«Менің кіші Отаным» жас тарихшылардың қашықтықтан облыстық байқауының Ережесі

 Жалпы ережелер

1.1. Осы Ереже Мемелекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Менің кіші Отаным» жас тарихшылардың қашықтықтан облыстық байқауын (бұдан әрі-Байқау) ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды.

         1.2. Байқауды ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.

1.3. Конкурстың мақсаты: туған елдің тарихына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру, мектеп оқушыларының тарих және өлкетану бойынша білімін дамыту, ұлттық өзін-өзі тануына және олардың кішкентай Отанына деген мақтанышын арттыру.

1.4. Байқаудың  негізгі міндеттері:

– өлкетануға қызығушылық танытқан оқушыларды анықтау және қолдау;

– туған өлкенің тарихын зерттеуде танымдық қызығушылығын ынталандыру;

– оқушыларыдың тарихи өлкетану саласындағы бастамалары мен зерттеу идеяларын анықтау және ынталандыру;

– жалпы тарих негізінде өз жерін, аймағын, өз қаласын, ауылын сүюге бүкіл қазақстандық бірегейлік пен бірлікті қалыптастыру.

2.1 Байқау келесі критерийлер бойынша жүзеге асырылады:

-тақырыптың толық ашылуы мен сапасын (жұмыстың мазмұны, зерттеу дәрежесі номинация тақырыбына сәйкестігін);

-тұжырымдардың нақтылығын, көркемдік шеберлігін, техникалық және орындалу сапасын (идеяның өзіндік ерекшілігі), шығармашылық деңгейі автордың жасына сәйкестігін;

– «Менің туған өлкем» номинациясы үшін: баяндаудың стилі, онда көрсетілген кешенді түсіну проблемалары, өзіндік көзқарасы, терминологиялық аппаратты дұрыс пайдалана отырып тақырыптың теориялық және практикалық деңгейде ашылуы, нақты хронология көздеріне сілтемелер, дәйексөздер, тұжырым және қорытынды жасай білу.

 Байқаудың қатысушылары

3.1. Байқауға аудандық, қалалық білім бөлімдері мен облыстық мекемелерден 9-10 сынып оқушылары ғана қатыса алады.

3.2. Байқаудың оқу тілі- қазақ және орыс тілдері.

 Конкурсты өткізу шарттары

  •  «Менің кішкентай Отанымның тарихы» номинациясы бойынша – елді мекеннің тарихын презентация түрінде немесе бейнефильм форматында ашу (географиялық атауын, құрылу тарихын, дамудың негізгі кезеңдерін, табиғи-климаттық ерекшеліктерін, халықтың саны, кәсіпорындар мен әлеуметтік-тұрмыстық сала мекемелері туралы ақпарат, көрікті жерлері және т.б.);
  • «Кішкентай Отанымның символы» номинациясы бойынша –автордың өзінің кіші Отанына деген сүйіспеншілік символы болып табылатын жануарлар, өсімдіктер, адамдар, құбылыстар және т.б. туралы презентация түрінде немесе бейнефильм форматында баяндау. ( өз таңдауын  бірегейлі негіздеу, дәлелдеу қажет);
  • «Менің кішкентай Отанымның болашағы» номинациясы бойынша- нысан макетін презентация түрінде  таныстыру;
  • «Менің туған өлкем» номинациясы бойынша – өз елді мекені, ауылы туралы эссе жазу.

 Байқау материалдарына жалпы талаптар

6.1. «Менің кішкентай Отанымның тарихы» және «Кішкентай Отанымның символы», «Кішкентай Отанымның символы» номинациялары бойынша қанағаттанарлық бейнематериалдар келесі мынадай техникалық талаптарға сәйкес болуы тиіс:

1) Рұқсат етілген фото форматы: 1280х1024;

2) Бейнефильм форматы МРЕG-4 немесе  AVI, (hd720) форматтан кем емес болуы тиіс.

Сөйлеу уақыты 10 минуттан аспауы керек.

«Менің туған өлкем» номинациясы бойынша мынадай техникалық талаптарға сәйкес болуы тиіс:

 Файл – Microsoft Word

Көлемі – А4 форматындағы 2 беттен аспауы тиіс.

Қарпі – Times New Roman

Қаріптің кеглі – 14

Жоларалық интервал – 1,0

Шеттерінің өлшемі: солынан – 3 см, оңынан – 1,5 см, үстінен – 2 см, астынан – 2 см

6.2. Конкурс қатысушылары ұсынылған жұмыстары бойынша авторлық құқықты (музыканы, суреттер мен мәтіндерді заңды пайдалану және т.б.) сақтауды қамтамасыз етуі тиіс.

6.3. Қатысушылардың жұмыстары авторлық құқықты сақтауға кепілдік бере отырып, конкурсты насихаттау мақсатында ұйымдастырушылар тарапынан пайдаланылуы мүмкін.

Автор туралы мәліметтер жұмыспен қоса төмендегі кесте бойынша толтырылады. Ереже талаптарына сай рәсімделмеген жұмыстар қабылданбайды.

Оқушының аты-жөніҚала/ауданМектебіСыныбыНоминация Электронды поштасыҰялы байланыс телефоны
       

 Қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау

7.1. Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

         Байланыс тетіктері

 «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығына электронды мекен-жайына kosymsha.bilim.bery@mail.ru а.ж. 6 қазанға дейін жолдауы қажет.

Translate/Перевести/Аудару