Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Арда туған-Алаштың арыстары» тақырыбындағы облыстық жыр мүшайрасын өткізу туралы облыстық жас ақындар мүшайрасының ЕРЕЖЕСІ
- Жалпы ережелер
ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2021 жылғы 5 қаңтарда «Егемен Қазақстан» республикалық газетінде жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы аясында айтылған тапсырмаларды іске асырудың 2021 жылға арналған облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Арда туған-Алаштың арыстары» тақырыбындағы облыстық жыр мүшайрасын өткізу туралы облыстық жас ақындар облыстық жас ақындар мүшайрасын (бұдан әрі – Мүшайра) өткізу.
Мүшайраны ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.
- Мүшайраның мақсаты мен міндеттері
2.1 Колледж студенттеріне Алаш арыстарын бүгінгі жас ұрпаққа белсенді түрде кеңінен насихаттайттау. Шәкірт жүрегіне өмір тарихын ұялату арқылы поэзияны сүюге, оны бағалай білуге тәрбиелеу. Алаш арыстарын талдай отырып, студенттердің дүниетанымы мен ой өрісін дамыту. Адамгершілікке, елінінің патриоты болуға баулу;
2.2 Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және өзіндік жұмыс жасауға белсендіру, бос уақытын тиімді пайдалануға үйрету.
- Мүшайраны ұйымдастыру және өткізу тәртібі
3.1. Алаш қайраткерлерінің ел тәуелсіздігіміздігі жолындағы еңбектері жайлы тақырыпқа сай өз ойынан шыққан өлеңін нақышына келтіріп орындайды.
3.2. Мүшайраға қатысушы туралы ұсынысты колледж басшысының ұсынысымен 2021 жылдың 22 қарашасына дейін elumiti-orda@mail.ru электронды поштасына жолдану қажет. Кешіктірілген жұмыстар конкурсқа жіберілмейді.
- Мүшайраның рәсімделу талаптары мен шарттары
4.1. Мүшайра 2 кезеңнен тұрады
І кезең- Мүшайраға қатысушылар Алаш қайраткерлерінің өмір жолына арналған және шығармашылығы туралы жадынан шығарылған туындыларын тапсыра алады.
ІІ кезең- Берілген тапсырмадағы тірек сөздер бойынша өлең шумақтарын құрастыру.
4.2. Мүшайра шартына сәйкес келетін өлеңдер ғана қабылданады.
4.3. Көшірме болып табылатын, авторлық емес туындылар байқауға қабылданбайды.
4.4. Мүшайраға қатысқан туындыларға пікір жазылмайды, қайтарылмайды және ұйымдастыру комитеті авторлардың өлеңдерін БАҚ беттеріне, жинаққа жариялауға құқығы бар.
- Қазылар алқасы және марапаттау
5.1. Ең үздік туындыны іріктеу кезінде мына критерийлер ескеріледі:
* Ойының ұшқырлығы мен көркемдеп жеткізілуі;
* Туынды мазмұнын анықтайтын ойдың тереңдігі мен тақырыптың ашылуы;
* Оқушының туындыны мәнеріне келтіре орындауы мен жеткізе білуі;
- Мүшайраның жеңімпаздарын марапаттау
6.1. Мүшайра жеңімпаздары облыстық білім басқармасы басшысының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
6.2. Мүшайра нәтижесі 2021 жылдың 25 қарашасында syr-daryny.kz ресми сайтында және әлеуметтік желі парақшаларында жарияланады.