«Менің қолымнан бәрі де келеді» атты облыстық олимпиадасы

Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар арасында (көру, есту бұзылыстары бар)  «Менің қолымнан бәрі де келеді» атты облыстық олимпиада өткізу ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ережелер
  2. Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар арасында (көру, есту бұзылыстары бар) «Менің қолымнан бәрі де келеді» атты облыстық олимпиаданы ұйымдастыру және өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Олимпиада) облыстық олимпиада ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларды, оны ұйымдастыру және өткiзу тәртiбiн анықтайды.
  3. Олимпиаданың негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi:

 Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалардың танымдық қызығушылығын арттыру,шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету, оқушыларды өмірге бейімдеу, алған білім дағдыларын іскерлікпен қолдана білуге тәрбиелеу;

 Қазақ тілі пәні бойынша дыбыс түрлерін, сөз таптарын, қосымшаларды, сөйлем мүшелерін және мәтіннің түрлерін ажырата білу;

Математика пәніне қызығушылығын оятып, қабілеттерін анықтап, логикалық ойының дамытуына әсер ету. Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалардың  ерекшеліктерін ескере отырып жеңілдетілген есептерді шығару, бөлшектерді, формулаларды, өлшем бірліктерді танып білу;

  1. 3. Олимпиаданың облыстық ұйымдастыру комитетi:

3.1.Олимпиаданың барлық кезеңдерін ұйымдастыру және өткізу үшін «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы ұйымдастыру комитетін құрады. (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті).

3.2. Олимпиаданың бірінші-екінші кезеңдерiне басшылық жасауды жүзеге асыру үшiн аудандық, облыстық (қалалық) ұйымдастыру комитеттерi құрылады. Олардың құрамын тиiстi бiлiм беруді басқару органдары бекiтедi.

3.3. Олимпиаданың облыстық кезеңіне пәндер бойынша қазылар алқасының құрамына төраға және мүшелер кіреді. Қазылар алқасының саны пәнге байланысты тақ саннан құралады (3 адамнан кем емес).

  1. 4. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі

Олимпиада екі пәннен (математика, қазақ тілі) өткізіледі, тест сұрақтары беріледі.

Олимпиадаға 4-5 , 6-7  сынып оқушылары (әр сыныптан бір оқушы ) қатысады;

Олимпиадаға (есту, көру қабілетілігі төмен) балалар қатыса алады.

1) бірінші кезең – аудандық (қалалық);

2) екiншi кезең –.– облыстық.

 Олимпиаданың облыстық кезеңiне балаларды қатыстыру үшін өтінімді “kosymsha.bilim.bery@mail.ru  а.ж 15 қарашасына дейін жіберуі қажет.

 Балаларға жетекші тағайындалуы қажет.

 Балаларды жетекшiсі олимпиадаға қатысушылардың олимпиада өтетiн жерге әкелу, қайту жолындағы, олимпиада барысындағы жол және өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

  1. 5. Қорытынды ереже

 Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады.

Олимпиада қорытындысы жөнінде толық ақпарат орталықтың ресми сайтында syr-daryny.kz жарияланатын болады.

Ұсыныс төмендегі кесте бойынша қабылданады:

 

Р/с

Оқушының

аты – жөні

Мектебі

Сыныбы (көру, есту)

Облысы,

Қаласы

 

Жетекшінің аты – жөні, ұялы телефоны

1.

         

2.

         

3

         

4

         

5

         

 

 

 

Қазақ тілі, математика пәндерінен қатысу контингенті

Аудан/ қала

Сыныптар (көру)

 

Сыныптар (есту)

Барлығы

4-5

6-7

4-5

6-7

Арал

2

2

2

2

8

Қазалы

2

2

2

2

8

Қармақшы

2

2

2

2

8

Жалағаш

2

2

2

2

8

Сырдария

2

2

2

2

8

Жаңакорған

2

2

2

2

8

Шиелі

2

2

2

2

8

№5 көру қабілеті бұзылған балалардың арнайы (түзету) интернаты

2

2

2

2

8

№6 есту қабілеті бұзылған балалардың арнайы (түзету) интернаты

2

2

2

2

8

Барлығы

20

20

20

20

80