Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5 – 6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ереже
  2. Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5 – 6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданы (бұдан әрі – Олимпиада) ұйымдастыру және өткізу ережесі жалпы білім беретін пәндер бойынша жалпы орта білім беру бағдарламаларын іске асыратын барлық білім беру ұйымдарының 5 – 6 сынып оқушылары үшін республикалық олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.
  3. Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері: оқушылардың зияткерлікке және ғылыми білімге қызығушылығын дамыту, қабілеттерін, бейімділіктерін іске асыру үшін жағдай жасау, дарынды балалармен жұмысты іске асыру шеңберінде ерте бейіндеу, республикалық пәндік олимпиадаларға қатысу үшін жоғары ынталандырылған білім алушыларды анықтау.
  4. Олимпиада төрт кезеңде өткізіледі:
  • бірінші (мектепішілік) кезең;
  • екінші (аудандық/қалалық) кезең;
  • үшінші (облыстық) кезең;
  • төртінші (қорытынды) кезең.
  1. Барлық кезеңдер бір турда өткізіледі.
  2. Республикалық ұйымдастыру комитеті болып «Дарын» республикалық ғылыми – практикалық орталығы (бұдан әрі – «Дарын» РҒПО) табылады.

Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті:

  • Олимпиаданы өткізудің ұйымдастырушылық – техникалық нысанын анықтайды;
  • Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізуді қамтамасыз етеді;
  • Олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысушыларды (қажет болған жағдайда) олимпиаданы өткізу кезінде жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп қолданыстағы санитарлық – эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға сәйкес тамақпен қамтамасыз етеді;
  • Әрбір жалпы білім беретін пәндер бойынша Олимпиада тапсырмаларының сақталуын қамтамасыз етеді, олардың құпиялылығы үшін Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген жауапкершілікке ие;
  • Олимпиадаға қатысушылардың олимпиада жұмыстарын кодтауды (аты – жөнін жасыру) жүзеге асырады.
  1. Олимпиада жыл сайын қараша – желтоқсан айларында «Дарын» РҒПО Нұр – Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары білім басқармаларымен, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарымен бірлесіп өткізеді.
  2. Олимпиада жалпы білім беру бағдарламалары негізінде келесі пәндер бойынша өткізіледі: математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы.

«Дарын» РҒПО Олимпиаданың барлық кезеңдеріне  арналған тапсырмаларды құрастырады және әзірлейді.

  1. «Орыс телінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі» пәніне ұлты туу туралы куәлігі бойынша сәйкестендірілетін ұлты қазақ емес оқушылар (ата – анасының екеуі де ұлты қазақ адамдар болмауы тиіс) қатысады.
  2. Олимпиаданың барлық кезеңдеріне арналған тапсырмалар ұқсас.
  3. Олимпиаданың барлық кезеңдерін өткізу мерзімі мен пәндер тізбесін жыл сайын «Дарын» РҒПО бекітеді.
  4. Мектепішілік, аудандық, облыстық және қорытынды кезеңдерін өткізу жөніндегі нұсқаулықты «Дарын» РҒПО әзірлеп, бекітеді.
  5. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер саны әр пән мен сынып бойынша Олимпиадаға қатысушылардың жалпы санының 45 пайызын құрайды.
  6. Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады. І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдардың саны келесі пропорцияға сүйене отырып анықталады: жеңімпаздар санының 50 % – дан көп емес ІІІ дәрежелі, 30 % – дан көп емес ІІ дәрежелі, 20 % – дан көп емес І дәрежелі дипломдар.

 

  1. Олимпиаданың бірінші (мектепішілік) кезеңін ұйымдастыру және өткізу тәртібі.
  2. Бірінші (мектепішілік) кезеңді білім беру ұйымдарында қалалық білім басқармалары, аудандық білім бөлімдері ағымдағы оқу жылының

10 қарашасынан кешіктермей өткізеді.

  1. Олипиаданың бірінші (мектепішілік) кезеңін ұйымдастыру және өткізу үшін білім беру ұйымдарының басшылары ұйымдастыру комитетін құрады және бекітеді (бұдан әрі – Мектептің ұйымдастыру комитеті).
  2. Мектептің ұйымдастыру комитетінің құрамына төраға мен ұйымдастыру комитетінің мүшелері кіреді. Төраға болып білім беру ұйымының басшысы айқындалады.
  3. Мектептің ұйымдастыру комитеті:
  • Олимпиаданың бірінші (мектепішілік) кезеңін өткізуді үйлестіреді және бақылайды;
  • Олимпиада қорытындысын талдайды және жинақтайды;
  • Олимпиаданың қорытындысы туралы ақпаратты аудандық (қалалық) білім бөліміне жібереді;
  1. Әр пән бойынша тапсырмаларды әзірлеу, орындалған жұмыстарды бағалау критерийлерін бекіту, оқушылардың жұмысын тікелей тексеру және бағалау, тапсырмаларды талқылау және түсіндіру, апелляция өткізу үшін қазылар алқасы мүшелерінің құрамы бекітіледі. Қазылар алқасының құрамына жоғары біліктілік санаты бар тәжірибелі мұғалімдер, әдіскерлер мен жоғары білікті аудандық білім бөлімдерінің өкілдері кіре алады.
  2. Олимпиаданың бірінші (мектепішілік) кезеңінің аяқталу қорытындылары бойынша білім беру ұйымдары кезең аяқталған сәттен бастап күнтізбелік 5 күн ішінде әрбір пән мен сынып бойынша қорытынды хаттамаларға сәйкес Олимпиаданың екінші (аудандық/қалалық) кезеңіне қатысу үшін командалар қалыптастырады.

 

  1. Олимпиаданың екінші (аудандық/қалалық) кезеңін ұйымдастыру және өткізу тәртібі.
  2. Екінші (аудандық/қалалық) кезеңді «Дарын» РҒПО белгілеген мерзімде Нұр – Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары білім басқармалары, аудандық білім бөлімдері өткізеді.
  3. Екінші (аудандық/қалалық) кезеңге әр пән мен сынып бойынша бірінші (мектепішілік) кезеңнің жеңімпаздары қатысады.
  4. Мамандандырылған білім беру ұйымдары үшін Олимпиаданың екінші (аудандық/қалалық) кезеңі бірінші (мектепішілік) кезеңге теңестіріледі.
  5. Екінші (аудандық/қалалық) кезеңді ұйымдастыру және өткізу үшін аудандық (қалалық) білім басқармалары ұйымдастыру комитетін құрады және бекітеді. Ұйымдастыру комитетінің құрамына төраға мен ұйымдастыру комитетінің мүшелері кіреді. Аудандық/қалалық білім басқармасының басшысы төраға болып табылады.
  6. Ұйымдастыру комитеті:
  • Олимпиаданың екінші (аудандық/қалалық) кезеңін өткізуді үйлестіреді және бақылайды;
  • Олимпиада қорытындысын талдайды және жинақтайды;
  • Олимпиаданың қорытындысы туралы ақпаратты облыстық, Нұр – Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармаларына жібереді. Кезеңнің қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарының рейтингісін жасайды.
  1. Екінші (аудандық/қалалық) кезеңнің олимпиадалық тапсырмалары құпиялық және сақталуды қамтамасыз ете отырып, бүкіл республика бойынша бір мезгілде ұйымдастыру комитетінің жауапты мүшесіне жіберіледі.
  2. Тапсырмаларды көбейту шаралары аудандық (қалалық) білім басқармасының сайтында және әлеуметтік желілерде тікелей бейнетрансляцияда көрсетіледі.
  3. (Аудандық/қалалық) білім басқармасының басшылары Олимпиада тапсырмаларының құпиялылығын сақтауға және сапалы

бейнетрансляцияны ұйымдастыруға жауапты.

  1. Ұйымдастыру комитеті оқушылардың жұмысын тексеру және бағалау, әр пән бойынша тапсырмаларды талқылау және түсіндіру, апелляция өткізу үшін қазылар алқасы мүшелерінің құрамын бекітеді. Қазылар алқасы мүшесінің құрамына жоғары оқу орындарының оқытушылары, әдіскерлер, тәжірибелі оқытушылар мен жоғары біліктілігі бар облыстық (қалалық) білім беру ұйымдарының өкілдері, сондай – ақ облыстық, республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, білім беру ұйымдарының, жоғары оқу орындарының түлектері мен студенттер кіре алады. Қатысушылар санына байланысты қазылар алқасының құрамы тақ санды (3 адамнан кем емес) құрайды. Олимпиадаға қатысушы оқушылардың педагогтері қазылар алқасының құрамына кірмейді.
  2. Әр турдың соңында қатысушылардың жұмыстарының шифрланған және сканерленген көшірмелері аудандық (қалалық) білім басқармаларының интернет ресурсына салынады.
  3. Оқушылардың жұмысын тексеру аяқталғаннан кейін қорытынды хаттамалар аудандық (қалалық) білім басқармаларының интернет ресурсына салынады.
  4. Олимпиаданың екінші (аудандық/қалалық) кезеңін аяқтау нәтижелері бойынша аудандық (қалалық) білім басқармалары әр пән мен сынып бойынша қорытынды хаттамаларға сәйкес кезең аяқталғаннан бастап

5 күнтізбелік күн ішінде Олимпиаданың үшінші (облыстық) кезеңіне қатысу үшін командалар қалыптастырады.

 

  1. Олимпиаданың үшінші (облыстық) кезеңін ұйымдастыру және өткізу тәртібі.
  2. Үшінші (облыстық) кезеңді облыстардың, Нұр – Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары білім басқармалары, «НЗМ» ДББҰ, республикалық білім беру ұйымдары (бұдан әрі – РББҰ) «Дарын» РҒПО белгілеген мерзімде жүзеге асырады.
  3. Әрбір пән мен сынып бойынша екінші (аудандық/қалалық) кезеңнің жеңімпаздары үшінші (облыстық) кезеңнің қатысушылары болып табылады.
  4. Үшінші (облыстық) кезеңді ұйымдастыру және өткізу үшін «Дарын» РҒПО және облыстардың, Нұр – Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармалары, «НЗМ» ДББҰ ұйымдастыру комитетін құрады және бекітеді.
  5. Ұйымдастыру комитетінің құрамына төраға мен ұйымдастыру комитетінің мүшелері кіреді. Облыстар мен Нұр – Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары білім басқармаларының, «НЗМ» ДББҰ және «Дарын» РҒПО – ның басшылары төраға болып табылады.
  6. Ұйымдастыру комитеті:
  • Олимпиаданың үшінші (облыстық) кезеңін өткізуді үйлестіреді және бақылайды;
  • Қатысушылар жұмысты аяқтағаннан кейін әр пән мен сынып бойынша барлық қатысушылардың шифрланған және сканерленген жұмыстарын әділқазылар мүшелеріне тексеру үшін жібереді;
  • Олимпиада қорытындысын талдайды және жинақтайды;
  • Олимпиаданың қорытындысы туралы ақпаратты «Дарын» РҒПО – на жібереді;
  • Кезеңнің қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарының рейтингісін жасайды және интернет ресурстарында жариялайды.
  1. «Дарын» РҒПО Олимпиаданың үшінші кезеңі тапсырмаларының құпиялылығы мен сақталуын қамтамасыз ете отырып, бүкіл республика бойынша ұйымдастыру комитетінің жауапты мүшесіне бір уақытта жібереді.
  2. Облыстық, Нұр – Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары білім басқармаларының, «НЗМ» ДББҰ және «Дарын» РҒПО басшыларына Олимпиада тапсырмаларының құпиялылығын сақтау және сапалы бейне трансляцияны қамтамасыз ету бойынша жауапкершілік жүктеледі.
  3. Қазылар алқасы мүшесінің құрамына жоғары оқу орындарының оқытушылары, әдіскерлер, жоғары біліктілік санаты бар тәжірибелі мұғалімдер, сондай – ақ білім беру ұйымдарының, жоғары оқу орындарының түлектері және студенттер болып табылатын облыстық, республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері кіруі мүмкін. Қазылар алқасының құрамына оқушылары үшінші (облыстық) кезеңге қатысатын педагогтар кірмейді.
  4. Оқушылардың тапсырманы орындау процесі бейнетрансляциямен сүйемелденеді және көрсетілген бейнетаспа қорытынды кезең аяқталғанға дейін сақталады.
  5. Турлар аяқталғаннан кейін қатысушылар жұмыстарының шифрланған және сканерленген көшірмелері облыстардың, Нұр – Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары білім басқармаларының, «НЗМ» ДББҰ, «Дарын» РҒПО интернет ресурстарына салынады.
  6. Оқушылардың жұмысын тексеру аяқталғаннан кейін қорытынды хаттамалар облыстар мен Нұр – Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармалары, «НЗМ» ДББҰ және «Дарын» РҒПО – ның интернет ресурстарына салынады.
  7. Облыстар мен Нұр – Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары білім басқармалары, «НЗМ» ДББҰ Олимпиаданың үшінші (облыстық) кезеңінің нәтижелері бойынша 5 күнтізбелік күн ішінде әр пән мен сынып бойынша қорытынды хаттамаға сәйкес төртінші кезеңге қатысуға командалар құрады. Қатысушылардың тізімі мен хаттамалардың көшірмесі «Дарын» РҒПО – на жіберіледі.

 

  1. Олимпиаданың төртінші (қорытынды) кезеңін ұйымдастыру және өткізу тәртібі.
  2. Төртінші (қорытынды) кезеңді «Дарын» РҒПО өткізеді.
  3. Төртінші (қорытынды) кезеңге Олимпиаданың үшінші (облыстық) кезеңінде ең көп ұпай жинаған, әр пән мен сынып бойынша бір оқушыдан қатысады.
  4. Төртінші (қорытынды) кезеңді ұйымдастыру және өткізу үшін «Дарын» РҒПО республикалық ұйымдастыру комитетін құрады және бекітеді.
  5. Республикалық ұйымдастыру комитетінің құрамына ұйымдастыру комитетінің төрағасы «Дарын» РҒПО директоры, сонымен қатар тиісті құрылымдық бөлімдердің жетекшілері кіреді.
  6. Республикалық ұйымдастыру комитеті:
  • Олимпиаданың барлық кезеңдерін өткізуді үйлестіреді және бақылайды;
  • Олимпиаданың төртінші (қорытынды) кезеңін өткізу мерзімін және өткізу орнын белгілейді;
  • Олимпиада қорытындысын талдайды және жинақтайды;
  1. Оқушылардың тапсырмаларды орындау процесі кезінде бейнетрансляция жүргізіп, бейнежазбалар төртінші (қорытынды) кезең аяқталғанға дейін сақталуы тиіс.
  2. Ұсынылған олимпиадалық тапсырмалардың құпиялылығын сақтау және бейнетрансляцияны сапалы қамтамасыз ету жауапкершілігі «Дарын» РҒПО директорына жүктеледі. «Дарын» РҒПО директоры Олимпиада тапсырмаларының құпиялылығына және сапалы бейнетрансляцияға жауапты.
  3. Оқушылардың жұмысын тексеру және бағалау, әр пән бойынша тапсырмаларды талқылау және түсіндіру, апелляция өткізу үшін қазылар алқасы мүшесінің құрамы бекітіледі. Қазылар алқасы мүшесінің құрамына жоғары оқу орындарының оқытушылары, әдіскерлер, жоғары біліктілік санаты бар тәжірибелі мұғалімдер, сондай – ақ білім беру ұйымдарының, жоғары оқу орындарының түлектері және студенттері, республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері кіреді. Қазылар алқасының құрамына оқушылары Олимпиаданың төртінші (қорытынды) кезеңіне қатысатын педагогтар кірмейді.
  4. Оқушылардың жұмысын тексеру аяқталғаннан кейін қорытынды хаттамалар «Дарын» РҒПО интернет ресурсына салынады.