«Елін сүйген, жерін сүйген Елбасы» ақындар мүшәйрасының
ЕРЕЖЕСІ
- Жалпы ереже
1.1. Осы ереже Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» стратегиялық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында құрылған «Кіші бағдарлама «Тәрбие және білім»» іс-шара жоспарының «Елін сүйген, жерін сүйген Елбасы» тақырыбындағы облыстық ақындар мүшайрасын (Бұдан әрі – Мүшәйра) ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды.
1.2. Мүшәйраны ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.
- Мүшәйраның мақсаты мен міндеттері
– Бәсекеге қабілетті, жігерлі, жауапты, шығармашылық тұлға қалыптастыру. Білім беру мен оқытудың ұлттық жүйесін дамыту;
– Қазіргі жастардың туған жердің маңыздылығын ұғындыру;
– Туып-өскен жерін құрметтей алатын, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан жеке тұлғаны дамытуға жағдай туғызу;
– Оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға баулу, оқушылардың қабілеттерін арттыру.
- Мүшәйраны ұйымдастыру және өткізу тәртібі
Мүшәйра екі кезеңнен тұрады:
3.1. Бірінші кезең (аудандық/қалалық) 2021 жылдың 8 желтоқсанына дейін өткізіліп, ұсыныстар kosymsha.bilim.bery@mail.ru электронды поштасына а.ж. 8 желтоқсанына дейін жіберілуі қажет.
3.2. Екінші кезең – облыстық кезеңі 2021 жылдың 14 желтоқсан күні өткізіледі.
Екінші кезең 2 турдан тұрады:
- Бірінші тур – тақырыпқа сай дайындап әкелген өлеңдерін нақышына келтіріп орындау;
- Екінші тур – ақындық қабілеттерін сынау мақсатында ұйымдастырушылар тарапынан берілген тақырыптар бойынша 5-10 минут аралығында өз жадынан өлең шығару.
Басталу уақыты: 09.30
Тіркелу: 9.00
- Мүшәйраға қатысушылар
4.1. Мүшәйраға әр ауданнан үздік деп танылған аудандық/қалалық кезеңнің жеңімпаздары қатыса алады (5-10 сынып оқушылары)
4.2. Аудандық, қалалық, білім бөлімдерінің, облыстық білім басқармасына қарасты мекемелердің басшылары оқушылардың байқауға қатысуына жауапты болады.
- Мүшәйраның рәсімделу талаптары мен шарттары
5.1. Жұмыстар қазақ тілінде орындалады.
5.2. Мүшәйраға қатысушылар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне арналған шығармаларын тапсыра алады.
5.3. Мүшәйра шартына сәйкес келетін өлеңдер ғана қабылданады.
5.4. Көшірме болып табылатын, авторлық емес туындылар байқауға қабылданбайды.
5.5. Мүшәйраға қатысқан туындыларға пікір жазылмайды, қайтарылмайды және ұйымдастыру комитеті авторлардың өлеңдерін БАҚ беттеріне, жинаққа жариялауға құқығы бар.
- Бағалау критерийлері
Ең үздік туындыны іріктеу кезінде мыналар ескеріледі:
– Ойының ұшқырлығы мен көркемдеп жеткізілуі;
– Туынды мазмұнын анықтайтын ойдың тереңдігі мен тақырыптың ашылуы;
– Оқушының туындыны мәнеріне келтіре орындауы мен жеткізе білуі;
- Мүшәйраның жеңімпаздарын марапаттау
Мүшәйра жеңімпаздары облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады
Облыстық мүшәйраға ұсыныс төмендегі кесте бойынша қабылданады:
№ |
Оқушының аты-жөні |
Аудан/қала |
Мектебі |
Сыныбы |
Оқыту тілі |
Жетекшінің аты-жөні/байланыс нөмірі |