Жалпы ережелер
- Осы ереже «Сыр жұрты» танымдық-пассионарлық жобасын (2021-2023) іске асырудың 2021 жылға арналған облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес ауыл мектептерінің 1-4 сынып оқушылары арасында «Менің отбасым» тақырыбындағы облыстық суретшілер байқауын (бұдан әрі – Байқау) өткізу.
- Ұйымдастырушылар Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.
Байқаудың мақсаты мен міндеттері
- Отанды сүюге, рәміздерді құрметтеуге үйрету, өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу;
- Оқушылардың рухани-патриоттық сезімін ояту, Отанға сүйіспеншілігін арттыру, азаматтық, адамгершілік қасиеттерін дамыту, оқушыларды рәміздердің шығу тарихымен таныстыра отырып, мемлекеттік рәміздерді құрметтуге, қастарлеуге, мақтан тұтуға тәрбиелеу.
- Тәрбиеленушілердің көркемдік қиялын, эстетикалық талғамын жетілдіру.
- Жас суретшілердің талабын шыңдау. Оқушыларды шығармашылық әрекетке тарту, бейнелеу өнеріне қызығушылығын дамыту.
Байқауға қатысушылар
- Байқауға бейнелеу өнерінде ерекше шеберлігімен танылған аудандық кезеңнен іріктелген жеңімпаздар облыстық кезеңге қатысады.
- Байқауға қатысу туралы ұсыныстар білім бөлімдері басшыларының (аудандық/қалалық) бекітуімен 2021 жылдың 13 қыркүйекке дейін жинақтап, elumiti-orda@mail.ru электронды поштасына жіберу қажет. Байланыс нөмір 87076147975.
Сұраныста оқушының аты-жөні, сыныбы, мектебі, ауданы, жетекшінің толық аты-жөні, байланыс телефоны және жұмыстың бағыты мен тақырыбы толық көрсетілуі қажет.
Бағалау критерийлері
- Ең үздік суреттерді іріктеу кезінде мыналар ескеріледі:
- Тақырыптың ашылуы;
- Салынған суреттің сапасы;
- Тақырыпқа сай компизициясының болуы;
- Бояуының ерекшелігі;
- Тақырыпқа сәйкес безендірілуі;
- Жұмыстар 10 балдық жүйемен бағаланады.
Марапаттау
- Үздік деп танылған жұмыстардың авторлары облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен мараптталады.
- Байқау нәтижесі 2021 жылдың 14 қыркүйек күні syr-daryny.kz ресми сайты мен әлеуметтік парақшаларында жарияланады.
Байқауға қатысуға өтінімнің үлгісі
№ |
Оқушының аты-жөні |
Ауданы |
Ауыл |
Мектебі (ауыл, № лицей, гимназия) |
Сыныбы |
Дайындаған пән мұғалімінің аты-жөні, байланыс нөмірі, почтасы |
1 |
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
|
Жетекшісі: (аты-жөні, нөмірі) |
(Өтінім қалалық/аудандық білім бөлімдері мен облыстық мекеме басшыларының қолымен ғана қабылданады.)