«Туған елің Қазақстанды жақсы білесің бе?»

«Туған елің Қазақстанды жақсы білесің бе?» атты республикалық балалар оқулары байқауының облыстық кезеңі а.ж. 9 қараша күні өткізілді.

Байқаудың мақсаты: кітап оқуға деген құштарлығын қалыптастыру, балаларды Отанымыздың тарихы, географиясы, астрономия ғылымын білуге және мәдени дәстүрлерімен тәрбиелеу, баулу, өз еліне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру болып табылады.

Облыстық байқау ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған келесі кітаптардың мазмұны бойынша өткізілді.

  1. «Сиқырлы жұлдызша» /Волшебная звездочка»;
  2. «Атамекен сиқырлы елінің аңыздары» /Легенды волшебной страны Атамекен»;
  3. «Сиқырлы қазғыш-таяқша». Ежелгі Қазақстан тарихының көңілді оқулығы /Волшебная палочка-копалочка» веселый учебник истории древнего Казахстана;
  4. «Қазақстан елімен сиқырлы саяхат» /Волшебное путешествие по стране Казахстан».
  5. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы.

Аталған байқауға жалпы облыс бойынша 217 облыстық мекемелерден 746 оқушы қатысып, облыстық кезеңге 12 команда оның ішінде 60 оқушы қатыстырылды. Оқушыларға тест түрінде тапсырма берілді. Командалық топтық байқауда төмендегідей орындар берілді:

І дәрежелі диплом иегері:

Қармақшы ауданы- «Самғау» тобы;

ІІ дәрежелі диплом иегері:

Жалағаш ауданы-«Темірқазық» тобы;

ІІІ дәрежелі диплом иегерлері:

Қызылорда қаласы- «Readership» тобы;

Шиелі ауданы- «Жалын» тобы;

Облыстық байқау жеңімпаздары ІІІ-тур аймақтық кезеңге қатысады. Оңтүстік-(Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары) оқушыларымен бақ сынасады.

Алдағы өткізілетін аймақтық кезеңге қатысушы Қызылорда облысының намысын қорғаушы «Самғау» тобына сәттілік пен жеңіс тілейміз!