Кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының оқушылары арасында «Ұстазыңды – ұлықта» қашықтан облыстық әлеуметтік челленджінің ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ережелер

Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының 2021-2022 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының студенттері арасында а.ж. 21 – 28 қыркүйек күндері  «Ұстазыңды – ұлықта» қашықтан әлеуметтік  желі арқылы облыстық челленджін (бұдан әрі – Байқау) өткізу.

Байқауды ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.

  1. Байқаудың мақсаты мен міндеттері
  • Білім алып жатқан жастарда толерантты мінез-құлықты қалыптастыру;
  • Шығармашылық қабілеттерін дамыту және өзіндік жұмыс жасауға белсендіру;
  • Дарынды жастардың қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде ұстаз есімі – ұлт пен тіл таңдаймайтын құндылықтарын мүмкіндігінше көбірек қоғамның әр мүшесіне жеткізу;
  • Ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету;
  • Ұстаз беделін арттырып, абыройын асқақтатуға баулу. 
  1. Байқаудың рәсімделу талаптары мен шарттары 
  1. @syrdaryny парақшасына тіркелуі қажет.
  2. Өз парақшасына салынған видео @syrdaryny парақшасын белгілеп, #SD, #ұстазыңдыұлықта хештегтерін жазу.
  3. Қатысушы парақшасы ашық болуы шарт.
  4. Байқауға тек жеке парақшалар қатысады (интернет магазин, конкурс үшін ашылған аккаунттар, фейк парақшалар қатыса алмайды).
  5. Қатысушы «Ұстазыңды – ұлықта» немесе ұстаздар туралы мәні бар 1-3 минуттан аспайтын бейнеролик түсіруі керек.
  6. Жүктелген бейнеролик астына қатысушы өзі жайлы ақпарат жазуы шарт (ауданы/қаласы, мектебі, сыныбы, толық аты-жөні).
  7. 1 бейнеролик жүктей алады.
  8. Байқауға кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының студенттері қатыса алады.
  9. Салынған бейнеролик бұрын соңды ешқандай конкурстарға қатыстырылмаған, марапатқа ие болмаған болуы қажет.
  1. Бағалау критерийлері

– Қатысушылардың салынған бейнеролик сапасына, уақыты мен мазмұнына қарай бағаланады.

– Әділ-қазылар шешімімен жеңімпаз деп танылған оқушылар Қызылорда облысының білім басқармасы «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының  І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және «Алғыс хаттарымен» марапатталады.

Байқау нәтижесі 2020 жылдың 29 қыркүйек күні syr-daryny.kz ресми сайты мен @syrdaryny инстаграм парақшасында жарияланады.