Жалпы ереже
1.Осы Ереже 2-7 сынып оқушыларының зерттеу жобаларының мен шығармашылық жұмыстары «Зерде» республикалық конкурсының (бұдан әрі -Конкурс) мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастыру –әдістемелік қызметінің қамтамасыз етілуін, өткізу мен қаржыландыру тәртібін, қатысуын және жеңімпаздар мен жүлдегерлерін анықтайды.
2.Конкурстың ұйымдастырушысы «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы болып табылады.
3.Конкурстың негізгі мақсаты балалардың зерттеу кызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады.
4.Конкурстың негізгі міндеттері;
-зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытқан қабілетті және дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету;
-оқушылардың үздік жетістіктерін көрсету және насихаттау, өзара қарымқатынастарын ұйымдастыру;
-қоғамның интелектуалдық әлеуетін дамыту проблемасына көпшіліктің назарын аудару.
Конкурсқа қатысушылар
1.Конкурсқа жас зерттеушілер 2-7 сынып оқушылары жеке сондай-ақ, командалық құрамда (2 қатысушыдан аспайтын) қатыса алады.
2.Қалалық, аудандық білім бөлімдері мен облыстық мекеме басшылары конкурстың облыстық кезеңінің өткізілуі орнына дейін және кері қайту жолында, қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін толық жауапкершілікте болады.
Конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі
1.Ұйымдастыру комитеті облыстық кезеңін дайындауға және өткізуге тікелей басшылықты жүзеге асырады, қазылар алқасының құрамын, қатысушы командалардың тізімін бекітеді. Конкурстың қорытындысын шығарады және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттайды.
2.Қазылар алқасы қатысушылардың жұмыстарын тексереді және бағалайды,жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.
3.Конкурстың өткізілу кезеңдері:
3.1.І кезеңі (аудандық, қалалық) а.ж. 11 желтоқсан.
3.2.Облыстық кезеңге өткен жұмыстарды іріктеу:
- Антиплагиаттан өткізу (50%-дан жоғары) -14 желтоқсан;
- Жобаларды эксперттік сараптамадан өткізу – 20 желтоқсан.
3.3 ІІ кезең-облыстық а.ж.22 желтоқсан.
3.4.Үшінші (қорытынды) кезең-республикалық.
4. Облыстық кезеңде-зерттеу жұмысы қорғалады.Жұмысты қорғаған кезде авторға 10 минут уақыт беріледі. (7 мин баяндауға, 3 мин, сұраққа жауап беру).
5.Конкурстың облыстық кезеңіне Қалалық, аудандық іріктеу кезеңінде бірінші орын иеленген жеңімпаздардан құрылған құрама командалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес әрбір секцияға 1 ғылыми-зерттеу жобасын (кіші жастағы топ-2-4 сыныптар, ересектер жастағы топ 5-7 сыныптар) және әр топтан бір жетекші ұсынады.
6.Конкурсқа қатысу үшін аудандық/қалалық білім беру бөлімі басшыларының және облыстық мекемелер басшыларыныңқолымен куәландырылған сұраныс қажет.
7. Конкурстың қорытынды есептерін және хаттамаларын сондай-ақ облыстық кезеңге жолдама алған оқушылардың жұмыстарының электронды нұсқасы 13 желтоқсан күні syrdaryny@mail.ru поштасына жолдау қажет. (Антиплиагиатқа тексеру үшін)
Жауапты маман оқушылардың қағаз түріндегі жұмысын «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығына өткізеді.14 жетоқсаннан кешіктірілген жұмыстар қабылданбайды.(Эксперттік сараптама үшін).
Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:Қызылорда қаласы Әйтеке би №2 Тел: 87242263071 e-mail: syrdaryny@mail.ru
8. Координациялау жұмысы жүргізіледі, апелляция қарастырылмайды.
9. Зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларды қорғау слайд түрінде өткізіледі. Қатысушы өзінде электронды нұсқасының ашылуына қосымша мүмкіншіліктер қарастырылуы тиіс.
Конкурсқа ұсынылатын жұмыстардың рәсімделуіне қойылатын талаптар
1.Конкурсқа 2-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары келесі секциялар бойынша қабылданады;
1 секция-қазақ тілі мен әдебиеті;
2секция-орыс тілі мен әдебиеті,ағылшын тілі
3 секция-математика,информатика;
4 секция-физика,техника;
5 секция-медицина,психология;
6 секция-тарих,өлкетану,этномәдениеттану;
7 секция-химия,биология;
8 секция-экология,валеология;
9.Робототехника.
2.Әрбір бағыт бойынша зерттеу жұмыстары теориялық, эксперименттік, ойлап тапқыштық негізде болады.Жұмыс қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады.Жұмыстың көлемі 20 беттен аспауы керек. Беттерін нөмірлеу және жиегін қалдыру міндетті.
3.Әрбір жұмыста таңдалған тақырыптың мақсаты мен пайдалылығы, автордың қосқан үлесі, құндылығы мен кемшілігі көрсетілген жетекшісінің және маманнаң пікірі болуы керек.
4.Жұмысты ресімдеуге қойылатын талаптары;
1) жұмыс мәтіні компьютерде WORD, 14 әріп, 1,5 жоларалық, солдан шегініс-2см терілген болуы және мыналардан тұруы керек;
-титул парағы;
– мазмұны;
– түйіндеме (аннотация) –жұмыстың негізгі мазмұнын қазақ және орыс тілдерінде қысқаша баяндау (жұмыстың қандай тілде жазылуына байланысты);
-кіріспе- жұмыстың өзектілігін көрсетеді және тақырыпты, оның мақсаты мен міндеттерін, өткізу орнын таңдауын негіздейді;
– негізгі бөлім: материалдар мен зерттеу әдістері; эксперименттік бөлім; жұмыстың қорытындысы мен оны талқылау;
– әдебиеттерге шолу жасау зерттеу мәселесі бойынша (отандық және шетелдік) әдеби мағұлматтарға қысқаша талдау жасап тұрады;
– қорытынды ( тұжырымдамалар, ұсыныстар);
– қолданылған әдебиеттер тізімі.
2)титул парағында мыналар көрсетіледі;
– жұмыс орындалған білім беру ұйымының толық атауы;
– жұмыстың тақырыбы;
– бағыты;
– орындаушы ( аты-жөні, сыныбы, мектебі,(қаласы) ауданы, облысы );
– жұмыстың жетекшісі ( аты-жөні,ғылыми дәрежесі,қызметі, жұмыс орны);
– жұмыс орындалған жыл.
5. Конкурстың облыстық кезеңде қатысушылар өз зерттеу жұмыстарын және шығармашылық жобаларын қорғау үшін көрнекі материалдар, сызбалар, суреттер немесе макеттер дайындаулары қажет.
Жеңімпаздарды қорытындылау және марапаттау
1.Конкурс жұмыстарын бағалау келесі белгілер бойынша жүзеге асырылады;
– жұмысты орындаудағы жеке орындаушылық деңгейі;
– шығармашылығы;
– сұрақтарға жауаптардың толықтығы;
– тақырыптың зерттеу тереңділігі.
2.Конкурсты қорытындылау финалды өткізу барысында жүзеге асырылады. Жеңімпаздар әрбір секция бойынша екі жас тобы бойынша анықталады;
1) 2-4 сынып оқушылары;
2) 5-7 сынып оқушылары;
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қызылорда облысының білім басқармасының І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломы және «Алғыс хатымен» марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.