«Тәуелсіз Қазақстан және Елбасы» атты қашықтан облыстық сурет байқауы

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері және мектеп алды даярлық топтары оқушылары арасында «Тәуелсіз Қазақстан және Елбасы» атты қашықтан облыстық сурет байқауының өткізілгендігі туралы АНЫҚТАМАСЫ

 

2021 жылдың 17 қараша күні  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  30 жылдығын мерекелеу жөніндегі облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері және мектеп алды даярлық топтары оқушылары арасында «Тәуелсіз Қазақстан және Елбасы» тақырыбында облыстық сурет байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

  1. Оқушылардың өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру,ел мен жердің қадір қасиетін ұғынуға тәрбиелеу;
  2. Оқушылардың рухани-патриоттық сезімін ояту, Отанға сүйіспеншілігін арттыру, азаматтық, адамгершілік қасиеттерін дамыту, мемлекеттімізді мақтан тұтуға тәрбиелеу.
  3. Тәрбиеленушілердің көркемдік қиялын, эстетикалық талғамын жетілдіру.
  4. Жас суретшілердің талабын шыңдау. Оқушыларды шығармашылық әрекетке тарту, бейнелеу өнеріне қызығушылығын дамыту.

 

Облыстық байқауға 29 тәрбиеленуші қатысып, 9 қатысушы облыстық білім басқармасының І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

 

І дәрежелі диплом иегері:

  1. Құралбай Ерасыл-Сырдария ауданы, №35 мектептің МАД-тобының оқушысы

 

ІІ дәрежелі диплом иегерлері:

  1. Уәкіл Әдия-Жалағаш ауданы, №188 мектептің МАД-тобының оқушысы
  2. Ерсайынұлы Бексұлтан-Қазалы ауданы, №3 «Өрімтал» бөбекжай бақшасының тәрбиеленушісі
  3. Смайлова Айлуна-Қазалы ауданы, №3 «Өрімтал» бөбекжай бақшасының тәрбиеленушісі

 

ІІІ дәрежелі диплом иегерлері:

  1. Марат Нұрсыйла-Арал ауданы, №231 мектептің МАД-тобының оқушысы
  2. Тастыбай Жұлдыз-Қазалы ауданы, №24 «Жауқазын» бөбекжай бақшасының тәрбиеленушісі
  3. Жантөре Әділет-Сырдария ауданы, №42 мектептің МАД-тобының оқушысы
  4. Бекназар Нұрғабыл-Шиелі ауданы, №50 мектептің МАД-тобының оқушысы
  5. Ували Айзия-Шиелі ауданы, №241 мектептің МАД-тобының оқушысы

Марапат иегерлерін жетістіктерімен құттықтаймыз!!!