2017-2018 оқу жылындағы атқарылған жұмыстар есебі

Компьютерлер паркін жаңалау

     Облыс бойынша 293 мектеп жұмыс жасайды. Мектептердегі ақпараттандыру, жаңа технологияларды ендіру қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі болғандықтан, осы бағытта облыс бойынша үлкен ілгерушіліктер байқалады. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы бойынша қазіргі таңда білім беру мекемелерін компьютермен жабдықтау, интернетке қосу, озық техникалар мен технологияларды пайдалану, қашықтық сабақтар мен онлайн кеңестерді ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.
     Бүгінгі күні мектептерде барлығы – 15122 компьютерлер бар. Ауыстыруды қажет ететін компьютер саны – 5266 болса, 2012 жылға дейінгі алынған компьютерлер саны 10503-ті құрап отыр.
     Жалпы және орта білім беру ұйымдарының мультимедиалық кабинеттермен жабдықтаумен қоса, облыс бойынша 573 пән кабинеттерімен (физика, химия, биология, лингофонды –мультимедиялық) жабдықтау жүргізілді. Оның ішінде: 100-физика, 100-химия, 112-биология, 261-лингофонды –мультимедиялық кабинет, оған қоса мектептерді интерактивті тақталармен жабдықтау да қолға алынды.
     Биылғы жылы материалдық-техникалық жағдайды қалыптастыру мақсатында 2129 планшет, 115 компьютер комплектісі(копьютер, видеопроектор, интерактивті тақта), 156 пән кабинеттері(физика, химия, биология) алынуда. Сонымен қатар қажеттілік туындатып отырған 8096 компьютерлер паркін жаңалауға және сервистік қызмет көрсетуге мемлекеттік жекеменшік әріптестік арқылы жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі күні компьютерлік жабдықтармен жабдықталу көрсеткіші 67,5%.
     Қазіргі таңда облыстың 26 мектебі (8,8%) және 9 оқушылар сарайы робототехника кабинеттерімен жабдықталған, робототехника үйірмелерінде 7000-нан аса оқушы қамтылған.
     Жобаны орындау және 92 мектепті (40%) робототехника кабинеттерімен жабдықтау нәтижесінде 28160 оқушы қамтылады. 9 оқушылар сарайын «3Д лабораториялармен» және және IT IMAQORDA ресурстық әдістемелік орталығын құру нәтижесінде тағы да 1000 оқушы үйірмелермен қамтылады. 23 шағын жинақталған мектептерді BilimBook комплексімен жабдықтау нәтижесінде қала және ауыл мектептері арасында білім беру сапасының айырмашылығы азаяды, 2801 оқушы сабақ барысында BilimBook комплексін қолданады.
     Бұл жобаларды іске асыру үшін 9 оқушылар сарайын «3Д лабораториялармен» жабдықтауға 87,0 млн.тг., 92 мектепті робототехника кабинеттермен жабдықтауға 308,6 млн.тг., 23 шағын жинақталған мектептерді BilimBook комплексімен жабдықтауға 50,0 млн.тг. қаржы бөлінді.

Кең жолақты интернет желісімен қамтылуы

     293 мектептің кең жолақты интернет желісіне қосылғаны(4-10 мбит/с жоғары)241 мектеп(82,3%). Қалған 32 мектепке радиомость арқылы тарту жұмыстары шілде айында аяқталады деп жоспарлануда. Сонымен қатар шалғай елді мекендердегі 20 мектепті Астел арқылы қосу қарастырылды. 2018 жылдың соңына дейін облыс мектептерінің кең жолақты интернет желісіне қосылу 100% болады деп күтілуде.
     WiFi сымсыз желісімен қамту мақсатында. 241 мектепке роутерлер сатып алынып, қазіргі таңда техникалық байланыс жұмыстары жүргізілуде.

Ұлттық білім беру деректер қоры (НОБД)

     Ұлттық білім беру деректер қоры (ҰББДҚ немесе НОБД) – бұл білім беру саласы бойынша алғашқы статистикалық деректер жинау және өңдеу процесін автоматтандыруға арналған жүйе. Ұлттық білім беру деректер қорында материалдық-техникалық базаға, кадрлық құрамға және контингентке қатысты есептерді әрі қарай автоматты қалыптастыру үшін білім беру ұйымынан деректер жинау процесі жүреді. Жүйеден алынған деректер әр түрлі аспектілер бойынша әртүрлі деңгейлерде білім беру саласында мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.
     Ұлттық білім беру деректер қоры «E-Learning» электронды оқыту жүйесінің www.e.edu.kz сайтында орналасқан. Ұлттық білім беру деректер қорында қазіргі таңда облыстың 1082 білім беру ұйымы тіркелген. Оның ішінде 659- мектепке дейінгі білім беру ұйымы, 306-жалпы орта білім беру ұйымы, 61-қосымша білім беру ұйымы, 21-арнайы білім беру ұйымы, 30- техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы, 5-жетім балаларға арналған білім беру ұйымы мектеп жұмыс жасайды.
     Мекеме паспортында әр ұйым материалдық-техникалық базасы, оқу процесі, контингент және кадрлар туралы мәліметтерін толтырады. Қызылорда облысының білім беру ұйымдары Ұлттық білім беру деректер қорын 2012 жылдан бастап толтырып келеді.

«Күнделік» электеронды журнал ақпараттық жүйесі

     Білім беру ұйымдарын цифрландыру бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 29 тамыздағы №536 бұйрығына сәйкес «Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған электронды журналдар мен күнделіктердің бірыңғай ақпараттық жүйесі» пилоттық жобасы республиканың 4000 орта білім беру ұйымдарында, оның ішінде Қызылорда облысы бойынша 241 білім беру ұйымдарында енгізілді. «Күнделік» электронды журналы жобасына енгізілілген мектептерге 2129 планшеттер алуға 74,5 млн.тг қаржы бөлінді. Жылдың соңына дейін электронды журнал жобасына 100% қосылу жұмыстары жүргізілетін болады. Бұл жүйеде тіркелген қолданушылар саны 246484, оның ішінде 19967 мұғалім, 142834 оқушылар, 83683 ата-ана бар.

«Электронды балабақша» ақпараттық жүйесі

     Мектеп дейінгі білім беру ұйымдарына балаларды кезекке қоюды автоматтандыру мақсатында «Электронды балабақша» автоматтандырылған жүйесі» жобасы енгізілуде. Қазіргі таңда Қызылорда қаласында 245 (36,3%) мектепке дейінгі білім беру ұйымында енгізілген (оның ішінде 205-і жеке ұйымдар).
     Қалған 414 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын (оның ішінде 190 жеке ұйымдар) «Электронды балабақша» автоматтандырылған жүйесіне» қосуға 55,6 млн.тг. бөлінді. Жобаны іске асыру мерзімі – 2018 жылғы қыркүйек айы.
      «Қауіпсіз мектеп» жобасы бойынша Қазақтелеком АҚ-мен және «Grand Tehnology» компанияларымен №3 мектеп-лицей және үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған «Мұрагер» мектептерін ғимараттарда оқушылардың қауіпсіздігін арттыруға арналған «е-мектеп» ақпараттық жүйесі бағытында жұмыстары жүргізілуде.
     Оқушылар қауіпсіздігінің деңгейін көтеру, кітап қорларын беруді есепке алудың электронды жүйесін енгізу және оқу орны асханасында тамақтанғаны үшін төлемді автоматтандыру болып табылады.
     Қауіпсіз мектеп бағдарламасы қолжетімділікті бақылау және басқару жүйесі, бейнебақылау, е-асхана және е-кітапханадан тұрады.
     Е-асхана- асханада электронды төлем жүргізуге, мәзірдегі позицияларды көрсетуге, оқушының ас үлесін жеке кабинет арқылы қарауға мүмкіндік береді.
     Е-кітапхана – оқулықтар және өзге әдебиеттер мәліметтерінің электронды базасын құруға, кітаптарды тез іздеп табуға, оқырманның электронды картотекасын жүргізуге, жеке кабинетке жеке статистиканы шығаруға, кітапханадағы кітаптар бойынша берешек есебін жүргізуге, кітаптарды беру процесін тездетуге мүмкіндік береді.

Онлайн қашықтық сабақтар

     Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін онлайн сабақтар – қашықтықтан білім беру технологиясы мен бағдарламалық қамтуды жүзеге асыратын шынайы уақыт тәртібіндегі сабақтар.
     Облыс бойынша мүмкіндігі шектеулі балалар саны – 6936. Жалпы үйден оқитын балалар саны – 1187. Қашықтық сабақтармен қамтылып отырғаны 178(15%).
     Сабақтар жұмыс кестесіне сәйкес өткізіледі. Сабақтардың негізгі мақсаты – пәндер бойынша жинақталған тәжірибесін оқушыларға тарату. Сабақтардың негізгі міндеті жалпы білім беретін мектеп оқушылары мен үйден оқитын балалардың білімдерін кеңейту үшін онлайн сабақтарын ұйымдастыру.
     Қызылорда облысы бойынша аудан және қала мектептері қамтамасыз етіліп, әрі қарай жұмыстар жүргізілуде.

«BilimLand» цифрлы білім беру контенті

     Оқу мен жаңа технологияларды ұштастыра білген мектеп бағдарламасы бойынша жасалған интерактивті сабақтар, мұғалімдерге арналған көрнекі құралдар және жаратылыстану пәндері бойынша виртуалды зертхананы пайдалануға мүмкіндік беретін портал.
     Цифрлы білім беру контентіне облыстың 293 мектебі контентке 259 онлайн және 34 оффлайн режимде қосылуға мүмкіндік алды. Қараша айындағы статистикаға сәйкес BilimLand порталы бір-бірімен тығыз байланысқан bilimland, iMektep, iTest, Twig, іkitap.kz, academia.kz ресурстарынан тұрады. Сапалы білім алу үшін жағдай жасау және мұғалімдерге қажетті дидактикалық материалдар мен ресурстармен қамтамасыз ету мақсатында облыстың білім беру мекемелерінде, «BilimLand» цифрлы білім беру порталы қолданылады. Мұғалімдер мен оқушыларға 12473 аккаунт ашылған.

Халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жоба жарыстары

     Халықаралық ғылыми жоба жарыстары мен олимпиадаларға 36 оқушы қатысып, 17 оқушы жүлделі орындарға (І орын – 5, ІІ орын – 3, ІІІ орын – 9) ие болды.
     23 мамыр күні Облыс әкімі Қ.Е.Көшербаев Халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жоба конкурстарының жүлдегерлерімен кездесу өткізді. Кездесуге 44 оқушы қатыстырылып, «Сыр Дарыны» медалі және облыс әкімінің алғысы табысталды. Биылғы кездесу білімнің баршаға тең екендігін көрсетіп, алғаш рет ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар мен дарынды шәкірттердің басын қосты.

Халықаралық олимпиадалар

   10-16 қаңтар аралығында Алматы қаласындағы Республикалық физика-математикалық мектебінде өткен мамандандырылған мектеп оқушыларына арналған математика, физика және информатика пәндері бойынша халықаралық О. Жәутіков олимпиадасына облыстан 2 оқушы қатыстырылды (Сейтқали Ұлан (№9БИЛ), Орынбай Сұлтан(№9 БИЛ)).
      12-13 наурыз күндері Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «Механика және математика» факультеті базасында өткен Қашықтықтан Азия-Тынық мұхиты математикалық халықаралық олимпиадасы, Математикадан халықаралық «Жібек жолы» олимпиадасына 6 оқушы қатысып, қатысушы сертификатын алды.
     23-28 сәуір аралығында Ресей Федерациясы, Мәскеу облысы, Королев қаласында өткен «Адам-Жер-Ғарыш» атты қоршаған ортаны қорғау проблемалары бойынша ғылыми – зерттеу жобаларының жалпыресейлік олимпиадасына 4 оқушы қатысып, жүлделі орындарға (І орын – Сағидуллаұлы Дәурен (№9БИЛ), ІІ орын – Пак Карина (Мұрагер), ІІІ орын – Бөрібай Қуаныш, Бахарам Жадыра (Мұрагер)) ие болды.
    8-15 шілде аралығында Саха Республикасы, Якутск қаласында өткен математика, информатика, физика және химия пәндері бойынша Халықаралық «Туймаада» олимпиадасына облысымыздан №9 БИЛ 10 сынып оқушысы Сейлханов Нұрдаулет қатысып, жүлделі ІІІ орын және Қола медаль иеленді

Халықаралық ғылыми жоба конкурстары

     27 ақпан 5 наурыз аралығында Оңтүстік Корея Республикасы Дэджон қаласында өткен «Жас ғалым» Халықаралық ғылыми жобалар конкурсына 4 оқушы қатысып, жүлделі орындарға ие болды (І орын – Ақпан Дінмұхаммед, Демиденко Евгений (Мұрагер), ІІ орын – Бекетов Мағжан (№3 мектеп-лицейі) ІІІ орын – Валишаева Диана (Мұрагер)).
     1-3 наурыз аралығында Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «Механика және математика» факультеті базасында өткен Ө. Жолдасбеков атындағы оқушылардың математика және механикадан зерттеу жұмыстары Халықаралық конкурсына 3 оқушы қатыстырылды.
     4-8 сәуір аралығында Байқоңыр қаласында орналасқан В.Н.Челомей атындағы Халықаралық ғарыш мектебі базасында өткен ғарыштық зерттеулер бойынша «Ғылым әлемін ашамыз» атты Халықаралық ғылыми жарыстарға облыстан 11 оқушы қатысып, 3 оқушы жүлделі ІІІ орынға (Амирова Амина (Мұрагер), Өмірбек Айдархан (№4 ОДМИ), Жұмабек Арафат (№12 мектеп)) ие болды.
     13-15 сәуір аралығында Алматы облысында орналасқан Сүлеймен Демирель атындағы Университет базасында өткен «INFOMATRIX» компьютерлік жобалар бойынша халықаралық жарыстарына 4 оқушы қатысып, 4 оқушы жүлделі орындарға (І орын – Ақпан Дінмұхаммед (Мұрагер), ІІ орын – Демиденко Евгений (Мұрагер), ІІІ орын – Шарип Дамир, Сабырбек Мадияр (№9 БИЛ)) ие болды.
     29 сәуір мен 3 мамыр аралығында Ресей Федерацясы, Мәскеу қаласында өткен «Математика және жобалау» Халықаралық ғылыми жоба конкурсына 2 оқушы қатыстырылып, Ахаев Әлішер (№9 БИЛ) жүлделі І орын иегері атанды.

 Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада

     5-6 қаңтар аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІІ (облыстық) кезеңі өткізілді. Облыстық кезеңге барлығы 250 оқушы қатысып, 147 оқушы жүлделі орындарға (І орын – 23, ІІ орын – 43, ІІІ орын – 81) ие болды.
     15-20 наурыз аралығында Атырау қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың жаратылыстану-математикалық бағытына облыстан 28 оқушы қатысып, 10 оқушы жүлделі орындарға (ІІ орын – 2, ІІІ орын – 8) ие болып, командалық есепте ІІІ орынға орналасты.
     25-30 наурыз аралығында Қостанай қаласында өткізілген жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қоғамдық- гуманитарлық бағытына облыстан 27 оқушы қатысып, 11 оқушы жүлделі орындарға (І орын – 2, ІІ орын – 4, ІІІ орын – 5) ие болып, командалық есепте ІІІ орынға орналасты.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жоба конкурсы

     2017- 2018 оқу жылында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жоба конкурсына қыркүйек айының 15 жұлдызына дейін 755 жобамен 788 оқушы тіркелді.
     ІІ кезең (облыстық) 2 турдан тұрады, ІІ кезеңнің І туры 24 қараша күні ғылыми жобаны қорғауға 230 жобамен 241 оқушы қатысып, 132 оқушы жүлделі орындарға (І орын – 15, ІІ орын – 34, ІІІ орын – 83) ие болды. ІІ кезеңнің ІІ туры 5 желтоқсан күні оқыту тіліне қарай бейіндік пәнді тереңдетіп оқыту бағдарламасы бойынша тестілеуге 123 жоба мен 132 оқушы қатыстырылды.
     13-16 ақпан аралығында Алматы қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытынды кезеңіне облысымыздан 19 жобамен 19 оқушы қатысып, 8 оқушы жүлделі орындарға (І орын – 1, ІІ орын – 6, ІІІ орын – 1) ие болды. Сонымен қатар, Қызылорда қаласы, Үш тілде оқытатын мамандандырылған сыныптары бар дарынды балаларға арналған “Мұрагер” мектебінің 11 сынып оқушысы Ақпан Дінмұхамед Жұлдызбайұлы Қазақстан-Британ техникалық университетінің білім грантына қол жеткізді. Командалық есепте облыс ІІІ орынға тұрақтады.

Республикалық Президенттік олимпиада

     28 қыркүйек күні Қызылорда қаласы, №4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернат базасында жалпы білім беру ұйымдарының 11 сынып оқушыларына арналған жаратылыстану-математикалық циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың аймақтық кезеңі өткізілді. Аймақтық кезеңге 112 оқушы қатысып, 16 оқушы ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарға ие болды (соның ішінде ІІ орын-8, ІІІ орын-8).
     18 қазан күні Қызылорда қаласы, №4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернат базасында жалпы білім беру ұйымдарының 11 сынып оқушыларына арналған жаратылыстану – математикалық циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың қашықтық кезеңі өткізілді. Қашықтық кезеңге аймақтық кезеңнің жеңімпазы атанған 16 оқушы қатысып, олимпиаданың республикалық қорытынды кезеңіне 3 оқушы шақырту алды.
     7-10 қараша аралығында Қарағанды облысы, Теміртау қаласындағы Қарағанды мемлкеттік индустриалдық университеті базасында жалпы білім беру ұйымдарының 11 сынып оқушыларына арналған жаратылыстану – математикалық циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың қорытынды республикалық кезеңі өткізілді. Қорытынды кезеңге облысымыздан қатысқан 3 оқушы қатысушы сертификатына ие болды.

Бастауыш және негізгі сынып оқушылары арасында конкурстар

     9 желтоқсан күні үш тілде оқытатын сыныптары бар мамандандырылған «Мұрагер» мектебі базасында оқушылардың зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының ХІІІ республикалық «Зерде» конкурсының облыстық кезеңі өткізілді. Облыстық кезеңге 86 жоба мен 107 оқушы қатысып, 72 оқушы І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен (І орын – 17, ІІ орын – 24, ІІІ орын – 31) және 8 оқушы «Алғыс хатпен» марапатталды.
     29-31 қаңтар аралығында Ақмола облысы, Щучинск қаласында өткен ХІІІ республикалық “Зерде” конкурсының қорытынды кезеңіне 15 жобамен 17 оқушы қатысып, жүлделі орындарға (І орын – 4, ІІ орын – 8, ІІІ орын – 5) ие болды.
     6 сәуір күні Қызылорда қаласы, №211 орта мектеп базасында 2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» республикалық математикалық турнирінің облыстық кезеңі өткізілді. Турнирге қазақ (24) және орыс топтарынан (18) жалпы 42 оқушы қатысып, 24 оқушы жүлделі орындарға ие болды (І орын – 5, ІІ орын – 7, ІІІ орын – 12).
     18-22 маусым аралығында Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі базасында төменгі сынып оқушыларының Республикалық «Бастау» математикалық турнирінің қорытынды кезеңіне облыстан 6 оқушы қатысып, 1 оқушы ІІІ орын иегері атанды.

 «Сыр дарыны» білімділер академиясы

     23 сәуір мен 3 мамыр аралығында облыстық «Сыр Дарыны» білімділер академиясына облыс бойынша «Алтын белгі» , «Үздік аттестат» үміткерлерін (130 оқушы) қабылдап, ҰБТ-ге дайындады. Арал ауданы – 29 оқушы, Қазалы ауданы – 17 оқушы, Қармақшы ауданы – 14 оқушы, Жалағаш ауданы – 16 оқушы, Сырдария ауданы – 13 оқушы, Шиелі ауданы – 16 оқушы, Жаңақорған ауданы – 15 оқушы, Қызылорда қаласы – 10 оқушы қамтылды.

 Республикалық түрлі байқаулар мен конкурстар

 12 қыркүйек күні Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы базасында жалпы білім беретін оқу орындарының 6-11 сынып оқушылары арасында өтетін дәстүрлі «Яссауитану» Халықаралық білім байқауының облыстық кезеңі ұйымдастырылды. Байқауға 9 оқушы қатысып, 5 оқушы І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды (І орын – 1, ІІ орын – 2, ІІІ орын – 2). 21-22 қыркүйек күндері Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласындағы Әзірет Сұлтан қорық мұражайында өткен байқаудың қорытынды кезеңіне облыстан 3 оқушы қатыстырылып, Ақыпбаев Нұрсұлтан (Қармақшы, №26) жүлделі ІІ орынға және Алпысбай Арайлым (Қазалы, №170) ынталандыру сыйлығына ие болды.

2 қазан күні Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы базасында жалпы білім беру ұйымдарының 14-17 жас аралығындағы оқушыларына арналған «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» атты шығармашылық республикалық фестивалінің облыстық кезеңі ұйымдастырылды. Фестивальға 18 оқушы қатысып, 9 оқушы республикалық қорытынды кезеңге жолдама алды. 3-4 қараша аралығында Шымкент қаласында өткен республикалық фестивалінің қорытынды кезеңіне жолдама алған 9 оқушы қатысушы сертификатына ие болды.

4 қазан күні Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы базасында жалпы білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен оқушыларына арналған «Қабылдаған дұрыс шешімдерім – менің өмірлік ұстанымым» республикалық эссе байқауының облыстық кезеңі ұйымдастырылды. Облыстық кезеңге 17 оқушы, 4 мұғалім қатысып, 1 оқушы және 1 мұғалім байқаудың қорытынды кезеңіне жолдама алып, қорытынды кезең нәтижесі бойынша алғыс хатпен марапатталды.

10 қазан күні Қызылорда қаласы, №136 мектеп-лицей базасында Халықаралық гроссмейстер Д. Садуақасов кубогына ХІІ республикалық шахмат турнирінің облыстық кезеңі өткізілді. Турнирдің облыстық кезеңіне 37 оқушы қатысып, 18 оқушы І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды (І орын – 6, ІІ орын – 6, ІІІ орын – 6). Командалық есепте Қызылорда қаласы, №136 мектеп-лицейінің командасы І орын, Шиелі ауданының құрама командасы ІІ орын, Сырдария ауданының құрама командасы ІІІ орын иегерлері атанды. 28 қазан – 5 қараша аралығында Қызылорда қаласы, №4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернат базасында өткен турнирдің қорытынды республикалық кезеңіне 21 оқушы қатысып, Абдуали Самал (Қызылорда қаласы, №136) жүлделі ІІІ орын иегері атанды.

16 қазан күні Қызылорда қаласы, №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты базасында Қ. Сәтпаев атындағы химия пәнінен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі ұйымдастырылып, облыстық кезеңіне 29 оқушы қатысып, 10 оқушы І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды (І орын – 1, ІІ орын – 2, ІІІ орын – 7). 31 қазан – 2 қараша аралығында Жезқазған қаласында өткен олимпиаданың қорытынды кезеңіне 3 оқушы қатысып, №9 БИЛ 9 сынып оқушысы Нұрдәулетов Исламбек жүлделі ІІІ орынға ие болды.

20 қазан күні Қызылорда қаласы, №6 орта мектеп базасында лингвистикадан республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді. Олимпиаданың облыстық кезеңіне 31 оқушы қатысып, 18 оқушы І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды (І орын – 2, ІІ орын – 6, ІІІ орын – 10).

27-29 қазан аралығында Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қоры Алматы қаласында «Бала дауысы» Ұлттық балалар ән байқауын ұйымдастырып, облыстан Қармақшы ауданы, №275 мектебінің 7 сынып оқушысы Шамбилова Назерке қатысып, гран-при (бас жүлде) иегері атанды.

3-4 қараша аралығында Қарағанды қаласында өткен «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялар республикалық байқауының қорытынды кезеңіне 9 оқушы қатысып, 3 оқушы жүлделі орындарға ие болды (І орын – 2, ІІІ орын – 1).

26 қараша – 3 желтоқсан күндері аралығында Алматы қаласы, «Бөбек» ұлттық ғылыми – практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы Обсерваториясы базасында оқушылардың республикалық астрономиялық турниріне 4 оқушы қатыстырылып, Қызылорда облысы ІІІ орын иегері атанды.

22 желтоқсан күні Қызылорда қаласы, №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернаты базасында жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында Республикалық Әбіш оқуларының облыстық кезеңі ұйымдастырылды. Әбіш оқуларының облыстық кезеңіне 71 оқушы қатыстырылып, 29 оқушы І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарға (І орын – 7, ІІ орын – 8, ІІІ орын – 14) ие болды. І дәрежелі диплом иегерлері атанған 7 оқушы Әбіш оқуларының қорытынды кезеңіне жолдама алды. 25-27 сәуір аралығында Маңғыстау облысында өткен Республикалық Әбіш оқуларының қорытынды кезеңіне 7 оқушы қатысып, Берікболұлы Айбек жүлделі І орын иегері атанды.

3-5 қаңтар аралығында Астана қаласы, «Нұр Орда» мектеп-лицейі базасында өткізілген өзге ұлт арасындағы 5-10 сынып оқушыларына арналған «Тіл-мемлекет тәуелсіздігінің символы» тақырыбында ХІІ Республикалық қашықтық олимпиадасының қорытынды кезеңіне Қармақшы ауданы, №250 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Борис Хамов қатысып, жүлделі ІІ орынды қанжығасына байлады.

16 ақпан күні Қызылорда қаласы, №9 және №10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты базасында «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді. Олимпиадаға 5 бағыт бойынша 61 оқушы қатыстырылып (оның ішінде 6 өзге ұлт өкілдерінен), 31 оқушы облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен (І орын – 5, ІІ орын – 10, ІІІ орын – 16) марапатталды. 21-22 сәуір аралығында Астана қаласында өткен «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының қорытынды кезеңіне 5 оқушы қатыстырылып, 3 оқушы жүлделі орындарға (І орын – 2, ІІІ орын – 1) ие болды.

22-24 ақпан аралығында Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылында жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында “Жыр алыбы – Жамбыл” атты республикалық жас ақындар айтысы өткізіліп, Қызылорда облысынан қатысқан Арал ауданы, Шөмішкөл елді мекенінің №66 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Орынбасаров Бексұлтан ІІІ орын иеленді.

27 ақпан күні Қызылорда қаласы, №9 мектеп-гимназия базасында жоғары сынып оқушылары арасындағы экономикадан республикалық турнирдің облыстық кезеңі өткізілді. Турнирге 31 оқушы қатыстырылып, 15 оқушы І, ІІ, ІІІ дәрежелі диплом (І орын – 2, ІІ орын – 3, ІІІ орын – 10) иегерлері атанды. 25-27 наурыз аралығында Алматы облысы, «Тау-Тұран» оқу-сауықтыру орталығы базасында өткізілген турнирдің қорытынды кезеңіне 5 оқушы ұсынылып, 2 оқушы 3 номинациямен марапатталды.

28 ақпан күні Қызылорда қаласы, «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы базасында Республикалық Мұқағали Мақатаев оқуларының облыстық кезеңі өткізілді. Мүшайраға 5 оқушы қатыстырылып, 3 оқушы І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен (І орын – 1 , ІІ орын – 1, ІІІ орын – 1) марапатталды. 14-17 наурыз аралығында Мұқағали Мақатаевтың туған жері Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында өткен мүшайраның қорытынды кезеңіне Нұрқасым Әдемі (Қармақшы ауданы, №274) қатыстырылып, жүлделі ІІ орын иегері атанды.

1 наурыз күні Қызылорда қаласы, №140 орта мектеп базасында Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді. Олимпиадаға 21 оқушы қатысып, 11 оқушы І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен (І орын – 3, ІІ орын – 3, ІІІ орын – 5) марапатталды. 25-28 сәуір аралығында Өскемен қаласында өткен Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне облысымыздан 8 оқушы қатыстырылып, 2 оқушы жүлделі ІІІ орын (Жұмабекқызы Ақерке (Қармақшы ауданы, №99), Жақсылық Аружан (Шиелі ауданы, №219)) және Әмірбекқызы Арайлым (Жалағаш ауданы, №246) арнайы сыйақы иегері атанды.

2-3 наурыз күндері Астана қаласы, №56 мектеп-лицей базасында өткізілген Академик Өмірзақ Махмұтұлы Сұлтанғазин атындағы Халықаралық математикалық олимпиадасына 3 оқушы қатысып, Алғыс хатпен марапатталды.

14 наурыз күні Қызылорда қаласы, №1 мектеп-гимназия базасында Төкен Омаров атындағы Республикалық ғарыштық физика мен астрономиядан оқушылардың ғылыми жарысының іріктеу кезеңі өткізілді. Жарысқа 25 оқушы қатысып, 4 оқушы қортынды кезеңіне жолдама алды. 22-27 сәуір аралығында Алматы қаласында орналасқан «Бөбек» ҰҒПББСО Обсерваториясы базасында өткен Төкен Омаров атындағы Республикалық ғарыштық физика мен астрономиядан оқушылардың ғылыми жарысының қорытынды кезеңіне облысымыздан 4 оқушы қатыстырылып, 2 оқушы жүлделі ІІІ орынға (Өмірбек Айдархан, Бейбітшілік Сымбат (№4ОДМИ)) ие болды.

15 наурыз күні Қызылорда қаласы, «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы базасында Республикалық Ілияс Жансүгіров оқуларының облыстық кезеңі өткізіліп, 9 оқушы қатыстырылды. Облыстық кезең нәтижесі бойынша 6 оқушы І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен (І орын – 1, ІІ орын – 2, ІІІ орын – 3) марапатталып, 3 оқушы қорытынды кезеңіне жолдама алды. 25-27 сәуір аралығында ақынның туған жері Алматы облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылындағы Мәдениет үйінде өткен Республикалық Ілияс Жансүгіров оқуларының қорытынды кезеңіне 3 оқушы қатысып, Жамбыл Ақбота (Жалағаш ауданы, №38) жүлделі ІІ орын иегері атанса, 2 оқушы алғыс хатпен марапатталды

16 наурыз күні Қызылорда қаласы, №144 орта мектеп базасында Республикалық юниорлық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізіліп, олимпиадаға 94 оқушы қатыстырылды. Нәтижесінде 33 оқушы І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен (І орын – 1, ІІ орын – 9, ІІІ орын – 23) марапатталып, 3 оқушы қорытынды кезеңіне жолдама алды. 16-19 сәуір аралығында Астана қаласында орналасқан НұрОрда мектеп-лицей базасында өткен Республикалық юниорлық олимпиаданың қорытынды кезеңіне обысымыздан 3 оқушы қатысып, №9 БИЛ 7 сынып оқушысы Ералы Ерасыл жүлделі ІІ орын иегері атанды.

20 наурыз күні Қызылорда қаласы, №264 мектеп-лицей базасында жалпы білім беру ұйымдарының 11 сынып оқушылары арасындағы Республикалық «Сардар» кешенді олимпиадасының облыстық кезеңі ұйымдастырылды. Облыстық кезеңге 20 оқушы қатыстырылып, 6 оқушы білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен (І орын – 1, ІІ орын – 9, ІІІ орын – 23) марапатталды. 12-14 сәуір аралығында Астана қаласы, генерал С.К. Нұрмағанбетов атындағы Республикалық «ЖасҰлан» мектебі базасында өткен Республикалық «Сардар» кешенді олимпиадасының қорытынды кезеңіне 3 оқушы қатыстырылды.

28-29 наурыз аралығында Батыс-Қазақстан облысы, Орал қаласының №42 «Ақниет» гимназиясы базасында педагогтарға арнап өткізілетін «Математикалық регата» олимпиадасына 4 мұғалім қатыстырылып, қатысушы сертификатына ие болды.

4 сәуір күні Қызылорда қаласы, №101 мектеп-лицей базасында жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасындағы «Ақберен» республикалық байқауының облыстық кезеңі өткізілді. Облыстық кезеңге 57 оқушы қатысып, 6 номинация бойынша 26 оқушы І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен (І орын – 6, ІІ орын – 9, ІІІ орын – 11) марапатталды. 16-18 сәуір аралығында Павлодар қаласында өткен «Ақберен» республикалық байқауының қорытынды кезеңіне облысымыздан 6 оқушы қатысып, 4 оқушы жүлделі орындарға (І орын – 1, ІІ орын – 2, ІІІ орын – 1) ие болды.

5 сәуір күні «Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Қызылорда облысында жүзеге асырылатын жобалар» тапсырмасына сәйкес «Абылай хан» атындағы жоғары колледжі базасында «Менің Отаным – Қазақстан» туристік-өлкетану экспедициялық жасақтарының республикалық слетінің облыстық кезеңі өткізілді. Слетке 10 команда (80 оқушы) қатысты. Нәтижесінде 48 оқушы жүлделі орындарға ие болды (І орын – 8, ІІ орын – 24, ІІІ орын – 16).

10 сәуір күні №9 дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты базасында жалпы білім беру ұйымдарының 5-11 сынып оқушылары арасындағы Республикалық Қадыр Мырза Әлі оқуларының облыстық кезеңі өткізілді. Облыстық кезеңіне 27 оқушы қатысып, 11 оқушы І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен (І орын – 3, ІІ орын – 3, ІІІ орын – 5) марапатталды. 27 сәуір күні ақынның туған өлкесі Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Жымпиты ауылында өткен Республикалық Қадыр Мырза Әлі оқуларының қорытынды кезеңіне 3 оқушы қатыстырылды.

11 сәуір күні Қызылорда қаласы, «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы базасында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері арасында «Туған жер – алтын бесігім» республикалық театрланған қойылымының облыстық кезеңі өткізілді. Облыстық кезеңге 12 балабақша қатысып, нәтижесінде 3 балабақша І, ІІ, ІІІ дәрежелі диплом иегері атанды.

11 мамыр күні «Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Қызылорда облысында жүзеге асырылатын жобалар» тапсырмасына сәйкес дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаттары базасында «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілері форумының облыстық кезеңі өткізілді. Форумға барлығы 11 команда (99 оқушы), 54 оқушы жүлделі орындарға ие болды (І орын – 9, ІІ орын – 18, ІІІ орын – 27).

23 мамыр күні «Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Қызылорда облысында жүзеге асырылатын жобалар» тапсырмасына сәйкес №264 мектеп-лицей базасында техникалық шығармашылық және өнертапқыштар жарысының облыстық кезеңі өткізілді. Жарысқа барлығы 60 оқушы қатысып, 30 оқушы жүлделі орындарға ие болды (І орын – 5, ІІ орын – 10, ІІІ орын – 15).

24-26 шілде аралығында Астана қаласында өткен оқушылар арасындағы транспорт саласындағы білімдерін тереңдету және осы салаға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған байқауға Қызылорда облысынан физика-математика және жаратылыстану ғылымы саласында жетістіктері бар үш оқушы және бір жетекші (Демиденко Евгений – Мұрагер мектебінің 10 сынып оқушысы, Шарип Дамир және Орынбай Сұлтан – №9 “Білім-инновация” лицей-интернатының 10 сынып оқушылары, Бимұханбет Ернар – №9 “Білім-инновация” лицей-интернатының оқытушысы, команда жетекшісі) қатысты. Байқау нәтижесінде Қызылорда облысы командасы жеңімпаз атанып, 19-26 тамыз аралығында Крэнфилд университетіне (Лондон) оқу-танымдық іс-сапарға бару мүмкіндігіне ие болды.

Облыстық байқаулар мен конкурстар
19 қыркүйек күні Қызылорда қаласы, №101 мектеп-лицейі базасында жалпы білім беру ұйымдарының 8-10 сынып оқушылары арасында «Этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі» тақырыбында облыстық ғылыми жобалар конкурсы өткізілді. Конкурсқа 14 жобамен 20 оқушы қатысып, 8 жобамен 11 оқушы І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды (І орын – 1, ІІ орын – 4, ІІІ орын – 6).

29 қыркүйек күні Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы базасында жалпы білім беру ұйымдарының 8-10 сынып оқушылары арасында «Менің туған өлкемнің атауы» тақырыбындағы эссе байқауы өткізілді. Байқауға 21 оқушы қатысып, 10 оқушы І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды (І орын – 1, ІІ орын – 4, ІІІ орын – 5).

6 қазан күні Қызылорда қаласы, №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты базасында жалпы білім беру ұйымдарының 6-7 сынып оқушылары арасында «Кім ұтқыр?» облыстық интеллектуалдық білім сайысы өткізілді. Сайысқа 12 оқушы қатысып, 6 оқушы І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды (І орын – 1, ІІ орын – 2, ІІІ орын – 3).

11 қазан күні Қызылорда қаласы, №1 мектеп-гимназия базасында жалпы білім беру ұйымдарының 5-11 сынып оқушылары арасында «Рухани жаңғыру өскелең ұрпақтың – дара жолы» атты облыстық ақындар айтысы ұйымдастырылды. Айтысқа 15 оқушы қатысып, 10 оқушы І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды (І орын – 1, ІІ орын – 2, ІІІ орын – 7).

12 қазан күні Қызылорда қаласы, №136 мектеп-лицей базасында жалпы білім беру ұйымдарының 6-9 сынып оқушыларына арналған «Ұлт тарихындағы ұлы белес» тақырыбындағы облыстық ақындар мүшайрасы өткізілді. Мүшайраға 19 оқушы қатысып, 9 оқушы І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарға ие болды (І орын – 1, ІІ орын – 3, ІІІ орын – 5).

13 қазан күні Қызылорда қаласы, №10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты базасында жалпы білім беру ұйымдарының 8 сынып оқушылары арасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» облыстық интеллектуалдық білім сайысы ұйымдастырылды. Сайысқа 10 оқушы қатысып, 6 оқушы І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды (І орын – 1, ІІ орын – 2, ІІІ орын – 3).

18 қазан күні Қызылорда қаласы, №187 орта мектебі базасында жалпы білім беру ұйымдарының 5-8 сынып оқушыларына арналған «Мемлекеттік рәміздер – асыл мұрамыз» атты облыстық ғылыми жоба конкурсы ұйымдастырылды. Конкурсқа 31 жобамен 39 оқушы қатысып, 18 жобамен 22 оқушы І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарға ие болды (І орын – 5, ІІ орын – 5, ІІІ орын – 12).

16 қараша күні Қызылорда қаласы, «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы базасында жалпы білім беру ұйымдарының 8-10 сынып оқушылары арасындағы «Руханият және келісім мәдениеті – бірлігі жарасқан елдің кепілі» тақырыбындағы облыстық шығармалар байқауы ұйымдастырылды. Байқауға 34 оқушының жұмыстары ұсынылып, 17 оқушы І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарға (І орын – 2, ІІ орын – 5, ІІІ орын – 10) ие болды.

21 қараша күні Қызылорда қаласы, «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы базасында жалпы білім беру ұйымдарының 7-10 сынып оқушылары арасындағы «Елбасы жолы – ертеңге» атты жас информатиктердің облыстық сырттай конкурсы ұйымдастырылды. Конкурсқа 16 оқушының жұмыстары ұсынылып, 7 оқушы І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарға (І орын – 1, ІІ орын – 3, ІІІ орын – 3) ие болды.

7 желтоқсан күні Қызылорда қаласы, №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернаты базасында жалпы білім беру ұйымдарының 5-7 сынып оқушылары арасында «Мен елімнің ертеңімін» атты облыстық сурет байқауы ұйымдастырылды. Облыстық байқауға 42 жас суретші қатыстырылып, 21 оқушы І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарға (І орын – 1, ІІ орын – 6, ІІІ орын – 14) ие болды.

8 желтоқсан күні Қызылорда қаласы, «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы базасында жалпы білім беру ұйымдарының 5-7 сынып оқушыларына арналған «Тәуелсіздік толғауы» атты облыстық шығармалар байқауы өткізілді. Шығармалар байқауына 52 жас қаламгер қатысып, 24 оқушы І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарға (І орын – 2, ІІ орын – 6, ІІІ орын – 16) ие болды.

13 желтоқсан күні Қызылорда қаласы, «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы базасында жалпы білім беру ұйымдарының 3-5 сынып оқушыларына арналған «Жаныңда жүр жақсы адам» атты облыстық сырттай эсселер байқауы ұйымдастырылды. Облыстық эссе байқауына 17 оқушы қатысып, 7 оқушы І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарға (І орын – 1, ІІ орын – 2, ІІІ орын – 4) ие болды.

20 желтоқсан күні Қызылорда қаласы, «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы базасында жалпы білім беру ұйымдарының 7-10 сынып оқушыларына арналған «Кеудесі шын ақынның күй сарайы, алады төгіп-төгіп келсе орайы» атты облыстық шығармалар байқауы өткізілді. Облыстық шығармалар байқауына 26 жас қаламгерлер қатысып, 10 оқушы І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен (І орын – 1, ІІ орын – 3, ІІІ орын – 6) марапатталды.

25 желтоқсан күні Қызылорда қаласы, «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы базасында жалпы білім беру ұйымдарының 7-10 сынып оқушыларына арналған «Экопроблемаларды зерттеу және альтернативті энергияны қолданудың танымдылығын арттыру» атты облыстық ғылыми жобалар конкурсы өткізілді. Конкурсқа 16 жобамен 17 оқушы қатысып, нәтижесінде 8 жобамен 9 оқушы І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарына (І орын – 1, ІІ орын – 3, ІІІ орын – 5) ие болды.

12 наурыз күні Қызылорда қаласы, Қызылорда қалалық білім бөлімінің қосымша білім беру орталығы базасында жалпы білім беру ұйымдарының 5-9 сынып оқушылары арасында «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» облыстық театрланған қойылым-байқауы өткізілді. Қойылымға 9 команда 62 оқушы қатысып, 4 команда І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен (І орын – 1, ІІ орын – 1, ІІІ орын – 2) марапатталса, 5 команда Алғыс хат иегерлері атанды.

3 сәуір күні Қызылорда қаласы, «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы базасында «Астана – Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі» атты облыстық сырттай шығармалар конкурсы өткізіліп, 33 оқушы қатыстырылды. Нәтижесінде 15 оқушы І, ІІ, ІІІ дәрежелі диплом (І орын – 1, ІІ орын – 5, ІІІ орын – 9) иегері атанды.

13 сәуір күні Қызылорда қаласы, №278 орта мектеп базасында жалпы білім беру ұйымдарының жаратылыстану-математикалық бағытындағы 7-8 сынып оқушыларына арналған облыстық пәндік олимпиадаға 80 оқушы қатысып, 40 оқушы І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен (І орын – 7, ІІ орын – 12, ІІІ орын – 21) марапатталды.

20 сәуір күні Қызылорда қаласы, №4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты базасында «Сыр жұлдыздары» облыстық жас өнерпаздар байқауы өткізілді. Байқауға 3 номинация бойынша 84 оқушы қатысып, 31 шығармашылық І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарға (І орын – 7, ІІ орын – 10, ІІІ орын – 14) ие болды.

3 мамыр күні Қармақшы ауданы, Төретам кентінде орналасқан №80 мектеп-гимназия базасында өткен Қ. Игенбаев атындағы математика пәні бойынша облыстық олимпиадаға 62 оқушы қатысып, 30 оқушы І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарға (І орын – 2, ІІ орын – 10, ІІІ орын – 18) ие болды.

18 мамыр күні «НұрСәт» теннис орталығы базасында оқушылар арасында робототехника бағыты бойынша «Robo Fest – 2018» облыстық фестивалі өткізілді. Фестивальға жалпы 85 оқушы қатысып, 30 оқушы жүлделі орындарға ие болды (І орын – 5, ІІ орын – 10, ІІІ орын – 15).

4 маусым күні Қызылорда қаласы, «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы базасында жалпы білім беру ұйымдарының 5-7 сынып оқушылары арасындағы «Туған күніңмен, Астана!» облыстық жас суретшілер байқауына 20 оқушы қатысып, 10 оқушы І, ІІ, ІІІ дәрежелі диплом (І орын – 1, ІІ орын – 2, ІІІ орын – 3) иегері атанды.

 Оқушылар арасындағы қашықтық олимпиадалар

25 қаңтар күні оқушылар арасында командалық олимпиада өткізілді. Олимпиада 10 пәнаралық тапсырмаларынан тұрады: математика, информатика, қазақ және орыс тілі, қисынға, (логика) деген тапсырмалар, қазақ халық этнографиясынан келеді. Қызылорда облысынан 18 команда қатысты.

16-18 ақпан аралығында химия, биология, АҚҚ (Адам.Қоғам.Құқық) пәнінен 64 оқушы қатысса, ал биология пәні бойынша 353 оқушы қатысты. Химия пәні бойынша 304 оқушы қатысып, оның ішінде 10-11 сынып аралығында ІІ орын-2, ІІІ орын-2, 8-9 сынып аралағында І орын-1, ІІ орын-1, физика пәні бойынша І орын-1, ІІ орын-3, ІІІ орын-6 ие болды.

12 ақпан мен 19 наурыз аралығында Қазақстан тарихы: Рухани жаңғыру бойынша 414 оқушымыз қатысып, нәтижесінде ақтық турға 129 оқушылар өтіп, 2 оқушы ІІ орынды иеленді.

29 қаңтар мен 1 наурыз аралығында математика және физика пәндері бойынша оқушыларға арналған қашықтық олимпиада өткізілді. Қызылорда облысынан математика пәні бойынша 1066 оқушы қатысса, Нәтижесінде математикадан 6-7 сыныптар бойынша І орын – 26, ІІ орын – 14, ІІІ орын – 21, 8-9 сыныптар бойынша І орын – 5, ІІ орын – 8, ІІІ орын – 6, 10-11 сыныптар бойынша І орын – 3, ІІ орын – 3, ІІІ орын – 5. Физика пәнінен 232 оқушы қатысып, оның ішінде 6-7 сыныптардан ІІ орын – 8, ІІІ орын – 6, 8-9 сыныптардан І орын – 1, ІІ орын – 2, 10-11 сыныптардан ІІІ орын – 2 оқушыларымыз иеленді.

19 ақпан – 29 наурыз аралығында қазақ және орыс тілі пәндері бойынша оқушыларға арналған қашықтық олимпиада өткізілді. Қызылорда облысынан қазақ тілінен 281 оқушы қатысса, оның ішінде І орын – 16, ІІ орын – 20, ІІІ орын – 34, орыс тілінен 236 оқушы қатысып, оның ішінде І орын – 28, ІІ орын – 44, ІІІ орын – 38).

2 сәуір мен 2 мамыр аралығында Қазақстан тарихы пәнінен оқушылар арасында қашықтық олимпиада өткізілді. Қызылорда облысынан Қазақстан тарихы пәнінен 95 оқушы қатысып, 37 оқушы ақтық турға өтті.

2 сәуір мен 2 мамыр аралығында информатика пәнінен оқушылар арасында қашықтық олимпиада өткізілді. Қызылорда облысынан 80 оқушы қатысып, 49 оқушы ақтық турға өтті.

2 сәуір мен 2 мамыр аралығында география және ағылшын тілі пәнінен оқушылар арасында қашықтық олимпиада өткізілді. Қызылорда облысынан география пәнінен 19 оқушы қатысса, ал ағылшын тілі пәнінен 149 оқушы қатысты. Олардың ішінен география пәнінен ақтық турға 10 оқушы өтсе, ағылшын пәнінен ақтық турға 146 оқушылар өтті.

27 сәуір күні оқушылар арасында командалық қашықтық олимпиада өткізілді. Олимпиада 10 пәнаралық тапсырмаларынан тұрады: математика, информатика, қазақ және орыс тілі, қисынға, (логика) деген тапсырмалар, қазақ халық этнографиясынан тұрады. Командалық олимпиадаға 8 оқушы қатысты.

 Мұғалімдер арасындағы қашықтық олимпиадалар

21-23 желтоқсан аралығында психология пәні бойынша оқытушыларға арналған қашықтық олимпиада өткізілді. Қызылорда облысынан психология пәнінен 66 оқытушы қатысты.

13-15 ақпан аралығында математика және физика пәндері бойынша мұғалімдерге арналған қашықтық олимпиада өткізілді. Қызылорда облысынан математика пәнінен 181 мұғалім қатысып, оның ішінде І орын – 29, ІІ орын – 4, ІІІ орын – 5. Физика пәні бойынша 36 мұғалім қатысты.

16-18 ақпан аралығында химия, биология және АҚҚ пәндері бойынша мұғалімдерге арналған қашықтық олимпиадалар өткізілді. Қызылорда облысынан АҚҚ (Адам.Қоғам. Құқық) пәнінен 20 мұғалім қатысса, химия пәні бойынша 45 мұғалім қатысып, оның ішінде ІІ орынға 2 мұғалім, ІІІ орынға 2 мұғалім ие болды, биология пәнінен 68 мұғалім қатысты..

13-15 наурыз аралығында қазақ тілі, орыс тілі пәндері бойынша мұғалімдерге арналған қашықтық олимпиада өткізілді. Қызылорда облысынан қазақ тілі пәнінен 45 мұғалім қатысты, орыс тілі пәнінен 96 мұғалім қатысты. Нәтижесінде қазақ тілінен І орын – 7, ІІ орын – 3, ІІІ орын – 3, ал орыс тілінен І орын – 2, ІІ орын – 3, ІІІ орын – 4 мұғалім ие болды.

27-29 наурыз аралығында педагогика бойынша мұғалімдерге арналған қашықтық олимпиада өткізілді. Қызылорда облысынан педагогика бойынша 68 мұғалім қатысып, нәтижесінде І орын – 4, ІІ орын – 4, ІІІ орын – 5 ие болды.

10-12 сәуір аралығында информатика және бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған қашықтық олимпиада өткізілді. Қызылорда облысынан 33 мұғалім қатысса, І орын-2, ІІ орын-1, ІІІ орын-2 ие болды.

7-19 сәуір аралығында Қазақстан тарихы және психология пәндерінің мұғалімдеріне арналған қашықтық олимпиада өткізілді. Қазақстан тарихы -29 мұғалім қатысып, оның ішінде ІІ орын-1, психология -21 мұғалім қатысып, оның ішінде І орын-1, ІІ орын-1.

3-5 мамыр аралығында ӨҚН, ағылшын тілі, география пәндерінің мұғалімдеріне арналған қашықтық олимпиада өткізілді. Қызылорда облысынан география пәнінен 9, ағылшын пәнінен 39 қатысты.

 Интеллектуалды ойындар мен байқаулар жеңімпаздарының бейіндік ауысымдары

27 қазан күні «Ақбота» интеллектуалдық олимпиада ойынына облыс бойынша 8781 оқушы қатысып, 3766 оқушы жүлделі орындарға (І орын – 452, ІІ орын – 1119, ІІІ орын – 2195) ие болды.

15 қараша күні 2-11сынып оқушылар арасында «Русский медвежонок – языкознание для всех» интеллектуалдық сайысына облыс бойынша 3857 оқушы қатысып, 1577 оқушы (І орын – 407, ІІ орын – 384, ІІІ орын – 786) жүлделі орындарға ие болды.

13 желтоқсанда 3-11 сынып оқушылары арасында «British Bulldog» ойын конкурсына облыс бойынша 2158 оқушы қатысып, 820 оқушы (І орын – 146, ІІ орын – 299, ІІІ орын – 375) жүлделі орындарға ие болды.

16-19 ақпан аралығында 3-11 сынып оқушылары арасында «Золотое Руно» халықаралық интеллектуалдық конкурсына облыс бойынша 1220 оқушы қатысып, 476 оқушы (І орын – 96, ІІ орын – 194, ІІІ орын – 186) жүлделі орындарға ие болды.

14-22 ақпанда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының балаларына арналған «Человек и Природа» интеллектуалдық сайысына облыс бойынша 84 бала қатысып, 84 оқушы (І орын – 48, ІІ орын – 26, ІІІ орын – 10) жүлделі орындарға ие болды.

15 наурыз күні 3-10 сынып оқушылары арасында «Кенгуру – математика для всех» халықаралық интеллектуалдық конкурсына облыс бойынша 2657 оқушы қатысып, 1114 оқушы (І орын – 323, ІІ орын – 254, ІІІ орын – 537) жүлделі орындарға ие болды.

12 сәуір күні «Человек и Природа» халықаралық ойын конкурсына облыс бойынша 1319 оқушы қатысып, 474 оқушы (І орын-69, ІІ орын-169, ІІІ орын-236) жүлделі орындарға ие болды.

18 сәуір күні 3-11 сынып оқушылары арасында «Кенгуру лингвист» халықаралық интеллектуалдық конкурсына 1187 оқушы қатысып, 594 оқушы жүлделі орындарға (І орын – 148, ІІ орын – 161, ІІІ орын – 285) ие болды.

29 қараша мен 2 желтоқсан аралығында Санкт-Петербург қаласында өткен «Ақбота» интеллектуалды марафонының жеңімпаздарына арналған мәдени-танымдық ауысымға Қазалы ауданы, №102 орта мектептің 9 сынып оқушысы Меңдіқара Наурызхан қатыстырылды.

14-18 желтоқсан аралығында Өзбекстан Республикасы, Ташкент-Самарқанд-Бұхара қалаларына «Ақбота» интеллектуалды марафонының жеңімпаздарына арналған мәдени-танымдық ауысымға Жалағаш ауданы №123 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Нұрмахат Жадыра қатыстырылды.

31 шілде мен 9 тамыз аралығында Польша мемлекетінің Закопане қаласында өткен «Кенгуру математика для всех» халықаралық интеллектуалдық конкурсының жеңімпаздарына арналған мәдени-танымдық ауысымға Сырдария ауданы №210 орта мектебінің 8 сынып оқушысы Сейдалиева Аяулым қатыстырылды.

26 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында Болгария Республикасы Варна қаласындағы Халықаралық математикалық лагерінде өткен «Кенгуру математика для всех» халықаралық интеллектуалдық конкурсының жеңімпаздарына арналған мәдени-танымдық ауысымға Шиелі ауданы, №127 мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы Альшерова Шахнур қатыстырылды.

Түрлі семинарлар

Астана қаласында өткен «Білім беру бағдарламасының мазмұнын жаңарту аясында дарындылықты дамыту; тәжірибе, мәселелер, келешектегі дамуы» тақырыбындағы республикалық семинарға 2 педагог қатысты.

 Оңтүстік Қазақстан облысында өткен «Ауыл мектебі жағдайында дарынды балалармен жұмыс жүргізу жүйесі» атты республикалық ғылыми-әдістемелік семинарына 10 педагог қызметкерлер қатыстырылды.

Астана қаласында өткен «Виртуалды қарым-қатынас басымдық жағдайында оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу» тақырыбындағы педагог-психологтарға арналған республикалық семинарына 1 мұғалім қатыстырылды.

Астана қаласында ұйымдастырылған «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында гуманитарлық пәндерді оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері» атты қазақ тілі мен әдебиеті және орыс тілі мен әдебиеті, оқыту тілі қазақ тілінде жүргізілетін тарих, дінтану пәні мұғалімдеріне арналған республикалық оқу-әдістемелік семинарға 9 мұғалім қатыстырылды.

Астана қаласында өткен «Әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы пәндерді оқытудағы заманауи үрдістер» тақырыбында республикалық оқу-әдістемелік семинарына 3 мұғалім қатыстырылды.

Астана қаласында өткен «Олимпиадалық есептерді шешу жолдары мен әдістері» тақырыбындағы республикалық оқу-әдістемелік семинарға 3 мұғалім қатыстырылды.

Алматы қаласында өткен «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» тақырыбында әлеуметтік педагогтарға арналған республикалық оқу-әдістемелік семинарына 1 мұғалім қатысты.

Астана қаласында өткен «Тіл мен әдебиетті оқытудағы қазіргі филологиялық білім берудің қолданбалы аспектілері» тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті және орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған республикалық оқу-әдістемелік семинарына 11 мұғалім қатыстырылды.

Алматы қаласында ұйымдастырылған «Жаңартылған білім мазмұны аясында түзілген бірінші сынып оқулықтарымен жұмыс істеудің әдістемелік ерекшеліктері» тақырыбындағы бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық оқу-әдістемелік семинарына 4 мұғалім қатыстырылды.

Қарағанды қаласында өткен «Білім берудің заманауи ресурстары-үш тілде білім беру жағдайында дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеудің қолдау құралы» атты республикалық ғылыми-әдістемелік семинарына 3 білім беру ұйымдарының басшылары қатыстырылды.

Астана қаласында химия пәні мұғалімдеріне арналған «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында химия пәнін оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері» атты Халықаралық семинар-тренингке 2 мұғалім қатыстырылды.

Алматы қаласында өткен «Ұстаз, ата-ана мен оқушы: тиімді қарым-қатынасы» атты республикалық ғылыми-практикалық семинарына 5 педагог-психолог қатыстырылды.

Онлайн сабақтар

15 қыркүйек күні Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің «Азаматтық қорғаныс бөлімінің» аға офицері, капитан Тоғызбаев Асхат Талантұлы «Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесі» тақырыбында интерактивті ашық сабақ өткізді.

26 қыркүйек күні Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Өт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының «Халыққа хабар беру және оқыту тобының» бас маманы азаматтық қорғау аға майоры Алдажарова Айнұр «Тұрмыстық өрттердің себебі және өрт қауіпсіздік шаралары» тақырыбында интерактивті ашық сабақ өткізді.

27 қыркүйек күні Қызылорда қаласы Кешкі мектеп психологы Айтмағанбетова Гүлназ «Жақсы көңіл-күй жан азығы» тақырыбында интерактивті ашық сабақ өткізді.

31 қыркүйек күні Қызылорда қаласының №250 мектеп-лицейінің психологы Сәрсенбаева Гүлсара «Кешірім мен келісім» тақырыбында интерактивті ашық сабақ өткізді.

11 қазан күні Қызылорда қаласының №264 мектеп-лицейінің Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Қасымова Нағима «Сенім менің серігім» тақырыбында интерактивті ашық сабақ өткізді.

20 қазан күні Қызылорда қаласының №233 орта мектебінің психологы Рахымжанова Жаухар «Жарасымды қарым-қатынас» тақырыбында интерактивті ашық сабақ өткізді.

24 қазан күні Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті «Төтенше жағдайларды жою» бөлімінің азаматтық қорғау подполковнигі Бахытжан Турманов «Террорситік акт орын алған жағдайда әрекет етуі» тақырыбында интерактивті ашық сабақ өткізді.

24 қазан күні Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті «Біріңғай кезекшілік диспетчерлік қызмет басқармасының» азаматтық қорғау капитаны Айдос Ермағанбет «ҚР аумағында 112 БКДҚБ қызметі және бейінсіз жалған қоңыраулар соғу жауаптылығы» тақырыбында интерактивті сабақ өткізді.

27 қазан күні Қармақшы ауданы №29 орта мектептің психологы «Жақсы сөз жанға қуат» тақырыбында интерактивті ашық сабақ өткізді.

13 қараша күні Қармақшы ауданы №250 мектеп-лицейінің психологы Бекбаева Жұлдызай «Мамандық таңдау-өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау» тақырыбында интерактивті ашық сабақ өткізді.

 21 қараша күні Арал ауданы №262 орта мектептің психологы Тәжібаева Айнұр «Стресті қалай жеңуге болады?» тақырыбында интерактивті ашық сабақ өткізді.

8 желтоқсан күні Шиелі ауданы №157 орта мектептің психологы Төлешова Ләззәт «ҰБТ-ге психологиялық тұрғыда дайындау сабағы» тақырыбында интерактивті ашық сабақ өткізді.

15 желтоқсан күні Шиелі ауданы №48 орта мектептің психологы Баекеева Нүргуль «Қабілет және дарындылық. Өзін өзі тану» тақырыбында интерактивті ашық сабақ өткізді.

25 желтоқсан күні Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті Өтрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының, өртті мемлекеттік бақылау тобының инженері, азаматты қорғау аға лейтенанты Э.О.Асанова «Жаңа жыл түнінде өртке жол берме» тақырыбында интерактивті ашық сабақ өткізді.

15 ақпан күні Қызылорда облысы №6 мектеп интернатының психологы Аманбаева Салтанат «Қыс мәтіні» тақырыбында мүмкіндігі шектеулі үйден оқитын оқушыларға онлайн сабақ өткізді.

16 ақпан күні Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменінің «Азаматтық қорғаныс бөлімінің» маманы «Халықаралық Азаматтық қорғау күні» тақырыбында онлайн сабақ өткізді.

23 ақпан күні Қызылорда қаласы №1 оңалту орталығының мамандары Менлибаева Майра мен Тлеубаева Гүлназ «Су және ауа тіршілік көзі» тақырыбында мүмкіндігі шектеулі үйден оқитын оқушыларға арналған онлайн сабақ өткізді.

13 наурыз күні Қызылорда қаласы №2 оңалту орталығының мұғалімі «Тұрмыстық заттарды пайдалану арқылы баланың ұсақ қол маторикасы мен сөйлеу тілін дамыту тәсілдері» тақырыбында мүмкіндігі шектеулі үйден оқитын оқушыларға арналған онлайн сабақ өткізді.

5 сәуір күні Қызылорда қаласы №3 оңалту орталығының мұғалімі «Геометриялық пішіндер» (ысқырық дыбыстарды айтуға машықтандыру) тақырыбында үйден оқитын оқушыларға арналған онлайн сабақ өткізді.

13 сәуір күні Қармақшы ауданы педагогикалық-психологиялық түзету орталығының мұғалімі Жүісіпова Мереке «Жабайы жануарлар. Ж дыбысын буында, сөде, сөйлем машықтандыру» тақырыбында мүмкіндігі шектеулі үйден оқитын оқушыларға онлайн түрінде сабақ өткізді.

18 сәуір күні Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің мамандары «Су басу кезеңінде тұрғындардың іс-әрекеті» тақырыбында онлайн сабақ өткізді.

18 сәуір күні Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бас маманы «Жанғыш және жарылғыш заттарды қолдану қауіпті. Оттан абай болайық» тақырыбында онлайн сабақ өткізді.

20 сәуір күні Қызылорда қаласы №2 оңалту орталығының мұғаліміСүлейменова Гаухар «Саусақ ойындары» тақырыбында мүмкіндігі шектеулі үйден оқитын оқушыларға арналған онлайн сабақ өткізді.

27 сәуір күні Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс бөлімінің мамандары «Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидалары» тақырыбында онлайн сабақ өткізді.

27 сәуір күні Қызылорда облысы бойынша филиалы ММ Апаттар медицинасы орталығының мамандары «Судан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету» тақырыбында онлайн сабақ өткізді.

3 мамыр күні Қызылорда қаласы №7 мектеп-интернатының мұғалімі Даубаева Асия «Ш дыбысын сөздер ішінде машықтандыру» тақырыбында мүмкіндігі шектеулі үйден оқитын оқушыларға арналған онлайн түрінде сабақ өткізді.

4 мамыр күні Қызылорда қаласы №6 мектеп-интернатының мұғалімі Оспанова Жанат «Менің үйім С.Ш. дыбыстарын ажырату» тақырыбында үйден оқитын оқушыларға арналған онлайн сабақ өткізді.

15 мамыр күні Қызылорда қаласы №5 мектеп-интернатының мұғалімі Бисембаева Раушан «Көктем кереметі» тақырыбында мүмкіндігі шектеулі үйден оқитын оқушыларға арналған оқушыларға арналған онлайн сабақ өткізді.

16 мамыр күні Қызылорда қаласының №5 мектеп-интернатының мұғалімі Жоламанова Қуанышкүл «Қазақстан қалаларына саяхат» тақырыбында мүмкіндігі шектеулі үйден оқитын оқушыларға арналған оқушыларға онлайн сабақ өткізді.

23 мамыр күні Қызылорда облысының білім басқармасының «Тәрбие және өзін-өзі тану жұмыстары» бөлімінің бас маманы Байғазиева Шолпан «Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы» тақырыбында 8-11 сынып оқушыларына арналған онлайн сабақ өткізді.

28 мамыр күні Қызылорда облысының білім басқармасының «Тәрбие және өзін-өзі тану жұмыстары» бөлімінің бас маманы Байғазиева Шолпан «Балалар мен жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі» тақырыбында педагог-психологтарға онлайн түрінде сабақ өткізді.