«ЖҰЛДЫЗАЙ-2021» спартиакиадасы

Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар арасында «ЖҰЛДЫЗАЙ-2021» спартиакиадасын өткізу ережесі

1.Жалпы ережелер

  1. Ерекше білім беру сұранысы бар, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балалардың облыстық «Жұлдызай» Спартакиадасы (әрі қарай – Спартакиада) өткізіледі. 
  1. СПАРТАКИАДА МАҚСАТЫ
  2. Саламатты өмір салтын насихаттау, мүмкіндіктері шектеулі балаларды спортқа тарту, әлеуметтендіру және қоғамға шоғырландыру. Зияткерлік әрі дене бітімі ерекше дамыған балаларға қоғамның көзқарасын өзгерту және назарларын аударту. Балалар спортын дамыту әрі қолдау саласында мемлекеттік ұйым, бизнес-құрылым және қоғамдық бірлестіктердің өзара әрекеттесу жаңашыл әдістерін қалыптастыру. 
  1. СПАРТАКИАДА МІНДЕТТЕРІ

3.1 Мүмкіндіктері шектеулі балалардың спортқа деген дарынын анықтау әрі дамыту;

3.2 Командалар арасындағы достық қатынастың артуына, қатысушылар спорттық рухын бекітуге әсер ету;

3.3 Спорттық шеберлік жоғары деңгейін игерту, мүгедектердің спорттық мәдениетін қалыптастыру, дене тәрбиесінің құндылықтарына қарай тарту, дарыту;

3.4Мақсатты әрі ұйымдастырылған түрде жарысқа қатыса отырып, жарысу үрдісіне қатысу арқылы ұжымдық саналы әрекеттерін және еңбек дағдысын қатысушылардың молынан алуына көмек ету;

3.5Мүмкіндіктері шектеулі балалардың өмір сапасын жақсарту және шынайы өмірсүру жағдайына біртіндеп бейімдеу мүмкіндіктерін жасау. 

  1. СПАРТАКИАДАҒА ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ

Спартакиада (аймақтық) 1-кезеңіне жарыс өткізу кезеңінде 10-15 жас аралығындағы Спартакиадаға қатысуға өтініш білдірген мүмкіндіктері шектеулі балалар (қыздар да, ұлдар да) қатыстырылады.

Аудандық, қалалық кезеңнің өткізілгені туралы есебі және хаттамалары                               а.ж. 10 қарашаға дейін өткізілуі тиіс.

4.1 Жасына қойылатын шектеулер:

А) Жоғары жас топтары: 13 – 15 жастағы балалар (2006/2007/2008 жылы туғандар);

Б) Кіші жас топтары: 10 – 12 жастағы балалар (2009/2010/2011 жылы туғандар). 

4.2. Спартакиадаға есту, көру қабілеті бұзылған балалар және ақыл-парасаттың артта қалу диагнозы; аутизм, Даун синдромы және зерде бұзылыстары бар балалардың диагнозы, Тірек-қимыл аппараты бұзылулары бар балалар қатыса алады.

Балалардың спартакиадада көрсетілген спорт түрлеріне қатысуына рұқсат қағазы  мектеп медбикесімен куәландырылады.

4.3   Спорт түрлері: Әр ауданнан келетін қатысушы саны. Берілген кестеге сәйкес қана балалар ойынға қатыстырылады.

Әр ауданнан келетін бала саны кестеге сәйкес жүргізіледі.

Спорт түрлері

10-12 жас

13-15 жас

Барлығы

Шағын футбол (ұлдар)

8

8

16

Шахмат (ұлдар)

1

1

2

Дойбы (қыздар)

1

1

2

Асық ату (ұл бала)

1

1

2

Бестас (қыз бала)

1

1

2

Жеңіл атлетика

 (50м қыздар 10-12 жас,

100 м – ұлдар 13-15 жас)

1

1

2

Қол күрес (ұлдар)

1

1

2

Барлығы

14

14

28

  1. ЖАРЫСТЫ ӨТКІЗУ ШАРТТАРЫ

Спартакиада өткізілетін спорт түрі Бекітілген ережесіне сай өткізіледі.

Жарыстың өткізілетін орны Спартакиада логотипі бар сәйкес баннерімен ресімделуі тиіс.

Командалардың ортақ киімі және спорттық аяқ киімі болуы шарт.

Жарақаттанудың алдын алу үшін инесі бар бутсы киюге тыйым салынады.

  1. ЖАРЫСТАҒЫ ТӨРЕШІЛІК

6.1 Спартакиаданы өткізу аймақтық дене тәрбиесі орталығымен жүргізіледі.

6.2 Спорттың әртүрі бойынша аймақтық жарыстардың нәтижелері хаттамаға толтырылады;

  1. 7. МАРАПАТТАУ

Жеңімпаздар және жүлдегерлер, жеңімпаз және жүлдегер командалар кубок, медаль, диплом және түрлі сыйлықтармен марапатталады.

  1. ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Командалар қатысушылардың  тізімін (аты-жөнін және атауларын (қысқартусыз), паспорттарының сканерленген көшірмелерін, денсаулығына байланысты шектеулерді растайтын құжаттарды, топ жетекшісінің байланыс телефонын жіберуі қажет.

Тапсырыстар «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы, электрондық поштасы kosymsha.bilim.bery@mail.ru  а.ж. 19 қарашаға дейін берілген формада (№1 қосымша) жіберілуі қажет.

 Ұйымдастыру комитеті