«Kundelik.kz» электронды журналы вебинары

Қызылорда облыстық білім басқармасының “Дарын” облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен 2021 жылдың 15 қыркүйек айында жалпы және орта білім беру ұйымдарының оқытушылары мен жауапты мамандарға және білім бөлімдерінің әдіскерлеріне «Kundelik.kz» электронды журналы бойынша түсіндіру мақсатында онлайн түрде вебинар өткізілді. Вебинардың мақсаты:

  • Мектептің білім беруін жаңғырту.
  • АКТ-ның озық интеграциясы білім беру процесінде.
  • «Педагог-оқушы-ата-ана» коммуникациясын интерактивті дамыту.
  • Бірыңғай ортаның ақпараттық алмасуын енгізу.
  • Мектеп экожүйесіне қызмет көрсету және құру.
  • Қашықтықтан білім беру мүмкіндіктерін қамтамасыз ету.