«QABILET» қызметі туралы

Биылғы жылдан бастап еліміздің барлық өңірлерінде Н.Назарбаев Қоры, «Елбасы Академиясы»  корпоративтік  қорының «Ел Үміті»  бастамасы аясында  «Qabilet» қызметі жобасы іске қосылды.

QABILET – оқушылардың қабілеті мен кәсіби бағдарларын диагностикалау қызметі. Qabilet қабілеттілікті тестілеу және одан әрі оқыту мен кәсіби даму бойынша кеңес беруді қамтиды.

Жобаның негізгі міндеті – әр отбасына баланың қабілет деңгейін дұрыс бағалауға және оның таланттарын одан әрі оқыту және дамыту бойынша ұсыныстар алуға мүмкіндік беру. «Qabilet» қызметі ата-аналарға балаларының қабілеттері мен дағдыларын ашуға көмектеседі, сондай-ақ заманауи, қарқынды дамып келе жатқан әлемде баланың дамуына ықпал етеді.

Аталған жоба облысымызда өз жұмысын бастады және биылғы  жылы жоба бойынша 10-11 жастағы  оқушылардың қабілетін 4К (сыни ойлау, креативтілік, коммуникация, коллаборация) бойынша тестілеу жүргізу жоспарлануда.

Қызмет тегін ұсынылады және әр оқушыға қолжетімді. Тестілеуден өту үшін qabilet.elbasyacademy.kz сайтына өту қажет. Сайтқа тіркеліп, жеке кабинетте тестілеуден өтеді.

ЖСН білу және өзімен бірге қолданыстағы телефон нөмірі болуы қажет, оған сайтта тіркелгенін растайтын СМС хабарлама келеді.

Тестілеуден үйде өту мүмкіндігі болмаған жағдайда, оқушылар Қызылорда қаласы, Әйтеке би, 2 үйде орналасқан «Дарын» қосымша білім беру орталығына барып, тестілеуді орталықта тапсыра алады.

Сұрақтар туындаған жағдайда «Дарын» орталығына немесе 8 800 080 48 48 нөмірі бойынша Call орталыққа хабарласуға болады. Call орталық сағат 9.00-18.00 аралығында Нұр-Сұлтан қ.уақыты бойынша жұмыс істейді (күн сайын), Call орталыққа қоңырау шалу тегін.