«Birge Oqý» онлайн мектебіне қашықтан білім алуы үшін 7-8-сынып оқушыларына конкурстық іріктеу өткізуде

Құрметті 7-8 сынып оқушылары және ата-аналар!

Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы «Елбасы Академиясы» корпоративті қорының «Birge Oqý» онлайн мектебіне қашықтан білім алуы үшін 7-8-сынып оқушыларына конкурстық іріктеу өткізуде.

«Birge Oqý» онлайн мектебі – мектептен тыс уақытта үйден сапалы қосымша білім алу үшін үлкен мүмкіндік. Жобаға көп балалы, аз қамтылған отбасының балалары қатыса алады.

Жоба барысында оқушылар еліміздің үздік мұғалімдерінен аптасына 2 сағат ағылшын тілі, 2 сағат математика пәнінен білім алады.

Онлайн мектепте білім алу үшін:

  • үздіксіз интернет байланысы
  • компьютер/смартфон/планшет жеткілікті.

Сауалнамадан қажетті ұпай жинаған үміткерлер онлайн мектепте тегін оқуға шақырту алады.

Еліміздің үздік мұғалімдерінен тегін білім алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

  Орындар саны шектеулі.

Сілтеме: https://forms.gle/2wBqGYPgdWLDz3H56