«Ұлттық құндылықтар-ұлт қазынасы» облыстық бейнеролик байқауының ЕРЕЖЕСІ

Кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Ұлттық құндылықтар-ұлт қазынасы» тақырыбындағы қашықтан облыстық бейнеролик байқауының ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ережелер

1.1. «Сыр жұрты» танымдық-пассионарлық жобасын (2021-2023 жж.) іске асырудың 2021 жылға арналған облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес Кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Ұлттық құндылықтар-ұлт қазынасы» тақырыбындағы қашықтан облыстық бейнеролик байқауын (бұдан әрі – Байқау) өткізу.
1.2. Байқауды ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.

 

  1. Байқаудың мақсаты мен міндеттері

 

2.1. Студенттердің оқу-танымдық қызметтерін, шығармашылық әлеуетін қалыптастыру;
2.2. Ең талантты және дарынды жастарды іріктеу және оларға қолдау көрсету, дарындыларды табу;
2.2. Ұлттық құндылықтар мәдениетін, өз туған өлкесінің ұлттық құндылықтарын және мәдени мұраларын жетік білуге, елін сүйетін ұлтжанды азамат болуға тәрбиелеу;
2.3. Жастардың әлеуметтік жауапкершілік деңгейін арттыру.
2.4. Білім алушылардың сөйлеу, есте сақтау, қабілетін дамыту, ой-өрісін кеңейту;
2.5. Бос уақытты тиімді өткізуге,ойлау қабілетін дамытуға, шығармашылық әлеуетін көтермелеуге, тілдік қорларын кеңейтуге ықпал жасау.

 

  1. Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі

3.1. Байқау 2021 жылдың 04 қарашасы күні Қызылорда қаласы, «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы базасында өткізіледі. Байқауға қатысу өтінімі мен жұмыстарды 2021 жылдың 01 қарашасына дейін elumiti-orda@mail.ru электронды поштасына жіберу қажет.

 

  1. Конкурстың рәсімделу талаптары мен шарттары

4.1. Бейнероликтер MP4, M4V, MOV, MPG, MPEG форматында, сыйымдылығы – 1280х 720 пиксел және ұзақтығы 3-5 минуттан аспау қажет.
4.2. Бейнероликтер қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.
4.3. Байқауға кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының студенттері қатыса алады.
4.4. Қатысушы ұлттық құндылықтар, ұлттық мәдени қазыналар туралы 3-5 минуттан аспайтын бейнеролик ұсынуы қажет.
4.5. Бейнероликте қатысушы өзі жайлы ақпарат жазуы шарт (ауданы/қаласы, білім беру ұйымының толық атауы, курсы, автордың толық аты-жөні, жетекшісі) және 1 қатысушы тек 1 ғана бейнеролик ұсына алады.
4.6. Жіберілген бейнероликтер бұрын соңды ешқандай конкурстарға қатыстырылмаған, марапатқа ие болмаған болуы қажет.
4.7. Жұмыстың авторлық құқықтарының сақталуына автордың өзі (қатысушы) жауап береді.
4.8. Автор байқауға жіберген жұмыстарын ұйымдастырушыларға қолдануға құқық береді (интернет желісіне, телебағдарламаларға жариялау, шығармашылық жобаларға қатысу және т.б.).
4.9. Ұжымдық жұмыс қарастырылмайды, бейнеролик бір ғана қатысушыға тиесілі болуы керек.
4.10. Кешіктірілген және осы ережеде көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін, ережеде көрсетілмеген орталықтың басқа пошталарына жіберілген және жеке пошталардан келген бейнероликтер конкурсқа жіберілмейді.

  1. Бағалау критерийлері

4.1. Үздік деп танылған жұмыстардың авторлары облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталатын болады. Ұсынылған жұмыстарды бағалау критерийі:
бейнероликтің мазмұны (тақырыпқа сәйкестігі, сөйлеу мәдениеті, композициялық тұтастығы, логикалық жүйелілігі, құрылымының сапалылығы, ойдың ерекшелігі, креативтілігі);
бейнероликтің сапасы (уақытқа сәйкестігі, жұмыстың техникалық орындалуы, монтаждалуы, шеберлігі).

4.2. Конкурс нәтижесі 2021 жылдың 1 қарашасы күні syr-daryny.kz ресми сайтында жарияланады.

Кесте 1

Р/с

Қатысушының аты – жөні

Аудан/Қала

Білім беру ұйымы

Курсы