра

«Кокпар»

итог