Ауыл мектептерінің 5-8 сынып оқушылары арасында «Елбасы және тарих» тақырыбындағы қашықтан облыстық эссе байқауының ЕРЕЖЕСІ
- Жалпы ережелер
- Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының 2021-2022 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес ауыл мектептерінің 5-8 сынып оқушылары арасында «Елбасы және тарих» тақырыбындағы қашықтан облыстық эссе байқауы (бұдан әрі – Байқау) өткізу.
- Байқауды ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.
- Байқаудың мақсаты мен міндеттері
- Оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, жастардың ғылымға деген ынтасын арттыру;.
- Ең талантты және дарынды жас зерттеушiлердi iрiктеу және оларға қолдау көрсету, дарынды жас оқушыларды табу әрі қолдау.
- Шәкірт жүрегінде Елбасының елі үшін жасаған істерін және өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, Елбасына деген құрмет, сезімін ояту.
- Тұңғыш Президент–Елбасының Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін қалыптастырудағы маңызды рөлін ашып көрсету;
- Білім алушылардың сөйлеу, есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту, ой-өрісін кеңейту; қасиетті Отанға деген шексіз сүйіспеншілікке, Тұңғыш Президент үшін мақтана білуге тәрбиелеу;
- Бос уақытты тиімді өткізуге, ойлау қабілетін дамытуға, шығармашылық әлеуетін көтермелеуге, тілдік қорларын кеңейтуге ықпал жасау.
- Оқушыларды сүйіспеншілікке, сезімталдыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
- Бос уақытты тиімді өткізуге,ойлау қабілетін дамытуға, шығармашылық әлеуетін көтермелеуге, тілдік қорларын кеңейтуге ықпал жасау.
- Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі
- Байқау 2021 жылдың 30 қараша күні өткізіледі.
- Байқауға қатысу өтінімі мен жұмыстарды а.ж. 26 қарашаға дейін elumiti-orda@mail.ru электронды поштасына жіберу қажет.
- Өтінім қабылдау мерзімінен кешіккен жұмыстар және көрсетілген талаптарға сай емес эсселер қарастырылмайды.
- Байқаудың рәсімделу талаптары мен шарттары
- Байқауға жалпы білім беру ұйымдарының 5-8 сынып аралығындағы оқушылары қатыса алады.
- Эссе ережесіне сәйкес:
– 5 сыныптар үшін- 70-80;
– 6 сыныптар үшін- 80-90;
– 7 сыныптар үшін- 90-100;
– 8 сыныптар үшін- 100-150;
- Жұмыстар оқушының таңдауымен қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде, MS Word форматында орындалады:
– Қаріп түрі Times New Roman;
– Қаріп өлшемі – 14, интервал 1 болуы тиіс.
- Эссені рәсімдеуде төмендегіше реттілікке сүйенеді:
– автордың аты-жөні (толық);
– облыс, аудан (қала) немесе ауыл;
– білім беру ұйымының атауы, сыныбы;
– авторға бағыт беруші жетекшінің аты-жөні (толық);
- Эссенің орфографиялық қателіктеріне, жұмыстың мәтініне, авторлық құқығының сақталуына конкурсқа қатысушы жауапты. Конкурсқа ұсынылған жұмыс бұрын баспа бетінде және интернет желілерінде жарияланбаған болуы шарт. Конкурсқа ұсынылған жұмыстар көрсетілген уақытқа сәйкес қабылданады.
- Бағалау критерийлері
- Ең үздік эссені іріктеу кезінде мыналар ескеріледі:
- ой тұжырымының логикасы мен образдылығы;
- эссенің мазмұнын анықтайтын ойдың тереңдігі мен тақырыптың ашылуы;
- жазба тілінің сапасы;
- зерттеушілігі, тұжырымдамалардың дәлелділігі мен дербестігі;
- сауаттылығы (орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателері).
- Жұмыстар 10 балдық жүйемен бағаланады.
- Байқаудың жеңімпаздарын марапаттау
- Байқауды бағалау оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай 5-6 және 7-8 сыныптар бойынша топқа бөлініп бағаланады.
- Әділ-қазылар шешімімен жеңімпаз деп танылған оқушылар Қызылорда облысының білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
Байқау нәтижесі 2021 жылдың 30 қараша күні syr-daryny.kz ресми сайты мен @syrdaryny фейзбук әлеуметтік парақшасында жарияланады.