- Жалпы ережелер
- Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының 2021-2022 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен мектепалды даярлық топтары арасында «Біз білімді баламыз» қашықтан облыстық бейнеролик конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізу.
- Конкурсты ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.
- Конкурстың мақсаты мен міндеттері
- Тәрбиеленушілерді жан-жақты болуға бейімдеу. Эстетика, ақыл-ой, шығармашылық қабілетін кең көлемде дамыта отырыпбалалардың білімге деген қызығушылығын арттыру;
- Бала тілінің балғындылығын, қылықтылығын көрсете отырып, болашағымыз тәтті бүлдіршіндердің тәрбиесінен басталатындығына мән беру;
- Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және өзіндік жұмыс жасауға белсендіру, медиашығармашылыққа еліктіру, бос уақытын тиімді пайдалануға үйрету.
- Конкурстың рәсімделу талаптары мен шарттары
3.1. Бейнероликтер MP4, M4V, MOV, MPG, MPEG форматында, сыйымдылығы – 1280х 720 пиксел және ұзақтығы 3-5 минуттан аспау қажет.
3.2. Бейнероликтер қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.
3.3. Конкурсқа мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен мектепалды даярлық топтары қатыса алады.
3.4. Қатысушы білімге құштарлығы, өздерінің бір күнгі өмірі немесе қызығушылықтары немесе ұстаздарымен қызықты сұхбат жүргізу секілді түрлі идеялардан тұратын 3-5 минуттан аспайтын бейнеролик ұсынуы қажет.
3.5. Бейнероликте қатысушы өзі жайлы ақпарат жазуы шарт (ауданы/қаласы, білім беру ұйымының толық атауы, курсы, автордың толық аты-жөні, жетекшісі) және 1 қатысушы тек 1 ғана бейнеролик ұсына алады.
3.6. Жіберілген бейнероликтер бұрын соңды ешқандай конкурстарға қатыстырылмаған, марапатқа ие болмаған болуы қажет.
3.7. Жұмыстың авторлық құқықтарының сақталуына автордың өзі (қатысушы) жауап береді.
3.8. Автор байқауға жіберген жұмыстарын ұйымдастырушыларға қолдануға құқық береді (интернет желісіне, телебағдарламаларға жариялау, шығармашылық жобаларға қатысу және т.б.).
3.9. Ұжымдық жұмыс қарастырылмайды, бейнеролик бір ғана қатысушыға тиесілі болуы керек.
3.10. Білім беру ұйымының ұсынысымен бейнероликтерді 2021 жылдың 22 қыркүйегіне дейін elumiti-orda@mail.ru электронды поштасына жолдану қажет. Кешіктірілген және осы ережеде көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін, ережеде көрсетілмеген орталықтың басқа пошталарына жіберілген және жеке пошталардан келген бейнероликтер конкурсқа жіберілмейді.
- Бағалау критерийлері
4.1. Үздік деп танылған жұмыстардың авторлары облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталатын болады. Ұсынылған жұмыстарды бағалау критерийі:
– бейнероликтің мазмұны (тақырыпқа сәйкестігі, сөйлеу мәдениеті, композициялық тұтастығы, логикалық жүйелілігі, құрылымының сапалылығы, ойдың ерекшелігі, креативтілігі);
– бейнероликтің сапасы (уақытқа сәйкестігі, жұмыстың техникалық орындалуы, монтаждалуы, шеберлігі).
4.2. Конкурс нәтижесі 2021 жылдың 23 қыркүйегінде syr-daryny.kz ресми сайтында жарияланады.
Кесте 1
р/с |
Оқушының аты – жөні |
Аудан/Қала |
Мектеп/балабақша |
|
|
|
|