Ауыл мектептерінің 5-8 сынып оқушылары арасында «Мен сенемін жастарға» тақырыбындағы Алаш зиялыларының өлеңдерін жатқа оқу сайысы

Ауыл мектептерінің 5-8 сынып оқушылары арасында «Мен сенемін жастарға» тақырыбындағы Алаш зиялыларының өлеңдерін жатқа оқу сайысы

 ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ережелер

   Қызылорда облысы білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының 2021-2022 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес ауыл мектептерінің 5-8 сынып оқушылары арасында «Мен сенемін жастарға» тақырыбында облыстық Алаш зиялыларының өлеңдерін  жатқа оқу сайысын (бұдан әрі  – Сайыс) өткізу.

Сайысты ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының білім басқармасының «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы.

  1. Сайыстың мақсаты мен міндеттері

Сайыстың мақсаты мен міндеттері: 

  • Қазіргі жастардың бойындағы күш жігері мен қасиетін ояту;
  • Саналы ізгі ұрпақ қалыптастыру;
  • Оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіретін сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету;
  • Ұлт пен ұлтты татуластыратын ерекше байланыс құралы тілдің қадыр- қасиетін, маңыздылығын кейінгі ұрпаққа ұғындыру;
  • Баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту және өзіндік жұмыс жасауға белсендіру;
  • Әрбір оқушының жеке қабілетін дамыту, мемлекеттік асыл мұраларымызды құрметтеп, дұрыс әрекет  жасауға  тәрбиелеу;
  • Оқушылардың бос уақытын маңызды өткізу түрлері мен әдістерін жетілдіру, шығармашыл жастардың білімін көтеру, белсенділігін арттыру.
  1. Сайысты ұйымдастыру және өткізу тәртібі

Cайыс а.ж. 21 желтоқсан күні ZOOM платформасы арқылы өткізіледі.

Сайысқа қатысу туралы сұранысты 2021 жылдың 15 желтоқсанға дейін elumiti-orda@mail.ru электронды поштасына жіберу қажет. Байланыс нөмірі 87076147975. Сұраныста оқушының аты-жөні, сыныбы, мектебі, ауданы, жетекшінің толық аты-жөні, байланыс телефоны. жаттаған өлеңнің тақырыбы толық көрсетілуі қажет.

  1. Бағалау критерийлері

– Шығарманың сөздерін анық және тіл табиғатын сақтап жеткізу;

– Дауысы мен дене іс-қимылдарының үйлесімдігі;

– Туынды мазмұнын анықтайтын ойдың тереңдігі мен тақырыптың ашылуы; 

– Сахнада өзін ұстау мәнері.

  1. Сайыстың жеңімпаздарын марапаттау

Қорытынды кезеңінің жеңімпаздары облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

Жеңімпаздар мәліметі орталықтың ресми сайтымен syr-daryny.kz  әлеуметтік желілерінде (инстаграмм:  фейсбук: «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы) жарияланатын болады.

 (Өтінім қалалық/аудандық білім бөлімдері басшыларының қолымен ғана қабылданады.)