🏅 «Елбасы медалі» жобасының қатысушылары сүбелі сөздің шебері, үш мәрте «Алтын домбыра» иегері, сөз додаларда талай рет топ жарған айтыскер ақын Мұхтар Ниязовпен кездесті.
📜🏆 Айтыскер ақын жастарға, дұрыс өмір сүру мақсатында қоғамдық жауапкершілік пен қиындықтар туралы ой қозғап, бүгінгі жастардың ұлттық рухани байлығын нығайту мен адамгершілікке бағыттайтын ақыл-кеңесімен бөлісті. Елдің ертеңі, болашағы білімді жастардың қолында екенін, саналы, рухани бай әрі биік, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өресі озық азаматтардың тәрбиеленуін баса айтып өтті.
🎙 Кездесу барысында ақын өзі туралы қызықты деректермен бөлісіп, арнайы арнауын жолдады.
📈 «Елбасы медалі» жобасына қатысушылар облыста 290. Олар жоба аясында 7 бағытта жұмыстар жүргізуде.

