Ауыл мектептерінің 1-4 сынып оқушылары арасында «Тәуелсіздік-тұғырым» тақырыбындағы қашықтан облыстық жас суретшілер конкурсы

Ауыл мектептерінің 1-4 сынып оқушылары арасында «Тәуелсіздік-тұғырым» тақырыбындағы қашықтан облыстық жас суретшілер конкурсының

ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ережелер 

1.1. Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының 2021-2022 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарына және «Қызылорда облысының ауылдық жерлерде тұратын, сондай-ақ әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы отбасылардан шыққан дарынды балаларды анықтау жүйесін енгізу және оларға қолдау көрсету мен дамыту бойынша олардың әрқайсысы үшін жеке жол картасын жасау жөніндегі» 2020 жылғы жол картасына сәйкес ауыл мектептерінің 1-4 сынып оқушылары арасында «Тәуелсіздік-тұғырым» тақырыбындағы қашықтан облыстық жас суретшілер конкурсын

(бұдан әрі – Конкурс) өткізу.

1.2. Конкурсты ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.

  1. Конкурстың мақсаты мен міндеттері

 2.1. Оқушылардың өз ұлтына, еліне  деген сүйіспеншілігін арттыру, мемлекетіміздің рәміздерін қастерлеуге, ұлттық сананы бойына сіңіріп, оны жалғастырушы болып өсуге тәрбиелеу,  ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, ел арасында сақталып келе жатқан  халық мұрасы бойынша оқушыларды имандылыққа  , қайырымдылыққа,  бірлікке тәрбиелеу,  адамгершілік сезімін арттыруға,желтоқсандықтарға әрдайым құрмет көрсетуге ,әділеттілікке, ел мен жердің қадір қасиетін ұғынуға   тәрбиелеу.

2.2. Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту.

2.3. Ауыл мектептерінің арасындағы жас суретшілердің талабын шыңдау. Оқушыларды шығармашылық әрекетке тарту, бейнелеу өнеріне қызығушылығын дамыту.

2.4. Ауыл мектептерінде білім алатын талантты суретшілерді анықтап, олардың шығармашылық тұрғыдан дамуына қолдау білдіру, көркемдік қиялын, эстетикалық талғамын жетілдіру.

2.5. Бос уақытты тиімді өткізуге,ойлау қабілетін дамытуға, шығармашылық әлеуетін көтермелеуге, тілдік қорларын кеңейтуге ықпал жасау.

  1. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі

 3.1. Конкурс 2021 жылдың 10 желтоқсан күні Қызылорда қаласы, «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы базасында қашықтықтан сырттай өткізіледі. Байқауға қатысу өтінімі мен жұмыстарды 2021 жылдың 8 желтоқсанына дейін elumiti-orda@mail.ru электронды поштасына жіберу қажет.

3.2. Конкурс аяқталған күннен кейін – суреттер қабылданбайды және көрсетілген талаптарға сай емес суреттер қарастырылмайды.

3.3. Конкурс ұсынылған жұмыстар рецензияланбайды және кері қайтарылмайды.

  1. Байқаудың рәсімделу талаптары мен шарттары

4.1. Конкурсқа  ұсынылған жұмыстар JPEG  электронды түрде ұсынылады. Ол үшін жұмысты суретке түсіріп немесе сканерден өткізу шарт. Сурет А4 парақ бетінде салынған болуы керек.

4.2. Кез-келген бейнелеу құралымен (майлы бояу, акварель, гуашь, түрлі-түсті карандаш) салынған жұмыс қабылданады.

4.3. Автор туралы мәліметтер жұмыспен қоса беріледі, олар байқауға қатысушының сауалнамасында көрсетіледі. Ереже талаптарына сай рәсімделмеген жұмыстар қабылданбайды.

  1. Бағалау критерийлері

5.1. Ең үздік шығармаларды іріктеу кезінде мыналар ескеріледі:

  • Тақырыптың ашылуы;
  • Салынған суреттің сапасы;
  • Тақырыпқа сай компизициясының болуы;
  • Бояуының ерекшелігі;
  • Тақырыпқа сәйкес безендірілуі;

5.2. Жұмыстар 10 балдық жүйемен бағаланады.

  1. Жұмыстың бірегейлігіне қойылатын талаптар

6.1. Жұмыстар бұрын салынған, сондай-ақ бөгде адамның қолымен салынған немесе бастырылған болмауы тиіс. Интернеттен алынған, бұрын жарияланған суреттер авторлық құқыққа сай есепке алынбайды. Жұмысты бағалау ойлау ерекшелігі, орындау эстетикасы, түстерді жарасымды қолдану, бейне композициясы, суреттің түпнұсқалығы өлшемдерімен бағаланады.

  1. Конкурстың жеңімпаздарын марапаттау
    • Конкурсты бағалау оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай сыныптар бойынша бағаланады.
    • Әділ-қазылар шешімімен жеңімпаз деп танылған оқушылар Қызылорда облысының білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
    • Конкурс нәтижесі 2021 жылдың 10 желтоқсан күні syr-daryny.kz ресми сайты мен @syrdaryny инстаграм парақшасында жарияланады.