«Жадымда қалған Желтоқсан» атты мектеп оқушылары арасында өтетін ақындар айтысының
ЕРЕЖЕСІ
1.1.Жалпы ереже
1.1. Осы ереже Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің, «Болашаққа бағдардар: рухани жаңғыру» стратегиялық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында құрылған «Кіші бағдарлама «Тәрбие және білім» іс-шара жоспарының «Жадымда қалған Желтоқсан» тақырыбындағы облыстық ақындар айтысын (бұдан әрі – айтыс) ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды.
1.2. Айтысты ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы
- Айтыстың мақсаттары мен міндеттері
Айтыстың мақсаты – Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің бастауы болған Желтоқсан оқиғасының тарихи, ұлттық құндылығын суырып салма сөз өнері арқылы таныту, Желтоқсан оқиғасы құрбандарының азаматтық бейнесін халық санасында жаңғырту, тәуелсіздікті жырлау.
Міндеттері:
- шебер сөз құрау мен жоғары деңгейдегі поэзия арқылы мемлекеттік тілдің арнасын кеңейтіп, дамыту әрі насихаттау;
- талантты, дарынды жас ақындардың ақындық шеберлігінің шыңдала түсіп, көпшілікке танылуына мүмкіндік жасау;
- қазақстандық патриотизмді дәріптеу.
3.Айтысты ұйымдастыру мен өткізу тәртібі
3.1. Айтыс екі кезеңнен тұрады.
1-кезең – аудандық (қалалық).
3.1. Бірінші кезең-(аудандық/қалалық) а.ж. 3 желтоқсанына дейін өткізіліп, хаттама және ұсыныстар kosymsha.bilim.bery@mail.ru электронды поштасына а.ж. 3 желтоқсанына дейін жіберілуі қажет. 3 желтоқсаннан кейін жіберілген ұсыныстар қабылданбайды.
3.2. Екінші кезең (облыстық кезең) а.ж. 8 желтоқсан күні өткізіледі.
3.3. Айтыс І және ІІ кезеңде 2 айналымнан тұрады. 1-айналымда айтыскер ақындар жеребе бойынша айтысады.
2-айналымда ұпай саны жоғары айтыскерлер іріктеуден өтіп, сол жерде ұсынылған тақырып бойынша айтысады.
3.4. Айтысқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Ақындар жеребе тарту әдісі арқылы жұптарға бөлініп айтысады.
3.5. Ақындардың сөз сайыстыру (айтысу) уақытының ұзақтығын қазылар алқасы белгілейді
- Тақырыпты ашуы, одан ауытқымауы;
- Ұлы Дала тарихын терең меңгеруі;
- Суырыпсалма дарыны;
4.Ой тереңдігі мен сөз тапқырлығы;
5.Сахна мәдениеті мен орындаушылық шеберлігі
- Айтысқа қатысушылар
4.1. Айтысқа аудандық (қалалық) әр сыныптан үздік деп танылған 1-кезеңнің жеңімпаздары қатысады. (5-10 сынып оқушылары)
4.2. Қатысушы оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтау және уақытылы келуі мен қайтуына қалалық, аудандық білім бөлімінің басшылары мен облыстық мекемелер басшылары жауапты болады.
- Байқаудың жеңімпаздарын марапаттау
Айтыстың жеңімпаздары облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдары және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Жеңімпаздар мәліметі ұйымдастырушылардың әлеуметтік желілердегі парақшаларында (Сыр Дарыны, instagram; facebook; syrdaryny) жарияланатын болады.
Облыстық айтысқа ұсыныс төмендегі кесте бойынша қабылданады:
№ |
Оқушының аты-жөні |
Аудан/қала |
Мектебі |
Сыныбы |
Жетекшінің аты-жөні/байланыс телефоны |
|
|
|
|
|
|
(Өтінім қалалық, аудандық білім бөлімдері мен облыстық мекеме басшыларының қолымен ғана қабылданады)