«А.Байтұрсынұлы оқулары-2021» білім сайысын өткізу ЕРЕЖЕCІ

  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ МЕН МАҚСАТЫ:

– Алаш қозғалысының қайраткері А. Байтұрсынұлының ағартушылық бағыттағы мұраларын өскелең ұрпаққа насихаттау,

Міндеттері:

– мектеп оқушыларының ақын өмірі мен шығармашылығын тануға деген қызығушылықтарын арттыру;

– жаңа буынның интеллектуалдық пайым-парасатын арттыру;

– дарынды оқушыларға қолдау жасау.

ІІ .Сайысқа қатысушылар:

А.Байтұрсыновтың оқуларына оқыту тіліне қарамастан, ауыл елдімекендегі мемлекеттік және мемлекеттік емес жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың 8-11-сыныптарының оқушылары қатыса алады.

    ІІІ.Сайыс шарттары:

А. Байтұрсынұлы оқулары 2 бағыт бойынша өткізіледі:

  • І-номинация «Қырық мысал» ақынның мысалдарын жатқа оқу.
  • ІІ-номинация «Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға» – (зерттеу жұмыстары)

Байқау 2 кезеңнен тұрады: І – аудандық, ІІ – облыстық (аудандық, қалалық кезеңнің жеңімпаздары қатысады).

Әр номинация бойынша 1 оқушыдан ғана қатыса алады.