2021 жылы 7 қазан күні облыстық білім басқарамасы «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының 2021-2022 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес ауыл мектептерінің 5-8 сынып оқушылары арасында «Ұстаз-ұлы тұлға» атты тақырыпта қашықтан облыстық эссе жазу конкурсы өткізілді.
- Байқаудың мақсаты мен міндеттері
- Оқушыларға ұстаз мәртебесін насихаттау.
- Ұстазды құрметтеуге, сыйлауға, еңбектерін бағалай білуге тәрбиелеу.
- Еліміздің ертеңі – жас буынға рухани қарым-қатынас пен ұстаз құндылықтарын дәріптеу арқылы алтын көпір «Мектеп – Ата-ана – Оқушы» үштік одақты нығайту.
- Оқушыларды сүйіспеншілікке, сезімталдыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
- Бос уақытты тиімді өткізуге,ойлау қабілетін дамытуға, шығармашылық әлеуетін көтермелеуге, тілдік қорларын кеңейтуге ықпал жасау.
Жеңімпаздар білім басқармасының І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
І дәрежелі диплом иегерлері:
- Рахымжанқызы Айзере-Сырдария ауданы, №130 мектептің 6 сынып оқушысы
ІІ дәрежелі диплом иегерлері:
- Маханова Мөлдір-Сырдария ауданы, №37 мектептің 8 сынып оқушысы
- Әлімхан Талшын-Шиелі ауданы, №45 мектептің 8 сынып оқушысы
ІІІ дәрежелі диплом иегерлері:
- Әкімжан Мағжан-Арал ауданы, №65 мектептің 5 сынып оқушысы
- Толыбай Ақнұр-Арал ауданы, №231 мектептің 8 сынып оқушысы
- Досымқызы Жұлдызай-Шиелі ауданы, №45 мектептің 7 сынып оқушысы
- Аширова Альмира-Шиелі ауданы, №219 мектептің 7 сынып оқушысы
Марапат иегерлерін жетістіктерімен құттықтаймыз!!!