- Жалпы ережелер
- «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың республикалық байқауын өткізу ережелері (бұдан әрі – Байқау) оның мақсатын, міндеттерін, оны өткізу және қорытынды шығару тәртібін анықтайды.
- Байқаудың мақсаты: білім алушыларға ғылым мен техниканың әр түрлі саласындағы, өнертапқыштық, зерттеу жұмыстарына тарту, талантты балаларға қолдау көрсету, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру.
- Байқаудың міндеттері:
1) білім алушылардың шығармашылығын, танымдылығын, интеллектуалды бастамаларын белсендіру;
2) білім алушылардың ғылыми-зерттеу істеріне қызығушылығын дамыту;
3) техникалық шығармашылық және өнертапқыштық облысында оқитын дарынды оқушылардың таланттыларын анықтау;
4) инновациялық өнертабыстар мен ғылыми-зерттеу облысында, шығармашылық жұмыстарды командамен орындаудың жаңа тәсілдері құзыреттілігін қалыптастыру;
5) іс-шаралар арқылы қосымша білім алуға балалардың санын көбейтуге көмектесу.
- Байқауды Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша қашықтық форматында өткізеді.
- Байқауды ұйымдастырушылар Ұйымдастыру комитетінің және әділ қазылар алқасының құрамын қалыптастырады, тікелей өткізуді жүзеге асырады.
- Байқауды өткізу мерзімі
- Байқау 2021 жылғы 26-28 қазанда zoom онлайн-платформасында қашықтық форматында өткізіледі.
- Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары басшыларының қолы қойылған байқауға қатысу туралы өтінім және электронды түрде байқау жұмыстары 2021 жылғы 4 қазанға дейін rumcdo_nto@mail.ru электрондық поштаcына қабылданады.
- Өтінімге мыналар қоса тіркеледі:
1) қатысушылардың және топ жетекшілерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
2) электронды нұсқадағы байқау жұмыстары (youtube.com каналында немесе инстаграммда (# rumcdo1shag хэштегпен) 7 минуттық бейне презентацияға сілтеме, жобаға сілтеме, мәтінге сипаттама, 4 фотосурет).
- Байқаудың қорытындысы, жеңімпаздардың дипломдары, қатысушылардың сертификаттары, жеңімпаздардың жетекшілеріне алғыс хаттар www.ziyatker.org сайтында 2021 жылғы 5 қарашада орналастырылады.
- Байқаудың ұйымдастырушылары авторды көрсете отырып, жұмысты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға құқылы.
- Байқауға қатысушылар
- Байқауға облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалық кезеңдерінің жеңімпаздары – жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысады.
Қатысушылардың жас санаты: 2021 жылғы 1 қыркүйекке 13-17 жас.
- Жалпы қатысушылардың саны – 170 адам (10 білім алушыдан).
- Топ жетекшісі білім алушылардың Байқауға қатысуын үйлестіреді.
Топ жетекшісінің міндеттері:
– қолданылатын платформаны, техникалық құралдарды анықтауға командаға көмектеседі;
– кеңес береді, Байқауға дайындық бойынша жұмыс барысын бақылайды;
– команданы ұйымдастырушылардың алдында оның мүддесін білдіретін, сондай-ақ команда қатысушыларының тәртібі, қауіпсіздігі мен денсаулығы үшін жауапты және бақылайтын әкімшілік басқару;
– қатысушылар мен топ жетекшісінің жеке басын куәландыратын құжаттарды ұйымдастырушыларға жіберу және өтінімді тапсыруды жүзеге асырады.
- Байқауды өткізу тәртібі және шарты
- Балаларды Байқау іс-шараларына қатыстыру арқылы қосымша білім беруге қамтылуын арттыру үшін Байқау екі кезеңде өткізіледі:
бірінші кезең (іріктеу) – өңірлік:
мектепішілік Байқау;
аудандық (қалалық) Байқау;
облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалық Байқау.
екінші кезең (қорытынды) – республикалық Байқау.
- Байқаудың Бірінші (іріктеу) кезеңін өткізу орны мен мерзімі аудандық (қалалық), облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары басшыларының бұйрықтарымен анықталады.
Карантин кезінде Байқау санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын, дезинфекция, кварцтау, желдету режимін сақтау, адамдардың жаппай жиналуына жол бермеу арқылы немесе қашықтан өткізіледі.
- Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
1) автокөліктің қолданыстағы модельдерін әзірлеу саласындағы техникалық құрастыру – 1 қатысушы (автобустар, жеңіл көлік, жүк көлігі, арнайы техника, тәжірибелік модельдер және жол таңдамайтын көліктер);
2) өндіріс саласындағы техникалық құрастыру – 1 қатысушы (станок жабдықтары, техникалық ойыншықтарды қоса алғанда әр түрлі техникалық нысандар моделдері, оның ішінде дәстүрлі емес материалдардан (қағаз-пластиктен және т.б.) жасалған тәжірибелік модельдер);
3) ауыл шаруашылық техникалар мен жабдықтар саласындағы техникалық құрастыру – 1 қатысушы (трактор модельдері, комбайн, тұқым сепкіш, жүк тиегіш, жүк іріктегіш, шөмеле үйетін машина, ауыл шаруашылық кешендері, тәжірибелік модельдер және т.б.);
4) әскери техника саласындағы техникалық құрастыру – 1 қатысушы (танк модельдері, зеңбірек, бронетранспортерлер, әуеқорғаныс құрылғылары, тәжірибелік модельдер тапаншадан, қарудан, автоматтан және т.б. басқа);
5) су көлік саласындағы техникалық құрастыру – 1 қатысушы (ауа жастықшалы кеме моделі, кеме, яхта, гидроплан, катер, қайық, тәжірибелік модельдер және т.б.);
6) құрылыс облысындағы жобалар – 2 қатысушы (тұрғын үй макеттері, әкімшілік ғимараттар, коттедждер, кешендер, спорттық ғимараттар, вокзалдар, порттар, аэродромдар, сауда орталықтары және т.б.);
7) жылу энергетикасы, электр энергетикасы, баламалы энергетика саласындағы жобалар – 1 қатысушы (ядролық энергетика және жылу физикасы; альтернативті және көміртекті емес энергетика; энергия үнемдеуші технологиялар; отын өндіру және өңдеу; радиоактивті қалдықтарды сақтау және қайта өңдеу технологиясы және т.б.);
8) авиация саласындағы жобалар авиациялық техника әзірлеу саласындағы жобалар және модельдер– 1 қатысушы (ұшақтар, тікұшақтар, пилотсыз ұшатын аппараттар, экранопландар, гидроұшақтар, амфибиялар және т.б.);
9) космонавтика және аэрокосмос техникасы саласындағы жобалар – 1 қатысушы космос техникасын әзірлеу саласындағы жобалар және модельдер (зымыранды жүйелер, космос станциялары, спутниктер, аппараттар және т.б.), зымыран құрастыру (космос кемелері, зымырандар және ілеспелі техника).
- Жобаларды қорғау қашықтық форматта zoom 2021 жылғы 26-28 қазанда өткізіледі.
Материалдарды орналастыру үшін онлайн-платформаға сілтеме жасау және сөз сөйлеу кестесі туралы жобаларды қорғау өткізілгенге дейін 3 күн бұрын қосымша хабарланады.
- Бейне презентацияны қорғау уақытының ұзақтығы демонстрациялық материалдарды қолдана отырып 5-7 минут. Барлық номинациялар бойынша әр қатысушы үшін өнертапқыштық және зерттеу жұмыстарының макеттерінің, модельдерінің орындалуы және болуы міндетті шарт болып табылады. Бір қатысушы бір жобаны ұсынады.
- Легороботтарды пайдалануға тыйым салынады. Радиомен басқарылатын жүйелерді қолдануға рұқсат етіледі: ардуино, дистанциялық пульттер, модельдерді мүмкіндігінше механикаландыру, электрлендіру (42 ВТ жоғары ток кернеуі тыйым салынады).
- Жобаны қорғағаннан кейін қазылар алқасының әрбір мүшесі бағалау парағын толтырады, байқау жұмыстарын бағалау өлшемдеріне сәйкес әрбір параметр бойынша балл қояды.
Бағалау өлшемдері:
зерттеу мәселесінің өзектілігі;
жүргізілген зерттеулердің көлемі, зерттеу әдістерінің тиімділігі;
зерттеудің жаңашылдығы;
зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы;
ораторлық шеберлі;
демонстрациялық материалдардың сапасы;
жұмыстың ресімделуі.
- Байқау қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау
- Кәсіби әділ қазылар алқасы байқау жұмыстарын 10 балдық жүйе бойынша Байқаудың бағалау өлшемдеріне сәйкес бағалайды. Әділ қазылар алқасының шешімі нақты және хаттамамен ресімделеді.
- Байқаудың қорытындысы бойынша әділ қазылар алқасының мүшелері жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздар I, II, III дәрежедегі дипломдармен және сыйлықтармен, ал жеңімпаздардың жетекшілері алғыс хаттармен марапатталады. Барлық қатысушыларға Байқауға қатысқаны туралы сертификаттар беріледі.
Сыйлық жеңімпазға, жеңімпаз команданың жүлдесі топ жетекшісіне өтінімде көрсетілген мекенжай бойынша Қазпочта арқылы табыс етілгені туралы хабарламамен жіберіледі. Сыйлықты алған туралы қабылдау-тапсыру актісі сыйлықпен бірге қоса беріледі.
Алушы сыйлықты алғаннан кейін қабылдау-тапсыру актісіне қол қойып, Т.А.Ә. және телефонын көрсетіп, сыйлықты алғаны туралы құжаттың сканерленген нұсқасын немесе фотосын, жеңімпаздың сыйлықпен түскен фотосын rumcdo_nto@mail.ru электронды поштасы арқылы кері жібереді.
- Жеңімпаздардың дипломдары, олардың жетекшілеріне алғыс хаттардың және қатысушыларға сертификаттардың электронды нұсқалары www.ziyatker.org сайтында автоматты түрде жүктеу мүмкіндігімен орналастырылады.
Анықтама телефоны: 8(7172) 64-27-22, 87761515662.
«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың республикалық байқауына қатысуға өтінім
Номинация |
Жұмыстың аталуы |
Қатысушының Т.А.Ә. |
Туған жылы, сыныбы |
Қатысушының тұрғылықты мекенжайы, электронды поштасы, байланыс телефоны |
Білім беру ұйымы |
Жоба жетекшісінің Т.А.Ә., тұрғылықты мекенжайы, электронды поштасы, байланыс телефоны |
автокөліктің қолданыстағы модельдерін әзірлеу саласындағы техникалық құрастыру |
|
|
|
|
|
|
өндіріс саласындағы техникалық құрастыру |
|
|
|
|
|
|
ауыл шаруашылық техникалар мен жабдықтар саласындағы техникалық құрастыру |
|
|
|
|
|
|
әскери техника саласындағы техникалық құрастыру |
|
|
|
|
|
|
су көлік саласындағы техникалық құрастыру |
|
|
|
|
|
|
құрылыс саласындағы жобалар |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
жылу энергетикасы, электр энергетикасы, баламалы энергетика саласындағы жобалар |
|
|
|
|
|
|
авиация саласындағы жобалар |
|
|
|
|
|
|
космонавтика саласындағы жобалар |
|
|
|
|
|
|
аэрокосмос техникасы саласындағы жобалар: |
|
|
|
|
|
|