Ауыл мектептерінің 5-8 сынып оқушылары арасында «Ұстаз-ұлы тұлға» тақырыбындағы қашықтан облыстық эссе жазу конкурсының ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ережелер
  1. Облыстық білім басқарамасы «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының 2021-2022 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес ауыл мектептерінің 5-8 сынып оқушылары арасында «Ұстаз-ұлы тұлға» атты тақырыпта қашықтан облыстық эссе жазу конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізу.
  2. Байқауды ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.
  1. Байқаудың мақсаты мен міндеттері 
  1. Оқушыларға ұстаз мәртебесін насихаттау.
  2. Ұстазды құрметтеуге, сыйлауға, еңбектерін бағалай білуге тәрбиелеу.
  3. Еліміздің ертеңі – жас буынға рухани қарым-қатынас пен ұстаз құндылықтарын дәріптеу арқылы алтын көпір «Мектеп – Ата-ана – Оқушы» үштік одақты нығайту.
  4. Оқушыларды сүйіспеншілікке, сезімталдыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
  5. Бос уақытты тиімді өткізуге,ойлау қабілетін дамытуға, шығармашылық әлеуетін көтермелеуге, тілдік қорларын кеңейтуге ықпал жасау.
  1. Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі 
  1. Конкурс 2021 жылдың 7 қазан күні Қызылорда қаласы, «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы базасында қашықтан өткізіледі. Конкурсқа қатысу өтінімі мен жұмыстарды а.ж. 5 қазанға дейін elumiti-orda@mail.ru электронды поштасына жіберу қажет.
  2. Өтінім қабылдау мерзімінен кешіккен жұмыстар және көрсетілген талаптарға сай емес эсселер қарастырылмайды.
  1. Байқаудың рәсімделу талаптары мен шарттары 
  1. Конкурсқа жалпы білім беру ұйымдарының 5-8 сынып аралығындағы оқушылары қатыса алады.
  2. Эссе ережесіне сәйкес:

– 5 сыныптар үшін- 70-80;

– 6 сыныптар үшін- 80-90;

– 7 сыныптар үшін- 90-100;

– 8 сыныптар үшін- 100-150;

  1. Жұмыстар оқушының таңдауымен қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде, MS Word форматында орындалады:

– Қаріп түрі Times New Roman;

– Қаріп өлшемі – 14, интервал 1 болуы тиіс.

  1. Эссені рәсімдеуде төмендегіше реттілікке сүйенеді:

– автордың аты-жөні (толық);

– облыс, аудан (қала) немесе ауыл;

– білім беру ұйымының атауы, сыныбы;

– авторға бағыт беруші жетекшінің аты-жөні (толық);

  1. Эссенің орфографиялық қателіктеріне, жұмыстың мәтініне, авторлық құқығының сақталуына конкурсқа қатысушы жауапты. Конкурсқа ұсынылған жұмыс бұрын баспа бетінде және интернет желілерінде жарияланбаған болуы шарт. Конкурсқа ұсынылған жұмыстар көрсетілген уақытқа сәйкес қабылданады.
  1. Бағалау критерийлері 
  1. Ең үздік эссені іріктеу кезінде мыналар ескеріледі:
  • ой тұжырымының логикасы мен образдылығы;
  • эссенің мазмұнын анықтайтын ойдың тереңдігі мен тақырыптың ашылуы;
  • жазба тілінің сапасы;
  • зерттеушілігі, тұжырымдамалардың дәлелділігі мен дербестігі;
  • сауаттылығы (орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателері).
  1. Жұмыстар 10 балдық жүйемен бағаланады.

  2. Байқаудың жеңімпаздарын марапаттау 
  1. Байқауды бағалау оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай 5-6 және 7-8 сыныптар бойынша топқа бөлініп бағаланады.
  2. Әділ-қазылар шешімімен жеңімпаз деп танылған оқушылар Қызылорда облысының білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

Байқау нәтижесі 2021 жылдың 7 қазан күні syr-daryny.kz ресми сайты мен @syrdaryny фейзбук әлеуметтік парақшасында жарияланады.

Толық ақпаратты 87783710833 байланыс нөмірінен білуге болады.