«Ауылыма кітап» акциясы 

Ауылдық жерлердегі мектеп кітапханаларына балалар мен жастардың білім алуына қажетті оқулықтар мен көркем әдебиет сыйлайтын «Ауылыма кітап» республикалық қайырымдылық акциясы Қызылорда қаласындағы №144, №143, №268 орта мектептерде ұйымдастырылып өткізілді.

Мақсаты: ауыл мектептерінің кітапхана қорын кеңейту арқылы ауылдық жерлердегі балалар мен жастардың дамуы, білім алуы үшін қолдау білдіру, оқу сауаттылығын арттыру.