«Тәуелсіз Қазақстан және Елбасы» тақырыбындағы қашықтан облыстық сурет байқауының ЕРЕЖЕСІ

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері мен мектеп алды даярлық топтарының оқушылары арасында «Тәуелсіз Қазақстан және Елбасы» тақырыбындағы қашықтан облыстық сурет байқауының
 ЕРЕЖЕСІ

Жалпы ережелер

  1. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері мен мектеп алды даярлық топтарының оқушылары арасында «Тәуелсіз Қазақстан және Елбасы» тақырыбындағы қашықтан облыстық сурет байқауын (бұдан әрі – Байқау) өткізу.
  2. Ұйымдастырушылар Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.

Байқаудың мақсаты мен міндеттері

  1. Оқушылардың өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру,ел мен жердің қадір қасиетін ұғынуға тәрбиелеу;
  2. Оқушылардың рухани-патриоттық сезімін ояту, Отанға сүйіспеншілігін арттыру, азаматтық, адамгершілік қасиеттерін дамыту, мемлекеттімізді мақтан тұтуға тәрбиелеу.
  3. Тәрбиеленушілердің көркемдік қиялын, эстетикалық талғамын жетілдіру.
  4. Жас суретшілердің талабын шыңдау. Оқушыларды шығармашылық әрекетке тарту, бейнелеу өнеріне қызығушылығын дамыту.

Байқауға қатысушылар

  1. Байқауға бейнелеу өнерінде ерекше шеберлігімен танылған аудандық және қалалық кезең жеңімпаздары қатыса алады.
  2. Байқауға қатысу туралы ұсыныстар білім бөлімдері басшыларының (аудандық/қалалық) бекітуімен 2021 жылдың 12 қарашаға дейін жинақтап, elumiti-orda@mail.ru электронды поштасына жіберу қажет. Сұраныста оқушының аты-жөні, сыныбы, мектебі, ауданы, жетекшінің толық аты-жөні, байланыс телефоны және жұмыстың бағыты мен тақырыбы толық көрсетілуі қажет. Жіберілген жұмыстар басқа еш жерде жарияланбаған болуы шарт.

 

Бағалау критерийлері

  • Салынған суреттің сапасы;
  • Тақырыпқа сай композициясының болуы;
  • Бояуының ерекшелігі;
  • Тақырыпқа сәйкес безендірілуі;
  • Жұмыстар 10 балдық жүйемен бағаланады.

Марапаттау

  1. Үздік деп танылған жұмыстардың авторлары облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен мараптталады.
  2. Байқау нәтижесі 2021 жылдың 17 қараша күні syr-daryny.kz ресми сайты мен әлеуметтік парақшаларында жарияланады.

 Байқауға қатысуға өтінімнің үлгісі 

Қатысушының аты-жөні

Аудан/Қала

Жұмыстың тақырыбы

Сыныбы/Тобы

Дайындаған тәрбиешісінің /мұғалім аты-жөні, байланыс нөмірі, почтасы

1

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

        Жетекшісі: (аты-жөні, нөмірі)

 (Өтінім қалалық/аудандық білім бөлімдері мен облыстық мекеме басшыларының қолымен ғана қабылданады.)