Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері мен мектепалды даярлық топтарының оқушылары арасында «Мен Тәуелсіз елдің ұланы» қашықтан облыстық театрландырылған бейнеролик қойылымы байқауы

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері мен мектепалды даярлық топтарының оқушылары арасында «Мен Тәуелсіз елдің ұланы»  қашықтан облыстық театрландырылған бейнеролик қойылымы байқауының

 ЕРЕЖЕСІ 

  1. Жалпы ережелер
    • Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының 2021-2022 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен мектепалды даярлық топтары арасында «Мен тәуелсіз елдің ұланы» тақырыбында қашықтан облыстық театрландырылған бейнеролик қойылым байқауын (бұдан әрі – Байқау) өткізу.
    • Байқауды ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.

 

  1. Конкурстың мақсаты мен міндеттері
    • Театрландырылған қойылымдар арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, өмірлік оң көзқарастарын тәрбиелеу. Тәрбиеленушілерді жан-жақты болуға бейімдеу;
    • Театрландырылған қойылымдар арқылы балалар тілін дамыту, сөздік қорларын, ауызша сөйлегенде дыбыстарды анық айтуға үйрету;
    • Бала тілінің балғындылығын, қылықтылығын көрсете отырып, болашағымыз тәтті бүлдіршіндердің тәрбиесінен басталатындығына мән беру;
    • Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және өзіндік жұмыс жасауға белсендіру, медиашығармашылыққа еліктіру, бос уақытын тиімді пайдалануға үйрету.

 

  1. Конкурстың рәсімделу талаптары мен шарттары

3.1. Бейнероликтер MP4, M4V, MOV, MPG, MPEG форматында, сыйымдылығы – 1280х 720 пиксел және ұзақтығы 5-7 минуттан аспауы қажет.

3.2. Бейнероликтер қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.

3.3. Байқаудың І кезеңі (аудандық) а.ж. 6 желтоқсанында, ІІ кезеңі (облыстық) 13 желтоқсаны күні өткізіледі.

3.4. Байқауға мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен мектепалды даярлық топтарынан аудандық кезеңі бойынша 1,2 орын алған жеңімпаздар қатыса алады.

3.5. Қатысушылар білімге құштарлығы, тәуелсіздік жетістіктері жайлы түрлі идеялардан тұратын топтар арасында театрландырылған қойылым түрінде 5-7 минуттан аспайтын бейнеролик ұсынуы қажет.

3.6. Бейнероликте қатысушылар жайлы ақпарат жазуы, (ауданы/қаласы, білім беру ұйымының толық атауы, курсы, автордың толық аты-жөні, жетекшісі) топтарға атау берілуі шарт және  қатысушылар тек 1 ғана бейнеролик ұсына алады.

3.7. Жіберілген бейнероликтер бұрын соңды ешқандай конкурстарға қатыстырылмаған, марапатқа ие болмаған болуы қажет.

3.8. Жұмыстың авторлық құқықтарының сақталуына автордың өзі (қатысушы) жауап береді.

3.9. Автор байқауға жіберген жұмыстарын ұйымдастырушыларға қолдануға құқық береді (интернет желісіне, телебағдарламаларға жариялау, шығармашылық жобаларға қатысу және т.б.).

3.10. Бейнеролик бір ғана топқа тиесілі болуы керек.

3.11. Білім бөлімі аудандық/қалалық басшысының ұсынысымен бейнероликтерді 2021 жылдың 8 желтоқсанына дейін elumiti-orda@mail.ru электронды поштасына жолдану қажет. Кешіктірілген және осы ережеде көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін, ережеде көрсетілмеген орталықтың басқа пошталарына жіберілген және жеке пошталардан келген бейнероликтер байқауға жіберілмейді.

  1. Бағалау критерийлері

4.1. Үздік деп танылған жұмыстардың авторлары облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталатын болады. Ұсынылған жұмыстарды бағалау критерийі:

бейнероликтің мазмұны (тақырыпқа сәйкестігі, сөйлеу мәдениеті, композициялық тұтастығы, логикалық жүйелілігі, құрылымының сапалылығы, ойдың ерекшелігі, креативтілігі);

бейнероликтің сапасы (уақытқа сәйкестігі, жұмыстың техникалық орындалуы, монтаждалуы, шеберлігі).

4.2. Байқау нәтижесі 2021 жылдың 13 желтоқсанында syr-daryny.kz ресми сайтында жарияланады.